Мысал және аңыз әңгімелері-әдеп нормалары
Сабақтың тақырыбы: Мысал және аңыз әңгімелері-әдеп нормалары.
Оқу мақсаты: 2.1.1.3. Түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтау.
2.1.1.2.мысалдар келтіре отырып ,өз отбасындағы әдеп нормаларын түсіндіру.
Сабақтың басы: мақсат, бағалау критерийі, дескриптор нақтыланады, проблема айқындалады, мотивация туғызу кезеңі
Күтілетін нәтиже:
Білу | Мысал мен аңыз жанрларын еске түсіреді, білетін кейіпкерлерінің атын атайды,әдеп нормалары ұғымын сипаттайды. |
Түсіну | Шығарманың мағынасын түсінеді, жақсы мен жаман әдетті айырып таниды,ол әдеттердің жаман екендігін анықтап бағалайды. |
Қолдану | Мысал мен аңыздың айырмашылығын айтады, мәтінге сүйене отырып әдеп нормаларын анықтайды. |
Талдау | Мысал мен аңызды салыстырады,ондағы ортақ әдеп бейнесін анықтайды. |
Жинақтау | Дұрыс әдеп нормалары туралы ой түйіндейді. |
Бағалау | Дұрыс әдеп нормалары туралы шешім қабылдайды. |
Сабақ құрылымы:
І.Сабақтың басы: мақсат, бағалау критерийі, дескриптор нақтыланады, проблема айқындалады, мотивация туғызу кезеңі (2мин)
ІІ.Сабақтың ортасы (алғашқы кезең): проблеманы шешу немесе мағынаны ашу(жаңа сабақты меңгерту) (10)
ІІІ.Сабақтың ортасы (екінші кезең) операциялық-орындаушылық кезең: бекіту
өздік, топтық тапсырмаларды орындау (23)
ІV.Сабақтың аяғы: меңгерген білімді айқындау, бағалау, проблема бойынша шешім қабылдау: Бағалау, рефлексиялық кезең, эссе (5)
Сабақ типі:
*Интерактивті сабақ
Оқыту әдісі:
*Проблемалық әдіс
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
*Қажетті бастапқы ақпарат береді,алдын ала әзірленген тапсырмалардың орындалуын ұйымдастырады,көмек көрсетеді.
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
*Мысал,аңыз, әңгіме ,тілдік норма,орфографиялық сөздік,түсіндірме сөздік
Оқушыда дағды қалыптастыру:
*Мағынаны меңгереді,логикалық ойлау,ой қорыту,жеке және топта жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Ақпарат көздері:
Негізгі
1.Әдебиеттік оқу:Жалпы білім беретін мектептің 2-сыныбына арналған оқулық.Б.Т.Қабатай.-Алматы «Атамұра» 2017ж;
2. Әдістемелік-нұсқау хат,Жұмабаева Ə.Е. т.б Әдебиеттік оқу. Оқыту əдістемесі. 2-бөлім. Жалпы білім беретін мектептің 2-сынып мұғалімдеріне арналған/Б.ТҚабатай, В.А. Қалиева – Алматы: Атамұра, 2017ж. – 144бет.(ҰМЖ 12-13-бет ,ОМЖ 38-40-бет ,ҚМЖ-18-19бет);
Қосымша
1. Аудиожазба. «Қомағайлық» мысалы, «Қожанасыр мен ашқарақ» аңызы Оқитын диктор Т.Р.Жолдыбаев
Оқушы жетістігін бағалау:
*Операциялық-орындаушылық кезеңіндегі (өзіндік жұмыс,топтық жұмыс) тапсырмаларды орындағаны үшін есептеледі.
Үй тапсырмасы:
- «Дастарқан басындағы әдеп нормалары» эссе жазу.
- Алгоритмі:
- 1.3-4 сөйлемнен тұратын эссе жаз.
- 2.Тірек сөздер: отбасы, жақсы әдет, дұрыс тамақтану, мөлшер.
- 3.Өзіңді-өзің тексер.
- 4. Қатемен жұмыс жаса. /Білім алушының ықтимал жауабы/
Сабақтың ортасы (алғашқы кезең): проблеманы шешу немесе мағынаны ашу(жаңа сабақты меңгерту)
- Сабақтың барысы:
- Тақырып жоспары:
- 1. Мысал, аңыз әңгімелерінің ерекшеліктері
- 2. Мысал, аңыз әңгімелерінің арасындағы байланыс.
- 3. Мысал, аңыз әңгімелерінің құндылығы
- Слайдтар:
9-слайд
Әдеп нормалары
Жағымсыз
Жағымды
11-слайд
Әңгіменің композициясы
ӘҢГІМЕ
1.Оқиғаның басталуы ---------
2.Оқиға қалай дамыды? ---------
3.Оқиғаның аяқталуы. ---------
Бекіту
12-слайд
Әңгіме
Кейіпкері
Әдеті
Мысалда бір жағдаятты мысалға алады.
Көрші
Қомағайлық
Аңызда болған оқиға туралы баяндалады.
Қожанасыр
Ашқарақтық
Өзіндік жұмыс
I деңгей
1. Аңыз бен мысалдың анықтамасын жаз:
Адамға сабақ болатын,тәрбиелік мәні бар, шағын көлемді шығарма - __________
Өмірде болған адамның басына құрылған халық шығармасы- ________________
2.
1) Суреттер әңгіменің қай түріне сәйкес келеді:
1 сурет 2 сурет
1 суретте - ________________ , 2 суретте - ________________ .
2) Неге олай деп ойлайсың?
Мысалда - ________________ , аңызда - ________________ .
3. Тамақсау, қомағай адам - __________ (мешкей, күпті болу, ашқарақ)
4. Тамақты өте көп жейтін адам- __________ (мешкей, күпті болу, ашқарақ)
5. Тамақты шектен тыс көп жеген адамның ауырып қалуы - __________ (мешкей, күпті болу, ашқарақ)
6. __________ бір жағдаятты мысалға алады.
7. __________ болған оқиға туралы баяндалады.
II деңгей
Мәтіннен «Ас біреудікі болғанмен» деген мақалды аяқта, мағынасын түсіндір.
Ас біреудікі болғанмен, __________________________________________________
_______________________________________________________________________
6-слайд
Мысал
Мысал- шағын көлемді, адамға сабақ болатын, тәрбиелік мәні бар шығарма.
ӘҢГІМЕ
Аңыз
Аңыз- өмірде болған адамның басына құрылған халық шығармасы.
- 5-слайд
- Әңгіме түрлері
- Мысал Аңыз Ертегі
- Бабаева Жибек Шамгалиевна
- Құрық орта мектеп-гимназиясы" кмм
бастауыш сыныптың шебер-педагогы - Маңғыстау облысы
- Қарақия ауданы
- Құрық ауылы