» » Өлі табиғаттағы үдерістердің себептері мен салдары

Өлі табиғаттағы үдерістердің себептері мен салдары




Сабақ типі

Білімді бекіту сабағы

Сабақ: 5

Қатысқандар саны:  20

Қатыспағандар саны:20

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары:

Оқушылар орындай алады:

5.4.1.1 өлі табиғатта болатын үдерістерді атау (табиғатта заттардың айналымы, тау түзілу, үгілу)

5.4.1.2 өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістердің себеп-салдарларын түсіндіру

Сабақ мақсаты

Өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістердің себеп-салдарларын түсіндіреді

Сабақ оқытудың мақсаттары

Барлық оқушылар: Өлі табиғатта болатын үдерістерді атайды (табиғатта заттардың айналымы, тау түзілу, үгілу,  климаттық үдерістер);

Оқушылардың көбі: Өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістердің себеп-салдарларын түсіндіреді;

Кейбір оқушылар:  Өлі табиғатта болатын үдерістерінің байланысын анықтайды, қорытынды жасайды.

Бағалау критерийлері:

Өлі табиғатта болатын үдерістерді атайды;

Өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістердің себеп-салдарларын түсіндіреді.

Табиғаттағы заттардың айналымын түсінеді;

Тау түзілу, үгілу процесстерін анықтайды;

Табиғаттағы үдерістердің байланысын қорытындылайды

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар орындай алады:

Өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістердің себеп-салдарларын түсіндіреді

Пәнге қатысты  лексика мен терминология

«Өлі табиғат», « үдерістер», «табиғатта заттардың айналымы», «тау түзілу», «үгілу»,  «климаттық үдерістер», «себеп-салдарлар»

Диалог құруға / жазылымға қажетті  сөздер топтамасы

Өлі табиғатта болатын үдерістерге жатады.....

Тау  түзілу үдерісі ......., оның себебі..............

Үгілу үдерісі....., ..............себептен пайда болады.

  Өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістердің себеп-салдарлары:...............

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік ел» құндылығы: жалпы әлемдік және аймақтық мәселелерді шешудегі ұлттық қауіпсіздік пен біздің еліміздің жаһандық қатысуы

Мектеп құндылығы: ынтамақтастық, сыйластық, еңбек және шығармашылық

Пәнаралық дамыту

Тақырыпқа байланысты кей түсініктерді анықтау барысында физика, география пәндерімен байланыстыруға болады.

АКТ

қолдану дағдылары

Презентация көрсетуде, оқушылардың өзіндік іздеу жұмыстарында АКТ қолданылады

Бастапқы білім

Бұл бөлім  бастауыш  мектепте  енгізілген: Жердің табиғаты мен табиғаттағы тірі және өлі үдерістер туралы білімдердің жалғасы болып табылады. Оқушылар «табиғат үдерістері», «таудың түзілуі» туралы түсініктері қалыптасқан. Оқушылар кейбір табиғат үдерістеріне сипаттама бере алады.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс – әрекеттер

Оқыту ресурстары

Басы

0 – 3 мин

    

5 мин

1 мин

3 мин

5 мин

5 мин

Ынтымақтастыру атмосферасын құру. Оқушылармен амандасып, көңіл – күйлерін қалыптастыру.

Күнге қуанайық/қолдарын жоғары көтереді/

Күлімдеген жүздерге қуанайық/бір-біріне күлімдейді/

Қайырлы таң, оқушылар!  Қайырлы таң, ұстаз! / қолдарынан  ұстау, сәттілік тілеу/

Бүгінгі сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтау үшін өткен тақырыпты еске салу мақсатында жалпылама сұрақтар қою.

 Өлі табиғат үдерістерінің  себептерін болжап көруге оқушыларға мүмкіндік беру.

Ой қозғау» әдісі

Оқушылар табиғатта болатын үдерістер туралы білімдерін ортаға салады. Ол үшін «Түрткі сұрақтар» қойылады:

Табиғатта қандай өзгерістер болады?

Қандай табиғат құбылыстарын білесіздер?

І  тапсырма: «Сызбаны толықтыр!»

1 топ: Cу  айналымы

2 топ: Ормандағы зат айналымы

3 топ: Зат айналымы, кіші айналым, ормандағы зат айналымы

Оқушылар табиғаттағы болып жатқан үдерістердің себеп-салдарларын түрлі суреттер арқылы анықтайды:

Өзін –өзі бағалау

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Белгі

Х

Өлі табиғаттағы удерістердің себеп –салдары

Табиғаттағы зат айналымын атадым

Зат айналымын суреттеп бердім


ІІ тапсырма: «Суреттерді сөйлет!»

І топ: Таулардың  пайда болуының көріністері

ІІ топ: Литосфералық плиталардың  бір –біріне соқтығысуы  нәтижесінде  таулар иапйда болады.

ІІІ топ: Жергілікті жерде орналасқан Алтай  тауының

биік шыңы –Мұзтау.  Биіктігі  -4506 м.  Мұзтау бұдан да биіктеуі мүмкін бе? Оған не кедергі? Жауабыңды дәлелде.

Топтық бағалау

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Белгі

Х

Өлі табиғаттағы удерістердің себеп –салдары

Тау түзілу үдерісі не екенін айта алды

Тау түзілу үдерісінің қалай түзілетінін түсіндіре алды


ІІІ тапсырма:  «Географиялық диктант»

1.Жер бедерін зерттейтін ғылымды .......................деп атайды.

2. Жер қыртысының ..... әсерінен таулар пайда болса, ........ күштерінің әсерінен бұзылып, үгіледі.

3.Үгілудің үш түрі бар. Олар:.............,................,.......................

4. Тау жыныстарының үгілуі және ағзалардың тіршілігі нәтижесінде қалыптасқан жердің үстіңгі  құнарлы қабаты.......деп аталады.

5.Топырақтың бұзылу себебі

______________________

_______________________

_______________________

Жұптық бағалау

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Белгі

Х

Өлі табиғаттағы удерістердің себеп -салдары

Негізгі терминдерге түсінік бере алды

Тау түзілу мен үгілуге әкелетін ішкі және сыртқы  күштерді атады

Үгілудің түрлерін атады


Сергіту сәті.

Жұмбақтар шешу

 ІV  тапсырма: Тест

І  нұсқа

1.Биосфераның ішіндегі заттардың айналымы

А)зат айналымы

В)кіші айналым

С)ормандағы зат айналым

2.Тау жыныстарының бұзылуына әсер ететін  сыртқы күштер

А)күн

В)жел

С)топырақ

3.Су, жел , температураның әсерінен бұзылатын тау жыныстары

А)физикалық үгілу

В)химиялық үгілу

С)биогендік үгілу

4.Судың әсерінен бұзылатын,  еритін тау жыныстары

А)физикалық үгілу

В)химиялық үгілу

С)биогендік үгілу

5. Өсімдіктер және жануарлардың әрекетінен бұзылатын тау жыныстары

А)физикалық үгілу

В)химиялық үгілу

С)биогендік үгілу

ІІ  нұсқа

1.Тау жыныстарының химиялық жолмен  өзгеріске ұшырамай, механикалық жолмен ұсақ бөлшектерге бөліну үдерісі.

А)физикалық үгілу

В)химиялық үгілу

С)биогендік үгілу

2.Атмосфералық газдардың, судың  және ондағы еріген заттардың әсерінен  тау жыныстарының бұзылуы

А)физикалық үгілу

В)химиялық үгілу

С)биогендік үгілу

3.Топырақтың түзілуіне қанша уақыт керек

А)500 жыл

В)700 жыл

С)1200 жыл

4.Топырақтың бұзылу себептері

А)қышқыл жаңбыр

В)су эрозиясы

С)жылу

5.Топырақтың ең жоғарғы құнарлы қабаты қалай аталады?

А)қарашірінді

В)тақтатас

С)гранит

Бір –бірін бағалау

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Белгі

Х

Өлі табиғаттағы удерістердің себеп -салдары

Табиғаттағы зат айналымды атады

Тау түзілу үдерісінің не екенін айта алды

Үгілудің түрлерін атай алды

Топырақ түзілу уақыты мен бұзылу себебін атай алды


Бағалау

Шар жарылды. Не  себепті?

Бүгінгі сабақта

Табиғаттағы зат айналым кіші және су  айналымы, ормандағы зат айналымы  деп бөлінеді, себебі....

Таулардың түзілу себебі?

Тау  жыныстарының  үгілу себебі?

Топырақтың бұзылу себебі?

Кері байланыс

Стикерді жапсыру./Есімдері жазылған/

Үй тапсырмасы: §35 Ауа райы және климат оқу.

 

 

 

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Кіріспе сұрақтар негізінде жаңа сабақ тақырыбын анықтайды. Сәйкестендіру тапсырмаларын орындайды. Берілген түсініктерді ажыратады, мысал келтіре отырып түсіндіре алады.

 Мәтінмен жұмыс (фактілер мен нақты материалдар негізінде)

Суреттік тапсырмалар

Тест

Жауапкершілік, ұйымшылдық, сыйластық сияқты тәрбиелік құндылықтарды топпен және жұппен жұмыс жасау барысында сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? 

Жеткізбесе, неліктен? 

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? 

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? 

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.  

Сабақ мақсатына жетті. Оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп, тапсырмалар әзірленді. Оқушылар белсенді болды. Оқу  мақсаттары зерттеу сұрағына жұмыс жасады. Топтық, жұптық, жекелеген жұмыстар жүргізіліп, сабақ кезеңдері сақталды. Сабақ кезеңдерінде ауытқушылықтар болған жоқ. Оқушылар білімі бағаланып, кері байланыс жасалды.


Мергазина Анар Ерлановна
«Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі»КММ - нің
География, тарих пәні мұғалімі
ШҚО, Катонқарағай ауданы
Катонқарағай ауылы

01 ақпан 2019 г. 28 060 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 230 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 614 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031