Шаңырақ асты – құт мекен
Шеңбер болып тұрамыз жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Танысу арқылы сіздерді «Шаңырақ асты – құт мекен» атты шаттық шеңберіне шақырамын. Шаңырақтағы бір-бір уықтан бәріміз ұстау арқылы өзін таныстыру.
Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық
Уық болып иіліп
Кигіз үйді құрайық.
3)Тәрбиеленушілердің үш тұғырлық тілде өлең шумақтары (II кіші және ортаңғы топ)
Кисибаева Светлана Кундизбаевна
Таным - ақыл,парасат,сана-сезім иесі ретінде адамның ең негізгі басты қасиеттерінің бірі.
Өзін қоршаған ортаны танып-білуге деген ерекше ұмтылыс. Адам айналасындағы әлеуметтік дүниені,табиғи әлемді танып білу барысында олардың ішкі құпиясына үңіле отырып,қасиеттерін анықтап, даму заңдылықтарын біледі,өзінің орнын, басқа адамдармен қарым-қатынасын белгілейді. Яғни, білімі кеңейіп, тереңдей түседі. Міне,осыдан барып,жүйені,шынайы білімге айналдырады. Танымның негізгі мақсаты: ұстаз-тәрбиешінің шығармашылығы, іс-әрекеті рухани дүниені дамытады: әр заттың түр-түсімен,оны құрастыруын санаға, ой арқылы, идея тастау арқылы орындауы, белгілі бір жүйеге келтіруі.
Ендеше танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп,рухани баюы деп есептеуге болады. Сонымен таным дегеніміз адамның дүниені рухани тұрғыдан меңгеру процесі.
Таным апталығының мақсаты: Заттар,табиғат,адамдар әлемге деген қызығушылықтарын қалыптастыру және олармен әрекеттесуі туралы білімдерін кеңейту.
Міндеттері:
Білімділік: Білімнің қазіргі кездегі рөлін көрсету.
Дамытушылық: Тұлғаның танымдық мәнді санасын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Танымдық іс-әрекетте пайда болатын қатынаста қоғамдық белсенділікке баулу.
«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны: ол Сенсорика, Құрастыру, Жаратылыстану және Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
- Тренинг: педагог-психолог: «Жақсы көңіл күй сыйлаймын». Булегенова Маржан Кайратовна
- Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі (ҰОҚ)
- Ортаңғы (б) «Бауырсақ» тобының «Қызықты математика» тақырыбында: Амантаева Бибігүл Жүнісбекқызы
- Рефлекция.
- Кофе – брейк.
- Кисибаева Светлана Кундизбаевна
КМҚК №14"Балдырған" бөбекжайының - əдіскері
- Жезқазған қаласы
- Қарағанды облысы