» » Әке, Ана үш-ақ әріп тіршілік, Үш әріптен үлбірейді гүл шығып

Әке, Ана үш-ақ әріп тіршілік, Үш әріптен үлбірейді гүл шығып

 






Мақсаты: Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Тәрбиенің ең тамаша жері - отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі алатын орнын, жеке тұлғаның оқу - тәрбиеге жауапкершілігін арттыра отырып, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты арттыру

Коучтың іс-әрекеті

Қатысушының

іс-әрекеті

Уақыты

Ресурстар

Кіріспе

  І Танысу  (Шаттық шеңбері)

.

Шарты:Қатысушылар  шаттық шеңберіне шығады.

Нұсқау:  Әр қатысушы өз есімдерін атап,бүгінгі  қасиетті жұма күніне жақсы тілектерд і айтады Мысалы: Менің есімім-Назым, мен бүгінгі күнге тек сәттілік тілеймін

         Сіздермен танысқанымызға өте қуаныштымыз, қол шапалақтап, бір-бірімізге құрмет көрсетейік

.

Топ құру: Ленталар арқылы топқа бөлу

Әр ортада түрлі қызыл,жасыл,сары қорапшалар тұр.Қолындағы ленталар арқылы орындарыңызға жайғасуға болады

Тапсырманы орындайды

Түстерге қарай өз орындарын тауып отырады

Қызыл түс «Ана»  тобы

Сары түс «Бала» тобы

Жасыл түс «Отбасы» тобы

3 минут

2 минут

Қызыл,сары,жасыл ленталар, қоржын, қорапшалар,киіз үй

Негізгі бөлім

І. ІІІ. «Біздің бала  » бейнебаян 

  • Осы бейнебаянды көріп отырып, ой түйіп отырыңыздар.
  • Осы бейнебаяннан алған әсерлерімен бөлісу.
  •  

IV. «Сөздерді алмастыр»

Ата-аналардың баламен қарым - қатынасында баланың үмітіне балта шабатын, кінәлайтын сөздер беріледі. Осы сөздерді олардың өз күшіне сенім тудыратындай, жақсы қолдау көрсете алатындай сөздермен алмастыру керек. /әр топқа екі сөйлемнен беріледі/

Постер қорғалады

1 топ  «Бала»

1. Сенен ешқандай жақсылық шықпайды, нөлсің.

2. Неге сен басқа балалардай емессің?

2-топ «Ана»

1. Тағы осылай істесең, менен таяқ жейтін боласың.

2. Сенің кесіріңнен өмірі жолымыз болмады.

3 –топ «Отбасы»

6. Жұмысыма барарда сенің мектебіңнің жиналысы

да жағаласып қалды ғой.

7. Айтатының ылғи өтірік, сенің сөзіңе қалай сенемін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

V Рухани жаңғыру отбасынан басталады

Отбасының басты қазығы , алтын тіреу діңгегі – бала екен . Баланың тәрбиелі болып өсуіне отбасының әсері мол . Сондықтан , бала тәрбиесінің қамқоршысы , өнегесі – ата- аналарымыз екен .Ата- ана ның балаға берер тәрбиесі мол

Биылғы елбасымыздың қолдауымен рухани жаңғыру аясында көптеген істер атқарылуда.Соның бірі отбасы тәрбиесіне де байланысты. (слайд көрсетіледі)

Ата-бабамыздың салт-дәстүрі,қалдырған мұрасын біз қалай балдарымызға жеткізіп жүрміз.Міне сол мақсатқа байланысты  сіздердің алдарыңызда қорапшалар тұр.Сол қорапшаларды ашсақ екен.

1 топ  «Бесік»

2 топ   «Домбыра»

3 топ «Қамшы,ұршық» 

осы заттарды балаңызға қалай түсіндіресіз.Сахналық қойылым немесе ән шырқауына да болады

 

VII  Салт дәстүрге байланысты слайд көрсетіледі

 

Сергіту сәті: 

Қазақтың киелі домбырасымен  қазақтың халық әдерінен ән шырқалады

Қатысушылар теориялық мағлұматтар алады.

Қатысушылар ортаға өздеріне  берілген тапсырмаларына өз ойларын айтып,постер қорғайды

 

Ата-аналар осы сөздерді былай алмастыруына болады:

1. «Сенің де қолын өмірде бір нәрсеге жететініне сенгім келеді. Оқу озаты немесе оқу екпіндісі боласың» - деп, үміт артуы керек.

2. «Сенің де басқалардан өзгеше болуыңа құқың бар, сенің де қолыңнан келеді» - деп, сенім артуы керек.

3  «Біз саған қиыншылықты жеңуге көмектесеміз, екіншілей жаман қылық жасама».

4. «Үлкендердің өмір жолында болып жатқан ыңғайсыз жағдайларға сен кінәлі емессің. Сенің болашағың алда, үлкен ғалым боласың, жақсы дәрігер, білімді ұстаз болуды арманда» және ата-анасын сыйлау керек екенін айтып отыру керек.

5. Балам бүгін жұмыстан сұрана алмаймын, бос уақытымда сынып жетекшіңе барып жолығамын

6. Қателеспейтін адам болмайды, мен саған сенемін, сырлас болайық. .

Міне, осындай біз көңіл аудара бермейтін қарапайым нәрсенің өзі немесе ойланбай айтылған ұрыс сөзі де баланың жанын ауыртуы мүмкін, өмір сүру ағынын өзгертуі де ғажап емес. Бала жат қылықтарға бой алдыруы мүмкін..

Қатысушылар алдындағы заттарға қарай отырып,сол заттарды қорғaйды

Қатысушылар бірге шырқайды

5 минут

5 минут

10 минут

13 минут

бейнеролик

Плакат,маркерлер

Парақтар

Домбыра,бесік,қамшы,ұршық

Слайд

Қазақтың киелі домбырасы

Қорытынды 

 

VІI. Шаңырағым-шаттығымБаспана болмаса , ешбір тіршіліктің мәні жоқ деп ойлаймын .Отбасы шаңырақтан құралады .Ендеше өз баспанаңыздың шаңырағы биік , босағасы берік болу үшін қандай қасиеттерді қалар едің із ? Үй моделін жасау мақсатында ата- аналардың ой – пікірмен үй құрылысы тұрғызылады.

Шарты: Үй моделін жасау мақсатында ата-аналар шаңырақты биікке көтеріп лентаға қасиетті сөздерді жазып жақсы тілекпен шаңырақ жиектеріне іледі.

Міне ,қонақтар  отбасы- адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі.Отбасының беріктігі ең бірінші шаңырақ көтерген екі адамның бір-біріне деген сүйіспеншілігі, сенімділігі, жауапкершілігі, құрмет-сезім қасиеттерді бойына дарытып нағыз босағасы берік отбасы бола алады.Сондықтанда босағамыз берік,шаңырағымыз биік болсын,-дей отыра мына өлең шумақтармен аяқтасақ (барлығы бірге хормен айтады)

Әке, Ана үш - ақ әріп тіршілік,

Үш әріптен үлбірейді гүл шығып.

Үш - ақ әріп дүниені танытқан,

Үш - ақ әріп қойған екен жыршы ғып - дей келе бүгінгі сабағымызды  аяқтаймыз.

VІІI. Сабақтан  алған әсерлерімен бөлісу

Кері байланыс «Жеміс» әдісі

Қатысушылардан өз қолдарындағы ленталарға ізгі тілектерін жазып,шаңыраққа іледі

3минут

5 минут

ленталар

Смайликтер

Ағаш макеті    










  Курбанова Камила Османовна

№83 А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі

бастауыш сынып мұғалімі

Түркістан облысы
Сайрам ауданы
Қарасу ауылы


                                             



06 ақпан 2019 г. 5 766 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 13 739 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 347 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930