«Мәңгілік ел жастары индустрияға» - «Серпін - 2050» жобасы туралы ақпарат
«Мәңгілік ел жастары индустрияға» - «Серпін -2050» жобасы бүгінде еліміздегі ең танымал әлеуметтік жобалардың бірі, - деп хабарлайды "Edunews.kz" Ақпараттық Агенттігі.
Жоба аясында еліміздің оңтүстік өңірлерінің жастары,өндіріс орындары дамыған, жұмысшы күшіне қажеттілік қалыптасып отырған Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Қарағанды өңірлерінің жоғарғы оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында тегін білім алып, тұрақты жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді. Серпін жобасына Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облысы, Жамбыл, Алматы облыстарының жастары қатыса алады. «Серпін» әлеуметтік жобаның үш маңызды тұсы бар. Біріншісі, индустриалды-инновациялық жобаларға мамандарды даярлау:жұмыс күші мол аймақтардағы жастарға сұранысқа ие кәсіби білім беруді ұйымдастыру; Жұмыс күші мол аймақтардағы жастарды жұмыс күші тапшы аймақтардағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқуға тарту;
Екіншісі, кәсіптік бейімделу: қоғамды «Серпін» жобасын іске асыру барысымен ақпараттандыру; техникалық және кәсіптік білім берудің беделін арттыру;
жастардың жұмысшы кәсіптер (мамандықтар) алуға деген оң көзқарасын қалыптастыру;Үшіншісі, жастардың әлеуеттік және жұмыссыздық мәселелерін шешу:
жоба түлектерін жұмыс күші тапшы аймақтарда жұмысқа орналастыруға ықпал ету;
жастардың еңбекпен және жұмыспен қамту саласындағы жағдайларының қамтамасыз етілуі;
жастардың тұрғын-үй мәселесін шешу тетіктерін әзірлеу.
Жоба биыл 5-ші жыл жүзеге асырылғалы отыр. Жыл сайын жобаға қатысатын оқу орындарының желісі де артып келеді.
2014 жылы 25 колледж, 7 жоғарғы оқу орны болса
2015 жылы 33 колледж, 19 жоғарғы оқу орнын құрады
2016 жылы 30 колледж, 22 жоғарғы оқу орын
2017жылы 38 колледж, 26 жоғарғы оқу орын
2018жылы 25 колледж, 24 жоғарғы оқу орынға жетті.
«Серпін-2050» әлеуметтік жобасы аясында Жамбыл облысынан:
2014 жылы - 172, 2015 жылы – 443, 2016 жылы – 262,
2017 жылы- 283, 2018 жылы-224 барлығы 1384 білімгер оқуға түсті. Оның: 1169-ы жоғарғы оқу орындарына, 215-і колледждерге педагогикалық, техникалық, технологиялық, ауылшаруашылығы, медициналық мамандықтар бойынша білім алуда.