Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруда замауи тәсілдерді қолдану қажет
Білім беруді дамытудың инновациялық орталық жоспарына сәйкес тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары үшін «Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруда замауи тәсілдерді қолдану» тақырыбы бойынша онлайн-семинар өтті.
Семинар жұмысына Павлодар облысы білім беру басқармасының тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің басшысы, Ибраева Г.Р. 2019-2020 оқу жылының білім беру ұйымдарында жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша нормативті-құқықтық тұрғыда түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Қашықтық білім беру технологияларын қолдану жағдайында тәрбие жұмысын үйымдастыру» бойынша орталықтың тәрбие жұмысы және тұлғаны әлеуметтендіру бөлімінің басшысы, Аушахманова Б. Т. компьютерлік-ақпараттық технологиялар арқылы білім алушылармен тәрбие жұмысын қашықтық түрінің ұйымдастыру түрлерін және тәрбие үдерісінде ақпараттық-компьютерлік технологиялардың оң жақтарын атап өтті.
«Жобалар арқылы жазғы демалысты ұйымдастыру» тақырыбы бойынша Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицейінің тәрбие жөніндегі директордың орынбасары, Казиева Б.Ә. пандемия кезінде жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша «10 кітап», «Мінбер», «Экодизаин», «Зияткерлік зона», «Ерекше талант», «+5» жобаларын ұсынып күтілетін нәтижелерін белгіледі.
«Жобалау қызметі - жазғы демалысты ұйымдастыруға инновациялық және дәстүрлі тәсілдерді интеграциялаудың бір формасы» тақырыбы бойынша Павлодар қаласының №19 жалпы орта білім беру мектебінің тәрбие жөніндегі директордың орынбасары, Кульбекова Ш. М. онлайн режимінде тәрбие жұмысын ұйымдастырудың 7 модулін ұсынып, әр модулдің ерекшелігін сипаттап, ерекше «Ұлағат көзі» модулі «Ұлы даланың жеті қыры» жобасын онлайн режімінде іске асыру алгоритмімем таныстырды.
«Волонтерлық – патриотизмнің жоғары көрінісі» тақырыбы бойынша отралықтың тәрбие жұмысы және тұлғаны әлеуметтендіру бөлімінің әдіскерлері: Мундуинова К. А., Кожина З.С. еріктілердің жұмыс істеу бағыттары бойынша кеңес беріп, онлай режимінде жазғы демалысты ұйымдастыруда ұсыныстар берді.

Онлайн-семинар бағдарлама аясында жазғы демалыстың өзекті үрдістер талқыланып, тыңдаушыларға ұсыныстар берілді.
Дереккөз: edunews.kz Ақпарат Агенттігі.