» » Аутизмі бар балалар мен олардың ата-аналарына психологиялық көмек беру жолдары мен әдістері

Аутизмі бар балалар мен олардың ата-аналарына психологиялық көмек беру жолдары мен әдістері

Аутизмге шалдыққан баланың өз проблемасын жеңуіне мамандар мен қоғамның барлық өкілінің көмегі ауадай қажет, мұндай баланың қоғамда басқа адамдармен бірге өмір сүруге үйренуіне мүмкіндігі бар.

Аутизм. «Әлем баршаға ортақ» аутизмді түзетудің екі әдістемесін енгізілген. Біріншісі – классикалық, бұл жағдайда баламен әлеуметтік-коммуникативтік  және танымдық, тілдік және күнделікті өмірдің дағдыларын пысықтайды. Сонымен бірге баламен 4 маман жұмыс істейді: психолог, дефектолог, логопед және педагог. Жұмыстың екінші әдісі – бұл АВА терапия, бұл мінез-құқықтың тілдік және базалық дағдыларын бағалаудан тұрады, осылайша әрбір балаға жеке педагог-ассистент қарастырылған. Барлығы 544 дағды бөлінген, олардың негізінде әрқайсысына жеке бағдарламалар құрайды.

Жалпы аутизмді түзетудің бірқатар әдістері бар. Олар: ABA, TEECCH, Son – rise, заттық терапия (сенсорлық интеграция және стимуляция).

АВА туралы және оның аутизм үшін неге жиі қолданылатынын біліңіз.

Бүгінгі таңдағы аутизмі бар балаларды түзетудегі тиімді әдістердің бірі ол – ABA  (Applied behavior analysis), мінез – құлық терапиясы немесе мінез – құлықты қолданбалы талдау (анализ) әдісін атауға болады.

АВА – терапия бұл – мінез – құлық технологиялары мен оқыту әдістеріне негізделген қарқынды оқыту бағдарламасы.  АВА ғылыми тұрғыда адамның мінез – құлқын өзгерту үшін, мінез – құлыққа  қоршаған орта факторларының әсерін зерттей отырып, осы факторлармен әрекет етеді.

Аутизмі бар балалармен жұмыс істеуде АВА әдісін алғаш болып 1963 жылы Лос - Анджелестегі Калифорния университетінің докторы Ивар Ловаас пен оның әріптестері қолданған болатын. Кез – келген мінез – құлық өзімен кейбір салдарларды алады, егер балаға мінез – құлық ұнаса, ол бұл мінез – құлықты қайталайды, ұнамаса қайталамайды, осы әрекеттер негізге алынды.

Осыған орай, сөйлеу, шығармашылық ойын, көзге тура қарай алу сияқты барлық күрделі дағдылар – іс – әрекет деген ұсақ блоктарға бөлінеді. Әрбір іс – әрекет әуелі баламен жеке – жеке оқытылады, сосын әрекеттер қабаттаса байланыстырылып, күрделі әрекеттер тізбегін құрады. Ересек баланы ынталандырмай, керісінше жеткілікті түде оның қызметін қатаң басқарады. Дұрыс орындалған іс – әрекеттер автоматты дағдыға енгенше бекітіледі, ал дұрыс еместері қатаң түрде жойылады.  Көздеген мінез – құлыққа жету үшін  оң да, сондай – ақ теріс те көмектер мен ынталандырулар қолданылады. Бала тапсырманы қай ортада және кімнің нұсқау бергеніне қарамастан 80 пайызға қатесіз орындай алса, онда оны дағдыға бекітілді деп санауға болады.

АВА әдісі бойынша оқыту бағдарламасының шеңберінде бала әркез бақылауда, оның еркіндігі мен өзіндік бастамалары оқытатын ересек қалауына қарай шектелген. Әр бала үшін кезеңдік дамудың жеке жоспары құрылады. Бала бір уақытта бір – бірмен байланыссыз 2 – 3 дағдыны меңгеруі мүмкін. Сондықтан педагогқа барлық жаңа дағдыларды күрделендіру мен кезеңдік меңгеруінің айқын жүйесін   құру көзделеді.

АВА – ның соңғы мақсаты – балаға қоршаған әлемді өз бетінше танып – білуге жағдай жасау.

АВА арсеналында жүздеген бағдарламалар, оның ішінде: вербальды және вербальды емес еліктеулер, жалпы және ұсақ моторика, тілді түсіну, заттарды атау, іс – әрекеттерді атау, заттарды жіктеу, «сен қалай ..., көрсетіп бер», есімдіктер, «Не?», «Кім?», «Қайда?», «Қашан?», «Қалай?» сұрақтарына жауап, «иә» және «жоқ» сөздерін қолдану, және басқалары.  Бұл бағдарламалар ішіндегі жоғары дәрежедегілері: «Егер ... не болады? Айтып бер» (іс – әрекеттің алдын ала нәтижесін біледі),  «Тарихын баянда», «(құрбысының есімі) сияқты істе», «(құрбысының есімін атап) бірге ойнауға шақыр» әдістері.

АВА -  терапияда ерте балалық шаққа (1,5 – 3,5 жас), мектепке дейінгі және мектеп жасындағыларға, жеткіншектер мен ересектерге арналған бірнеше терапиялық моделдер бар.

Теріс мінез – құлықпен ол әлі санада бекітілмей тұрған кезде, ерте балалық шақта түзету жүргізу тиімді.

Бала негізгі мінез – құлық дағдыларын меңгеруі және дамудағы артта қалушылықты жеңу үшін ерте араласу бағдарламасы қарқынды түрде аптасына 30 – дан 40 сағатқа дейін болуы керек.

АВА бағдарламасын жүргізуші маман ең әуелі баладағы мінез – құлық мәселесін анықтайды, сосын нәтижесінде бағасы шығарылып, оқыту стратегиясы  жасалатын «өлшеулер» жүргізеді (мінез – құлықты бақылайды, танып біледі).  

АВА жүйесі бойынша оқыту кезінде бір күнде баламен әртүрлі бағыттағы бірнеше маман (мінез – құлық дағдылары бойынша дефектолог, музыкатерапевт, арттерапевт) жұмыс жасайды. Ал бақылауды әдістеме бойынша маман жүзеге асырады. Мамандар баламен реттілікпен 2 – 3 сағаттан (осы уақыт арасында 5 – 6 бағдарламадан) айналысады. Бір күн ішінде баламен 2 – 3 маман реттілік бойынша жұмыс жасауы мүмкін. Жұмыс күніне баламен 5 – 6 сағат жүргізіледі. Бағдарлама бойынша, мамандардың іс – әрекетімен үйлестіріле отырып, баламен жүргізілген барлық іс - әрекетттер ортақ журналға жазылады.

АВА әдісін оқыту мекемелерінде, балалар үйірмелерінде, үйге жүргізуге болады. Сабақтар жеке немесе топтық: кіші топтарда (2 – 3 бала) және үлкен топтарда (5 – 6 бала) болуы мүмкін.

Әдістемені негіздеуші Ивар Ловаастың нәтижелері бойынша АВА – ны оқып, бітірген балалардың жартысына дерлігі жалпы мектептерде оқуға мүмкіндік алады. Және барлық баланың 90 пайызға жуығы өз жағдайын жақсартады .

Son – Rise бағдарламасы. Бұл 35 жыл бұрын ұлдары Раунның (Raun) аутизм диагнозына жауап ретінде ата – аналары Барри Нейла Кауфман мен Samahria Lyte Кауфманның  шығарған бағдарламасы болатын. Son – Rise бағдарламасының авторы Барри Нейла Кауфман болып табылады. Аутизмнен толық сауыққан Раун Кауфман қазір Американың аутизмді емдеу орталығында ғаламдық білім беру директоры. Son – Rise бағдарламасы әлемнің 78 елінде шамамен 25000 балалар мен ересектерді емдеуге көмектескен. Бұл бағдарлама баланың өзіндік сарынына сүйенеді. Ересек  баланың аутистік әлемін бұзбай оның қайталаушы және дәстүрлі әрекеттеріне жаңа түсініктер мен саналылық бере отырып, оның әлеміне қосылады.

Сенсорлық интеграция мен стимуляция әдісі(СИС, заттық терапия). Денедегі барлық жүйке жүйелерінен миға түсетін сигналдар байланысы мәселесімен айналысады.

Сонымен қатар, аутизмді түзетуде – құм терапиясы, кинезотерапия сияқты, жай – күйімен, массажбен, активті – пассивті гимнастикамен емдеу әдістері қолданылады.

Аутизмді түзетуде анималотерапия  (латын тілінен аударғанда «animal» жануар), яғни психотерапиялық көмек көрсету үшін жануарлар мен олардың бейнелерін қолданатын терапия түрі. Оның ішінде: дельфинотерапия, иппотерапия (жылқымен қарым – қатынаста болу), канистотерапия (итті қолдану арқылы жүргізілетін терапия) сияқты түрлері бар.

Аутизмді емдеп – жазуға арналған дәрі – дәрмекпен емдейтін әдіс жоқ. Дәрі – дәрмекпен емдеу ілесе жүретін мәселелер: агрессия, жалықтырушылық, тартылу, мазасыздық, көңіл – күйдің өзгермелілігі, гипербелсенділік және т.б. шешуде тиімді болар еді.

«Холдинг – терапия». Соңғы уақыттарда аутист балаларды түзету жұмыстарында Батыста «холдинг - терапия» (ағылшын тілінен «hold» - ұстау) деген атпен танылған әдісті қолданамыз. Әдіс эмоционалды бұзылыстарды түзетуде қолданылады. Бірақ алғаш ерте жастағы балалар аутизмінен зардап шегетін балаларға жасалып, қолданылды. Бұл әдістің авторы дәрігер Марта Велш.

Холдинг емінде ана баланы өзіне жақын тартады, оны құшақтайды және бетпе бет қатты ұстап тұрады.

Аутист бала бірден қарсылық танытады. Ол жұлқынады, төбелесіп, тістеп, түкіруі мүмкін. Анасы берілмей, оны жібермей көзімен байланыс орнатуға тырысуы керек. Қызығы, баланың қарсылық күші анасының күшінен асыртпайды. Егер бала анасының құшағынан шығып кетсе, ол қашып кетпей «айқастың» жалғасын күтіп тұрады. Аналар балаларын тынышталдырып, өзіне қарай тартып, көзіне қарағанша жібермей ұстаулары керек.  Бұл жағдай холдингтің 1 сағат шамасында болады. Бала бұл кезде тек анасымен ғана емес, жанындағы басқа үлкендерменде қатынаса бастайды, сөйлеу тілін белсенді қолданады. Сабасына келіп, бала ұйықтап кетуі де мүмкін, бұл да холдингтің жағдайдан жол таба білудегі жағымды жағы. Дәрігер Велш холдингті күніне бір рет өткізуді ұсынады (бала көңіл – күйіне қарамастан барлық жағдайда).

Мүмкін болса отбасы мүшелерінің барлығын қатыстыру керек. Мұнда анасы баласын ұстап тұрады, ал әкесі (немесе әжесі, т.б.) анасын демеп тұрады. Анасы қолына аутизммен ауыратын баласын ұстап тұрғанда, әкесі қалған балаларын (бауырларын, қарындастарын) ұстауына болады.

Дәрігер Велштің тәжірибесі кез – келген жағдайда, ерте жастағы балалар аутизмі кезіндеде холдинг – терапия қалыпты нәтижелер бергенін тұжырымдады.

Холдинг – терапия кемістікті жоюға жағдай жасады, ал уақыт өте келе  аутизмді толықтай жеңуге, мазасыздықты төмендетуге, қорқыныштарды, агрессияны жеңуге жағдай жасады. Холдинг – терапия баланың эмоционалды жағдайын жақсарта отырып, әрі қарай дамуына серпіліс берді. Көп жағдайларда 4 – 5 жастағы күрделі аутизмді, психикалық дамуында күрделі артта қалушылығы бар балалар 3 – 4 жылдан кейін жалпы мектептерге бара бастады. Сонымен қатар, құрдастарының сөйлеу тілі және зияткерлік дамуларымен қатарласып қана қойған жоқ, біртіндеп қажетті әлеуметтік дағдыларды да игерді.

Отбасы адамзат қоғамының кіші функционалдық бірлігі болып табылады. Отбасының пайда болуы рулық құрылыстың құлауы және объективті әлеуметтік – психологиялық себептерден туады.

Мүгедек балалардың жанұяда тәрбиелеудің бір -біріне қарама - қарсы екі түрі кездеседі. Олардың бір түрі «шектетілгендер», яғни ата -анасы баланың жан -жақты, материалдық жағынан толық қамтамасыз етеді, бірақ оның ішкі әлеміне үңіліп рухани қажеттіліктеріне терең бойлай бермейді. Тіпті кейде баланы жазалайды. Мұндай отбасындағы балалар іштей күйзеліске түседі, ата - аналарының сүйіспеншілігіне, махаббатына лайық емеспіз деп ойлайды. Олардың көңіл - күйі түсіп, өз-өзіне сенімсіздік пайда болады.  Осыдан келіп балалардың тіл дамуында, танымдық қызметінің қалыптасуында, тәрбиесінде әр  түрлі кемшіліктер пайда болып, зияты төмендеп, білім деңгейі тежеледі. 

Екінші бір жағдай баланы шектен тыс қамқорлыққа алу, мұндай ата-аналар бала алдындағы «кінәсін» сезініп оны тым бос ұстап, еркелетеді. Кез – келген  өтінішін орындауға тырысады. Мұндай ортада өскен бала бұйығы келеді. Өз - өзіне  сенімсіз, әлжуаз болып өседі. Мұндай балалар әлеуметтік даму жағынан түрлі қиындықтарға тап болады.  Дамуында ауытқушылығы бар немесе мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеуші ата – аналардың  басына түскен ауыртпашылықты азайту мақсатында үкіметіміздің 6 балаға бір әлеуметтік қызметкер беруі балалар мен олардың ата – аналары  үшін үлкен көмек. Бұл қызметкерлер аудандық еңбек,  жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінен келеді және арнайы инклюзивті қолдау кабинеттерге арнайы мамандарға жолдама арқылы жіберіледі. 

Аталған қызметкерлер білім алуда ерекше қажеттілігі бар балалардың ата – аналарына  оларды дұрыс дамыту және тәрбиелеу мақсатында төмендегідей ұсыныстар береді:

1. Баланың ерекшелігін дұрыс түсініп, қабылдаңыз;

2. Балаңызға үнемі шыдамдылық пен сүйіспнешілік танытыңыз;

3. Әрқашан өз-өзіңізге сенімді болып, балаңызға ішкі жағымсыз қобалжу ларыңызды көрсете бермеңіз;

4. Үй тұрмысына байланысты жұмыстарды балаңызбен бірге атқаруға тырысыңыз;

5. Баланың өз құрдастарымен жиі қарым – қатынаста  болуына ықпал жасаңыз.  Қоршаған ортамен қарым-қатынасыңызды үзбеңіз;

6. Егер балаңыздан ойыңдағыңыздай нәтиже шықпаса ренжіп,  өкінбеңіз. Нәтиже міндетті түрде болады;

7.  Балаңызға көмек беретін арнайы мамандармен тығыз байланыста болыңыз.

Қазіргі таңда бүгінгі қоғамның әлеуметтік мәселелері мен психологилық дисгармонияларынан туатын отбасылық дағдарыстар бақылануда. Сондықтан отбасымен жұмыс жасау психологиялық коррекцияның маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Оның негізгі сипаттамасы болып: қызметі, құрылысы және динамикасы табылады.

Кез – келген отбасы үшін дамуында тежелісі бар баланың дүниеге келуі  - ауыр жарақаттаушы фактор. Әлемдегі барлық отбасылардың ішіндегі аутизмі бар баланы тәрбиелеуші отбасы басқа бұзылыстары бар балаларды тәрбиелейтін отбасылармен салыстырғанда аса зардап шегуші болып табылады. Бұл үшін объективті себептер де бар:

бала жағдайының барлық ауырлығын кенеттен ұғыну;

аутизмі бар балаларға қандай да бір көмек жүйесінің болмауы;

аутист баланың отбасы тіпті жақындарының да адамгершілік қолдауынан айырылған;

балаға деген аса тәуелділігі үшін анасының уақыты мен жеке бостандығының шамадан тыс шектеулілігі;

ата – аналарына жеткілікті түрде эмоционалды әсер бермейді (анасының көзіне қарамайды, қолда болғанды ұнатпайды, тіпті анасын көп адамдардың арасынан айырмайды).

Үй жағдайында баланы тәрбиелеуде орны мен уақытын белгілеуде жиі қойылатын сұрақтар:

Ата – аналарға үйді сәйкестендіріп ойластыруды қолдану керек па?

Біздің тренингтік сессиямыз кезінде ортаны жедел ұйымдастырылған сыныпта  бейімділік. Біздің тәжірибеміз ата – аналарға дем береді. Біз тәжірибелі мамандар жетекшілігімен үй жағдайында кеңістік пен апта күндерін бағдарлауды үйренген көптеген адамдарды білеміз. Әрине, үй жағдайында ата – аналар мектеп жабдықтарын жасайды деп ешкім айта алмайды. Ата – аналармен жұмыс жекелеген негізде олардың қажеттіліктері мен басымдылықтарын, сонымен қатар, бүкіл отбасының тұтастай жағдайын есепке ала отырып  жүргізіледі.

Мұндай ойластырулар аутизмнен зардап шегетін баланың танымдық іс – әрекетін дамытуға мүмкіндік туғызады ма? Аутист балаларда шамадан тыс қалыптастырылған шартты рефлекстер негативті нәтижелерге әкеліп соқтырмайды ма?

Бұл сұраққа мен: егер мен сізбен сөйлесіп тұрсам, сіз мені түсінесіз, осы кезде сізде шартты рефлекс қалыптасады деп ойлайсыз ба? деген сұрақпен жауап беруді қалар едім. Әрине жоқ. Біздің ойластырғанымыз тек қарым – қатынастың құрал – жабдығы ғана болып табылады.

Тілді түсінбейтін немесе сөйлеу әрекетінде қиындықтары бар адамдар ым тілін түсінуді үйренеді. Кез – келген тілді үйрену үшін алғашқы қадам оны түсіну болып табылады. Ол жүйені қалай түсіне бастайды, солай оны белсенді қолдана да бастайды. Біз үйде немесе мектепте өз кестесін өздері құрған кездерін білеміз. Әуелі – тамақ ішу, сосын – музыка, бұдан кейін – бассейн, бұның соңынан – ат үйрету мектебіне, сосын дүкенге бару, т.с.с. Балалардың бұл жүйеге үйренгенін көре отырып, біз үлкен қанағаттану сезімін бастан кешіреміз. Сөз жоқ, олар кестені қатаң ұстанған кезде, әсіресе, күн тәртібі өзгермейтін әрекеттердің тізбегінен тұрса қауіп туады. Сондықтан балаларды өзгерістер мен таныс емес жағдайларға үйрету өте маңызды. Балалар күн тәртібінің символдық мағынасын түсінсін деген мақсатпен, біз оларға күнделікті күн тәртібінің өзгерісін түсіндіру үшін заттық немесе суреттік құралдар арқылы хабарлаймыз. Кесте жүйесін мектеп, үй сияқты басқада жерлерде қолдануға болады. Соңында оқушының жұмыс кестесі әр түрлі уақыт кезеңіндерін: бірінші күнділікті күн тәртібін жоспарлаудан, ол одан кейін аптаны жоспарлаумен күрделенеді, кейін айды, тіпті бір жылды қамтуы мүмкін. Бірақ біз қанша күш жұмсап үйретсек те, алға қарай жылжуымыз оқушының өз бетінше жұмыс істей алу дәрежесіне тәуелді екенін алғаш байқап отырған жоқпыз.

Кестені қолдануды қай кезде тоқтату керек? 

Кесте жүйесінен өте ерте бас тарту арқылы біз адамды осынша күш жұмсап қалыптастырған  сенімділік пен тәуелсіздігінен айыра аламыз. Мамандар пікірі бойынша, күнделікті іс – әрекетті баланың жатқа білуі негізінде, кестені тым асығыс алып тастау қауіпті болуы ықтимал.

TEАCCH (Treatment and Education of Autistic and related Communication handicapped Children) әдістемесі – аутизммен шардап шегетін және қарым – қатынасында бұзылысы бар балаларды емдеу мен оқыту. 70 – жылдары Солтүстік Каролина штатының университетінде Э. Шеплор, Р. Райхлер және Г. Месибовтармен бастамасы құрылған. Қазір осы және басқа да көптеген штаттарда мемлекеттік болып табылады. Сондай – ақ, Еуропа, Азия мен Африканың көптеген елдерінде кең таралған. TEACCH – бағдарламаны оперантты оқытумен(оперантным обучением) салыстырғанда, бұл бағдарламаның тұжырымдамалық өзіндік ерекшеліктері бар. Аутизмі бар балалардың психикалық ерекшеліктерін мұқият зерттей келе көптеген шетелдік авторларды: аутизмде ойлау, қабылау және психика нормамен салыстырғанда тұтастай мүлде басқаша ұйымдастырылған деген қорытындыға алып келді. Психиканың мұндай ерекшеліктері қиынға соқтырады, ал ауыр жағдайларда баланың әлемге бейімделуіне кедергі жасайды. TEACCH – бағдарламасы қолдаушыларының пікірі бойынша баланы әлемге бейімдеуді күшейтуге емес, ондағы бар ерекшеліктерді жаратылыс шарттарына қарай бағыттап құруды көздейді. Бұл бағдарлама шынайы өмірге бейімдеудің жоғарғарғы дәрежесін ешқашан жеткілікті түрде қамтамасыз етпейді, бірақ ол аутизмнің аса ауыр жағдайларында да жұмыс жасауда тез қалыпты тұрақты өзгерістерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Мақсаты: «тәуелсіз және дербес» өмір сүру мүмкіндіктеріне ие болу, бірақ тек ереше, шектелген және жасанды құрылған жағдайларда ғана.

Қосалқы мақсаты: баланың  дербестігі мен тәуелсіздігінің және өзіне деген сенімділік деңгейін көтеру. Аутист бала үшін «жаратылыстың шынайы ортасы» - отбасы болғандықтан, үй жағдайындағы даму мен өмірі тиімді саналады. Барлық күш қарым – қатынастың вербальды емес формасын дамытуға және қарапайым тұрмыстық дағдыларды қалыптастыруға бағытталады. Сөйлеу тіліне үйрету IQ > 50% болған жағдайда ғана орынды болып саналады, бірақ оқу және кәсіптік дағдыларға тәрбиелеу сияқты бұл да міндетті болып бағаланбайды. Әдістеменің нақты негізі – кеңістіктік пен уақытты айқын бағдарлау.

Кеңістіктік ұйымның міндеттері:

  • Сәйкес дағдыны үйренуге арналған қажетті заттардың нақты іріктеу: біз ең әуелі таңдалған дағдыны үйгенуде нақты қандай заттарды қолданатынымызды ойластырамыз. Мысалы, егер біз баланы ыдыс жууға үйрететін болсақ, онда бізге жуу заттары, губка, таза ыдыстарға арналға контейнер, сүлгі, сабын және қол сүртетін орамал қажет болады;
  • Іс – әрекет түрлеріне қарай ғимаратты түгелдей секторларға бөлу, яғни кеңістікті аймақтың болуы: сабақ бөлмесі, дем алуға, ұйықтауға арналған бөлме, ас бөлме. Әрбір дағды үшін сол дағдыға қажетті құралдар таңдалған арнайы аймақ таңдалады.
  • Дағдыны өндірудегі қажетті заттардың қолжетімді орналасуы. Бұл баланың дербестігін жоғарылату мақсатында маңызды. Мысалы, қолды жуу дағдысын орындауда, орамалды бала қолы жететін жерге ілу керек;
  • Сәйкес аймақта заттардың орналасуы. Осы дағдыны үйренуде балаға қатысы жоқ заттардың аз мөлшерде болуы. Кеңістікте айнала көп мөлшердегі заттармен толып тұрмауы маңызды. Мысалы, балаға жуу үшін қажеті жоқ әкесінің қырыну заттары, анасының кремдері сияқты заттарды жоғары сөрелерге қою керек.
  • Талап етілген дағдыны үйренуге қажетті заттардың басқа заттаран айырмашылығының көзге көрініп тұруы. Мысалы, балаға ірімшік қосылған бутерброд жасауды үйретпек болсаңыз, онда тоңазытқыштағы ірімшік салынған қаптама басқа заттардың қаптамаларынан айқын ажыратылуы керек; сондай - ақ, тіс тазалауды үйретсек, щетка формасы, түсі жағынан отбасының басқа мүшелерінікінен ерекшеленіп тұруы маңызды.
  • Сабақ оқитын орынның дұрыс ұйымдастырылуы (баланың жұмыс орны).

Емдеудің негізгі мақсаттары – аутизммен ілісе жүретін жетіспеушіліктер мен отбасындағы қысымшылықты төмендету, өмір сапасы мен функционалды тәуелсіздігін жоғарылату.




Автор:

Шарафидинова Алмагуль Егембердиевна

«А.Байтұрсынов атындағы №1 мектеп-лицейі» КММ-нің

Инклюзивті қолдау кабинетінің педагог-психологы

Түркістан қаласы
03 наурыз 2021 г. 19 400 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 022 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 806 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930