» » Заманауи оқу үдерістері арқылы білім беруде - сапалы білім беруді жүзеге асырудың тиімді жолдары

Заманауи оқу үдерістері арқылы білім беруде - сапалы білім беруді жүзеге асырудың тиімді жолдары

Жаңартылған білім беру болашақтағы сапалы білім кепілі деп тануға болады. Ертеңгі келер күннің бүгіннен гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білім. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жолдау мақаласында айтылған рухани жаңғыру мен заманауи ілгерілеудің жолын ұстап, саналы ұрпақ тәрбиелеп, қоғам жүгін қатар көтерісетін азаматтарды қалыптастырып, әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің сапында болу қай-қайсымыздың да көкейімізге қонары хақ! Елбасының «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс», «Жаңғыру елдің ұлттық – рухани тамырынан нәр алуы керек» деген сөздерінің астарында ел мүддесін басты құндылық ретінде бағалау жатыр.

Ел ертеңінің бастауы – рухани жаңғыру. Ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып, сананы жаңғырту және білімділікке ұмтылу Елбасы мақаласының өн бойына алтын арқау болып өрілген. Тәуелсіздіктің нығаюы, дамыған елге айналуымыз үшін еліміз алға батыл қадам басып, жоғары технологияларды меңгеруі, озық стратегиялармен жарақтануы, халықаралық коммерциялық және концептуалды жоба­ларды ілгерілетуі маңызды. Бұл – Қазақстан көшбасшысы айтқан «бәсекеге қабілет­тіліктің» бір шарты.

Қазіргі күнде білім беру саласындағы тың өзгерістер мен жаңалықтардың болуы заман талабына да байланысты болса керек. Қоғамның  өз біліммен толыққанды сусындаған тұлға тәрбиелеу керектігін көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер еліміздің білім беру жүйесін қайта құру қажет екенін көрсетеді. Білім беру саласына өзгеріс енгізу - болашақ ұрпағымыздың  терең де жан-жақты білім алып, өмір көшінен қалмауы болып саналады.

Ғылым мен техникалық прогрестің дамуы, қоғамның өзгеруі, жаһандану заманының басталуы білім мазмұнын жаңартуға мол мүмкіндіктер туғызды. Білім теңіз, оның тереңін жетік білетін, сырын меңгерген адамдарды дайындайтын ұстаз. Әрбір ұстаз өз Отанын шексіз сүйетін, білімді, іскер, адамгершілігі мол, парасатты, мәдениеті жан-жақты жетілген ұрпақ дайындауға міндетті. Ол үшін мұғалім өзі оқытатын пәндердің ғылыми әдістемелік деңгейін ғылыми ұйымдастырғанда, яғни сабақта әртүрлі әдіс-тәсілді кешенді жоспармен пайдаланғанда ғана қолы жетеді.

Жаңартылған білім берудің маңыздылығы - маман даярлауда «Өмірлік білімнен өмір бойы білім алу» қағидасына лайықты болуға тиіс. Әр ұстаз – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер, еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болу керек. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» деп  атап көрсеткен болатын. Тәуелсіз егеменді еліміздің әлемдік өркениетке  жетудегі сара да дара жолы – оның білім жүйесі. Бүкіл әлемдегі елдермен терезесі тең, керегесі кең болу үшін артымыздан ерген келешек үрпағымыз білімді болу керек. Білімнің сапалы берілуі – ұстаздың біліміне, тәжірибесіне, ізденісіне, оқытудағы жаңа технологияларды сабақ барысында мол шеберлікпен, шығармашылықпен жеткізуіне байланысты болып тұр.

Оқыту ісіндегі  жаңа тәсілдермен сабақ берудің мақсаты- пәнді  жан-жақты түсіну қабілетін дамыту болып саналады.  Сонымен бірге  білімдерін кез-келген ортада  қолдана алуы, іске жаратуы деп ойлаймын.

Сабақтың оқыту әдістерін үнемі түрлендіріп отыру қажет. Оқыту ісінде алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибелер мен жаңа технологияларды пайдалану, олардың ең тиімділерін сұрыптап қолдану. Мұғалім мен білім алушының арасында жылы қарым-қатынас болуы шарт. Білім алушының қажеттілігі мен қызығушылығына көңіл аударуды күшейтіп, жеке тұлғаның барлық дағдыларын дамытып, оның толық ашылуына мүмкіндік жасау. Еліміздің білім беру жүйесінде сындарлы оқыту теориясын қолдану білімді де саналы, тәрбиелі, өз елін сүйетін, рухани құндылықтарды бойына сіңірген  жастар өсіп шығатыны анық.

Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір суру деңгейінің жоғарылығы, дүние жүзі қоғамдастықтағы орны мен салмағы сол  елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны ендіру сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикасы күшті дамыған елдердің көрсетіп отырған білім деңгейлерінен көруге болады. Ендеше қазіргі заманның ақпараттық технологиясын толық игеру міндеті тұр. Тұтас алғанда әлемдік технологиялық даму деңгейіне сәйкес өзіміздің жаңа экономикамызға қажетті білімнің баршаға ортақ базасын ұдайы жаңартып отыру үшін ілгері талаптар қойып, тиісті инфрақұрылым қалыптастыру керек.

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны – ұстаздың білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ол – жаңа техника-технологияны жақсы меңгерген жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Ол үшін білім беру саласында қазіргі дидактикалық мүмкіншіліктер мен жаңа идеяларды және инновациялық технологияларды тиімді пайдалану қажет, мұның бірі – компьютерді қолдану.

Қоғамда болып жатқан түбегейлі қайта құрулар (өзгерістер), қазіргі заманда адамдардың ынта-ықыласын және шығармашылық әрекетін ескеріп, білімге және өмірге жаңа тұрғыдан қарауды талап етіп отыр. Қазіргі кезде адамның жаңа жағдайды бағдарлауы, түсінуі және оны өзгертуге атсалысуы басты мәселе болып отыр.

Осыған байланысты оқытудағы инновация көкейкесті мәселе болып отыр. Оқытудағы инновация қазір жаһандану үрдісімен әлеуметтік болмыс формалары және білімді кіріктірумен тығыз байланысты. Қазіргі таңда теория мен практикада байқалып отырған қарама-қайшылықтарды шешіп, талдаудың қажеттілігі баршамызға мәлім, бір жағынан бүтін оқу-тәрбие үрдісі болса, екінші жағынан сол үрдістің тиімділігін арттыруда инновациялық технологияны пайдаланудың қажеттілігінен туындап отыр. Сонымен, жаңару белгілі бір уақытта пайда болып, сол кезеңнің келелі міндеттерін озық шешіп нормаға практикаға айналады немесе ескіріп бірте-бірте дамуға кедергі жасауы да мүмкін.

Педагогикалық жаңалықтарды ашу, меңгеру, қолдану жөніндегі білім жүйесі әдіснамалық зерттеулердің инновациялық-педагогикалық жаңа объектісі болып табылады.

Инновациялық үрдіс қазіргі білім мен практиканың жалпы даму тенденциясына бағынады. Жүйелі пәнаралық байланыс, кешенді білімге сүйеніп, ізгілікке бет бұру теория мен практиканың қазіргі даму жолына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазіргі инновациялық үрдісте белсенділік, ынта, ізденушілік мәселелері педагогтарды қызықтырып, оқытушы – зерттеуші – практик ретінде көріне бастады. Мұның өзі іргелі теориялық зерттеулерде эксперименттік – практикалық жұмыстарды жүргізуге мәжбүр етеді.

Жаңа технологиялардың пайда болуы және оларды іске асыру әрекеті оған тән құралдар мен механизмдерді өзгертіп қана қою емес, құндылықтар бағытын, білім, білік, дағдыларды қайта құрумен сипатталады.

Елбасының жыл сайынғы Жолдауында да білім саласы қалыс қалып көрген емес. Елбасы Н. Назарбаев «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында: «Біріншіден, орта білім беру жүйесінде директорлар корпусының сапасын жақсарту жөнінде шаралар атқару қажет. Екіншіден, мемлекеттік білім беру үлгі-қалыптарының жеке мектептерде, колледждер мен ЖОО-ларда, соның ішінде халықаралық ЖОО-ларда да сақталуына бақылауды жолға қою қажет. Үшіншіден, ЖОО-ларды оңтайландыру үдерісін жүргізу маңызды. Қазақстанда 146 жоғары оқу орны бар. Олардың талайы маман тәрбиелеп шығарудың қажетті сапасын қамтамасыз ете алмайды» - делінген. Демек, елдегі білім беру саласы үлкен өзгерістер қарсаңында тұр. Жоғарыда келтірілген бағыттар жүйелі дамитын болса, білім беру саласы да алға жылжитыны сөзсіз.

Мұғалімді әдістемелік дайындаудың функционалдық бағытының бірі кәсіби бағыттылығы, ал екіншісі әдістемелік дайындықтың білім беруге бағыттылығы, бұл оқылатын пәннің мазмұнын игеруді қамтиды, нәтижесінде болашақ мұғалімнің тұлғалық сапасында өзгерістер жүреді. Сонымен, болашақ мұғалімді әдістемелік дайындаудың жүйесінде білім беру мен кәсіби дайындау мақсаттары тең дәрежеде іске асырылуы қажет, олар өз кезегінде өзара бір-бірін толықтыруға және байытуға міндетті

География мұғалімінің заманауи әдістемелік дайындығы - бұл оның кәсіби дайындығы құрылымындағы көпкомпонентті біртұтас жүйесі. Әдістемелік дайындық - мұғалімді кәсіби дайындаудың ең маңызды бөлігі. Мұғалімнің кәсіби әрекеті үшін әдістемелік дайындық шешуші болып табылады, себебі әдістемелік іс-әрекет оқу-тәрбие процесінің әртүрлі формаларымен, әдістерімен, құралдарымен қамтамасыз ететін білім беру, пән құралдары арқылы дамыту мен тәрбиелеу бойынша іс-әрекет болып табылады. Әдістемелік іс-әрекет мұғалім еңбегінің жалпы көлемінде жетекші орын алады, оның процесінде мазмұны қоғамның әлеуметтік тапсырысы мен анықталатын білім берудің, даму мен тәрбиелеудің негізгі тапсырмалары шешіледі. Әдістемелік дайындықтың екінші маңызды белгісі - әдістемелік іс-әрекетке дайындықтың қалыптасуы. Үшінші - жалпы мұғалімді кәсіби дайындыққа қатысы бойынша оның интеграциялау қасиеті.

Жоғары оқу орнының білім алу жүйесіндегі маманның кәсіби құзырлығының қалыптасуын біз кәсіби іскерліктің қалыптасуы мен дамуының кезеңдік міндеттерін кәсіби міндеттерді шешуге теориялық және практикалық мүмкіндігі мен дайындығының бірлігінен көрінетін нәтижеге бағытталған қозғалыс циклдері ретінде түсінеміз. Жоғары оқу орны оқытушысының ең жоғарғы міндеті - студенттердің өз кәсіби құзырлығын тұрақтандыру, толықтыру, трансформациялау механизмдерінің жұмысын басқару мүмкіндігінің кезең-кезеңімен қалыптасуына психологиялық-педагогикалық жағдайлар тұғызу. Жағдайларды жақсарту кезеңдері - студент іс-әрекетін оқытушының басқаруы, кәсіби құзырлылық механизмдерін оқытушы мен студенттің біріге басқаруы, өзіндік кәсіби даму үдерісін болашақ маманның өзі басқаруы деп атап көрсеткен жөн.

География мұғалімін әдістемелік дайындау жүйесінің элементі ретінді оқытудың мазмұнын анықтаудың талаптары оқу процесін ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық жағдайларын есепке ала отырып және әдістемеліктің, фундаменталдылықтың, теориялық кіріктіру деңгейінде оқытудың мазмұнын құрылымдаудың, практикалық бағыттылықтың

География мұғалімі іс-әрекетінің ерекшеліктері туралы теориялық көзқарастарды кіріктіруші ретінде, мектептік географиялық білім берудің қазіргі мақсаттарының жетістігіне бағытталған, шығармашылық, рационалдық, жүйелілік ретінде географияны оқыту әдістемесінің мазмұнының жаңа компоненттері болып «География мұғалімінің кәсіби-әдістемелік іс-әрекеті» мазмұны блогы болуы керек. География мұғалімін әдістемелік дайындаудың жүйесінің компоненттерінің мазмұндық және мақсаттық анықтауларды зерттеулердегі анықталған талаптар мен концептуалды тәсілдер, оқу әдістемелік кешендерді құрастыруда болашақ мұғалімнің әдістемелік құзыреттілігін дамытуға бағыттылықты мақсатты түрде ескерілу керек.

Оңтүстік өңірдегі өзінің 50 жылғы шежірелі тарихында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ұлы да ұлағатты маман иелері саналатын педагог қызметкерлердің білімін жетілдіріп, еліміздегі жас буынды, өскелен ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру жүйесін дамыту ісінде өзіне лайықты орын иеленіп келеді. Олай болса тарихы мол, талай шыңдардан аянбай тер төгіліп еңбек еткен жылдарға, өткен шаққа қайта шолу бүгінгі күнге ғибрат болып қала бермек! Жылжып жатқан әрбір жыл, әрбір күн өзіндік ерекшелігімен заманауи жаңалықтармен толығуда. Әрине қай елде, қай қоғамда болмасын ол елдің өркендеуінде бірінші кезекте білім саласы қызметкерлерінің еңбегі бағаланары анық. Білім сапасы – өмір сапасының негізі. Дамыған, бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарында, тұғыры биік тәуелсіз еліміздің білім беруді дамытуға арналған реформаларын жүзеге асыруда, ынтымақпен табысты еңбек ете берейік!

«Жаңғырудың маңыздылығы мемлекет пен ұлттың саналы түрде жаһандық үрдістерге бейімделуіне септігін тигізетіндігіне сенім білдіреміз. Елбасымыздың рухани жаңғыруының әрбір тармақтарының өзектілігіне мән бере отырып, алға басатын қадамымызды үш ойлап, бір басуымыз­ды ұмытпайық» сөздерімен қорытындылады. Бұл жай ғана мақала емес, болашаққа бағдар берген тарихи құжат. Ендеше, Елбасының бұл мақалада айтылған құнды ойларын барлығымыз да қолдауға міндеттіміз!


Түйіндеме

Бұл мақалада ел ертеңінің бастауы – рухани жаңғыру, жаңартылған білім беру болашағы, педагогикалық білім берудегі жоғары, озық технологияларды меңгеру. Елбасымыздың рухани жаңғыруының әрбір тармақтарының өзектілігі қарастырылған.

Аннотация

В этой статье рассмотрено  духовное воспитание  будущего образования, развитие инновационных технологий в педагогическом образовании. Рассматривается актуальность каждого элемента послание Президента.


Әдебиеттер тізімі:

  • «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»- Егеменді Қазақстан, 26.04.2017 ж. https://egemen.kz/article/nursultan-nazarbaev-bolashaqqa-baghdar-rukhani-zhanhghyru
  • Е.К.Хеннер, А.П.Шестаков. Инфармационно-коммуникационная компетентность учителя: структура, требования и система измерения. Информатика и образование; 2004; №12; 5-6 бб.
  • Бөрібекова Ф., Жанатбекова Н.Ж. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар – Алматы, 2006.
  • Е.Ы.Бидайбеков, В.В.Гриншкун, Г.Б.Камалова, Д.Н.Исабаева, Б.Ғ.Бостанов. Білімді ақпараттандыру және оқыту мәселелері.-Алматы, 2014.
  • Досжанов Б.А. Мультимедиа және оның техникалық құрамы. Оқу құралы. –Қызылорда:ҚМУ, 2004

ӘОЖ: 39.01.75

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің

«Химия-география» мамандығының

доцент, п.ғ.к. – Бахтыбекова Шынар Магуртаевна,

аға оқытушы – Таджикулова Назигул Абдикеримовна,

IV курс студенті  – Әтімқұл Жұлдызай Болатқызы

27 қаңтар 2020 г. 13 346 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 241 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 617 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031