» » Республикалық пікірсайыста үздік атанған мектеп басшылары

Республикалық пікірсайыста үздік атанған мектеп басшылары

Жамбылдық директорлар мектеп басқару мен білім беруде ғана емес, пікір мен ой алмасып, сөз жарыстыруда да шебер, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының баспасөз қызметі

5-6 желтоқсан күндері Атырау қаласында ІІ республикалық «Director`s CUP» дебат турнирі аясында мектеп директорлары арасында өткен қазақша "QUIZ" зияткерлік сайысында Жамбыл облысының мектеп директорларының командасы І орынды иеленді.

10 облыстың командасы бақ сынасқан сайыста үздік атанған Жамбылдық команданың құрамында Байзақ ауданындағы Ғани Мұратбаев атындағы гимназияның директоры Наметқұлов Мұхит Жанұзақұлы және Тараз қаласы Төле би атындағы №8 гимназия директоры Әзімбай Әлішер болды.

Қоғамдағы өзекті мәселелерді, саяси тақырыптарды талқылауда сөзге еркіндік беріп, ойға қанат бітіру кімге болса да оңай болмаса керек. Дегенмен, күнделікті мектеп өмірінен бас көтеріп, қоғамға деген жеке көзқарасты көрсету, пікір алмасу басшылар үшін бір серпіліс, жаңа шабыт болғаны анық.Облыста тың идеяларымен таңдай қақтырып жүрген басшылардың пікірсайыс алаңында үздік атанғаны біз үшін үлкен мақтаныш.Жеңістеріңіз құтты болсын!


Дереккөз: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының баспасөз қызметі

07 желтоксан 2022 г. 8 067 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 993 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031