» » Мамандық жетістік мерейі

Мамандық жетістік мерейі

Мақсаты: Оқушылардың ҰБТ-ге сенімділікпен дайындалуын, жағдайларын және білулерін қамтамасыз ету. Жүйкелік психологиялық күштенуден арылуға жағдай жасау

Ұйымдастыру кезеңі: 

Қажетті құралдар: А4 парақ, қайшы,қаламсап,музыка

І тренинг шарттары:

  • Берілген тапсырмадан тыс қалмау
  • Бір - бірін тыңдау және сыйлау
  • Бір-біріне қолдау көрсету

ІІ Тренинг жоспары:

  • Қар қиыршықтары
  • ҰБТ-ға сеніммен
  • Қар атысу
  • Сергіту сәті

Құрметті мектебіміздің түлектері және әріптестер бүгінгі тренинг сабағымызға қош келіпсіздер! Тренингімізді бастау үшін ортаға биылғы түлектерімізді шақырамыз.

  • Тренингіміз «Қар қиыршықтары» деп аталады.

Оқушыларға бір біреуден ақ парақ беріледі. Парақты екі бүктеп жыртамыз, оны тағы бүктейміз жыртамыз осылайша жалғаса береді. Енді ашып көрейікші қандай қиыршық пайда болды. Кімде бірдей, бір – бірінен аумайтын қар қиындысы шықты? Себебі неге, бәрімізде бірдей әрекет бола тура әр түрлі қар қиыршықтары пайда болды? Өйткені біз әртүрлі адамдармыз. Ал, біздің бірге жиналуымыздың бір себебі бар ол – ҰБТ-те одан да жақсы жетістікке жету. Бәріміздің алдымызда тұрған мақсат бір.

  • «Келесі жаттығуымыз ҰБТ-ға сеніммен» деп аталады. 

Бізге 10 оқушы қажет, оларды екіге бөлеміз. Әр оқушыға бір ақ парақ беріледі. Сол ақ параққа топ басшы тобымен бойындағы бар жаман қасиетті жазады. Сосын барлығы парақтарын жырта бастайды. Сол жыртылған парақшалардан ҰБТ туралы сурет салады . Оны әр топ қорғау керек.

  • Келесі жаттығу «Қар атысу» деп аталады.

Оқушыларға бір-бірден парақшалар таратылады. Сол парақшаны жаймен шетінен мыжа бастайды. Оны умаждап екі топ бір-біріне лақтырады. Бойындағы стрессті осылай шығарып тастау керек. Қай топ көп қар жинаса, сол топ жеңіледі.

Талдау: Алған әсерлерің қандай? Жаттығуымыз ұнады ма?

  • Сергіту сәті: Неғұрлым оқушы көп болса сергітуіміз жақсы болады. Қане, шеңберге жиналайық, енді алдымыздағы адамды емес, оның алдында тұрған адамның иығынан ұстаймыз барлығымыз бірдей қатарды бұзбай айналамыз, енді бірдей отырамыз,бұл біздің бірлігімізді білдіреді.

Қорытынды: Оқушылар өз ойларын айтады.


Туртбаева Камшат Диханбаевна

«Қ.Сәтбаев атындағы 

№48 жалпы орта мектебі» КММ-нің 

педагог-психологі, өзін-өзі тану пәні мұғалімі

31 қаңтар 2019 г. 5 679 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 045 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 814 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930