» » "Инновациялық сабақ - 2020" республикалық конкурс

"Инновациялық сабақ - 2020" республикалық конкурс

Жанна Уралтаева Оразбаевна 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің

«№81 Astana English School мамандандырылған гимназия» КММ-нің  тәрбиешісі


Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: жаратылыстану












ТАҚЫРЫБЫ: Су мен ауаның қандай қасиетін білесің?

ҰОҚ- ның оқытылу мақсаты

0.2.1.3. Су мен ауаның қасиеттерін сипаттау

 

Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

  • «Зертханалық жұмыс» ұғымына анықтама бере алады;
  • қарапайым тәжірибелер жүргізеді.

Көпшілік балалар:

  • зертханалық жұмыс нәтижелері бойынша қорытынды жасайды;
  • зертханалық жұмыс үдерісінде жеке тәжірибені қолданады;

Кейбір балалар:

  • пинтограмма көмегімен зертханалық жұмыс қорытындысын белгілейді.

Тілдік мақсат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткен ҰОҚ-дан алған білім

Дағдыларды дамыту: сұрақтарға жауап алудың жолдарын талқылау (топта), бақылау кезеңдерін дұрыс атау, ғылыми терминологияны пайдалана отырып, зертханалық жұмыс нәтижелерін түсіндіру кезінде толық, ашық түрде жауап беру.

Көптілділік: су- вода – water, ауа- воздух - air

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері

Зертханалық жұмыс, бақылау кезеңдері, тақырыбы, мақсаты, ақпарат жинау, ақпараттарды өңдеу, нәтижелерді ұсыну.

Талқылауға арналған сұрақтар.

Тәжірибелік жұмыс дегеніміз не? Қандай тәжірибе жұмыстарын сен өз бетіңмен жасай аласың? Тәжірибелік жұмыс кезінде қандай ережелерді сақтау керек?

Жансыз табиғат жөнінде қарапайым түсініктер. Тәжірибелік жұмыстың ең оңай дағдыларын меңгеру.

                                                        Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

І Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 

«Достық теңізі» жаттығуы

- Сәлеметсіңдер ме, балалар? Көңіл-күйлерің қалай? Балалар, қанекей,  көздерімізді жұмып,  мұқият зер салып тыңдайықшы (техникалық құралдар арқылы теңіздің шуылын, шағалалардың дауысын т.б естірту). Қалай ойлайсыңдар, бұл ненің дыбысы? Дұрыс айтасыңдар, бұл - теңіздің дыбысы. Ал, енді өзімізді сол теңіздің кішкентай ғана тамшылары ретінде елестетейікші. Жарайсыңдар, балалар, қанекей көзімізді ашып, қандай сезімде болғанымызды айтайықшы. Тамаша, ендеше біз қазір «Достық теңізі» жаттығуын орындайық.

«Достық теңізі» жаттығуының шарты: балалардың назарына үлкен көк шеңбер ұсынылады, бұл шеңбер – «Достық теңізі». Мұғалім бірінші партада отырған балаға мадақтама сөздер айтып, оны өзімен «Достық теңізінің» тамшысы болуға шақырады. Мысалы: Алинұр сен өте ақылды баласың т.б Аты аталған бала ортаға шығып, көк шеңбер бойымен тұрады. Ол да келесі баланың атын атап, өз мадақтама сөздерін айтады. Нәтижесінде, барлық тамшылар бірігіп, үлкен «Достық  теңізіне»  айналады.

Интербелсенді тақта, компьютер

Еденге жабыстырылған көк шеңбер

.

ІІ Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ ҰОҚ-ның тақырыбы бойынша жұмыс.

 

Ойын әдісі арқылы жаңа тақырыпты ашу:

- Балалар, бүгінгі біздің жаңа тақырыбымызды бастамас бұрын бір ойын ойнайық. Ойын «Бұл не?» деп аталады. Ойын шарты: мұғалім бір зат жасырады, ал балалар ол затты тауып атаулары қажет. Ол үшін сол заттың қасиетіне байланысты сұрақтарды мұғалімге қояды. Мысалы, бұл зат қызыл түсті ме? Немесе, бұл зат үлкен бе? т.б

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Балалар, жарайсыңдар, менің жасырғаным - су болатын. Су – тіршілік көзі, өмір нәрі. Қанекей, барлығымыз менің қолымдағы глобусқа зер салып, қарайықшы. Нені байқадыңдар? Глобустың көп бөлігі қандай түсті екен? Глобустағы көк түс жер шарындағы судың үлесін білдіреді. Бұдан біз қандай қорытынды шығарамыз? Балалар, қалай ойлайсыңдар, судың қандай маңызы бар? Яғни, жер бетіндегі ешбір тіршілік иесі сусыз өмір сүре алмайды екен, бұдан біз, су – өлшеусіз құндылық деген қорытынды шығара аламыз. Бірақ, өкінішке орай біздің салғырттығымыздың арқасында осы құндылығымыздан айырылып қалуымыз мүмкін. Себебі, жер бетіндегі судың үлесі жылдан-жалға азайып келеді. Ал, оның соңы үлкен апатқа әкелуі мүмкін. Балалар, қалай ойлайсыңдар, жер шарындағы судың үлесін сақтап қалу үшін не істеуіміз қажет? Суды үнемдеу деген не?

«Миға шабуыл» әдісі

- Балалар, енді назарымызды  интербелсенді тақтаға аударайықшы. Тақтадан нені көріп тұрсыңдар? (тақтада су толы шелекті ұстаған қоян  бейнеленген). Дегенмен, суретте бейнеленген шелегіміздің түбі тесік екен. Балалар, қалайша біз қоянға көмектесе аламыз? Қалайша түбі тесік шелекпен суды қоянның әжесінің үйіне шашпай-төкпей жеткізуге болады?

Өткенді пысықтау

- Балалар, біз өткен сабақтарда су мен ауаның бірнеше маңызды қасиеттерімен танысқан болатынбыз. Қазір біз, су мен ауаның аталмыш қасиеттерін еске түсіріп көрейікші. Ол үшін   «Ақылды сағаттың» тілшелерін тиісті белгіге аударып қоюларың қажет. Мысалы, судың түсі бар ма?  Егер, «иә» деп ойласаңдар, жасыл түсті, ал «жоқ» деп ойласаңдар «қызыл» түсті белгіні таңдауларың қажет болады.

Пысықтау сұрақтары:

1) Судың түсі бар ма? (жоқ)

2) Судың иісі бар ма? (жоқ)

3) Судың дәмі бар ма? (жоқ)

4) Судың еріткіштік қасиеті бар ма? (иә)

5) Ауаның түсі бар ма? (жоқ)

6) Ауаны ұстауға бола ма? (жоқ)

Тәжірибелік жұмыс:

- Балалар, бүгін біз судың жаңа қасиеттерімен таныс боламыз. Бірақ, тәжірибелік жұмысымызды бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп көрейік. Жарайсыңдар, балалар, қауіпсіздік ережелерін еске түсірдік, енді, жаңа тәжірибелерді орындауға да болады.

Тәжірибе №1

Атауы: Тұзды судың қасиеті

Мақсаты: тұзды судың қасиетімен балаларды таныстыру. Тұзды су мен қалыпты судың айырмашылығын анықтау. «Тығыздық» ұғымының мәнін ашу.

Барысы:      

  • Үстел үстіне орташа мөлшерде су құйылған үш шыны ыдысты орналастыру;
  • Бірінші ыдысқа  көп мөлшерде тұзды салып, араластыру, кейін жұмыртқаны салып нәтижесін байқау (жұмыртқа батпайды);
  • Екінші ыдыстағы  суға тұз салмастан, жұмыртқаны салу, нәтижесін талдау (жұмыртқа батып кетеді);
  • Үшінші ыдыстағы  суға тұзды аз мөлшерде салып, тәжірибені қайталау, нәтижесін саралау (жұмыртқа судың ортасында қалады).
  • Нәтижесін талдау: Тұздың суда көп болуына байланысты, заттың батпайтынын көрсету. Ағынды өзен  мен тұзды мұхитты салыстырғанда да сондай нәтиже береді.

Тәжірибе №2

Атауы: Жылы мен суық судың қосындысы қандай нәтиже береді?

Мақсаты: Жылы су мен суық судың ерекшіліктері жайлы балаларға айту. Олардың тығыздықтарының  бірдей еместігіне  тәжірибе арқылы көз жеткізу.

Барысы:

  • Суық және жылы суды төрт бөлек шыны ыдысқа құю (екі шыны ыдыста - жылы су, қалған екі шыны ыдыста - суық су);
  • Жылы суға сары түсті, суық суға көк түсті бояғышты қосу, жақсылап араластыру;
  • Суық суы бар шыны ыдыстың  бетін қатты қағазбен жауып, жылы суы бар шыны ыдысты  үстіне төңкеріп қою (екі ыдыстың сулары бір – бірімен араласпайды.  Себебін түсіндіру);
  • Жылы суы бар шыны ыдыстың бетін қатты қағазбен жауып, сәйкесінше суық суы бар шыны ыдысты  үстіне төңкеріп қою (екі ыдыстың сулары бір – бірімен араласып кетеді. Себебін түсіндіру);
  • Нәтижесіне назар аудару (бірінші тәжирибеде суық су астында, ал жылы су үстінде болғандықтан, олар өзара араласпай, өздеріне тән түстерін сақтайды. Екінші тәжірибеде жылы су астында, ал суық су үстінде болғандықтан, жылы су өзінің  тығыздығының төмендігінің арқасында жоғарыға ұмтылады, нәтижесінде, екі ыдыстағы суымыз өзара араласып кетеді. Оны бояғыштардан байқауға болады).

Тәжірибе №3

Атауы: Ауасыз өмір сүре аламыз ба?

Мақсаты: Ауасыз тіршілік жоқ екенін және ауаның көзге көрінбейтінін анықтау.

Барысы: 

Ол үшін тыныс мүшелерін бекітіп, тыныс алмау керектігі ұсынылады. Нәтижесінде адам ауасыз өмір сүре алмайтыны туралы тұжырым жасалады.

Тәжірибелерді талдау:

«Тығыздық» ұғымының мәнін ашу. «Екі шеңбер» жаттығуы. Шарты: балалардың назарына екі шеңбер ұсыну. Бірінші шеңберге тек 3 баланы тұрғызып, орталарындағы бос кеңістікке шарды орналастыру. Дәл сондай екінші шеңберге 6 баланы тұрғыздыру. Бұл шеңберде бос кеңістік болмаған соң, балалар шарды жоғары көтеруге мәжбүр болады. Бұл іс-әрекетінің себебін сұрау, өткен тәжірибемен салыстыру. Бірінші шеңберде тығыздық мөлшері төмен, ал екінші шеңберде тығыздық мөлшері жоғары екендігіне назар аударту.

Интербелсенді тақта

Глобус

Интербелсенді тақта

Ақылды сағат

Су

 

Тұз

Жұмыртқалар

Үш шыны ыдыс

Екі шыны ыдыс

Жылы су мен суық су

Бояғыштар

Қатты қағаздар

Еденге жабыстырылған екі шеңбер

Шар

ІV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия

«Жақсы-жаман» ойыны

Шарты: қоршаған ортадағы заттар мен нысандардың жағымды және жағымсыз тұстарын анықтау. Мысалы: теледидардың жағымды қасиеті – ақпарат алу мүмкіндігі.  Теледидардың жағымсыз тұсы –  көзге зиян.

Балалар, судың қандай жақсы және жаман тұстары бар?

1. Балалар, бүгін біздер судың қандай қасиетімен таныстық?

2. Қалыпты су пен тұзды судың тығыздықтарында қандай айырмашылық бар? Ал жылы су мен суық судың арасында ше?

Рефлексивтік бағалау

Шыны сауытты түрлі-түсті қарындаштармен бояу:

1 - ештене түсінбедім – қызыл қарындаш;

2  - түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындаш;

3 - бәрін түсіндім- басқаларға да түсіндіре аламын – жасыл қарындаш.

Шыны сауыттың суреттері

Түрлі-түсті  қарындаштар

14 қаңтар 2021 г. 22 320 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 859 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 085 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031