» » Жұматай шығармаларын мектепте оқыту

Жұматай шығармаларын мектепте оқыту

Жетісудан шыққан  ақын  Жұматай Жақыпбаев қазақ өлеңіне нәзік те сырбаз сезімге, сырлы сөздерге толы, әсем нақышпен өрнектелген қанық бояулы жырлар әкелді. Жұматай поэзиясы - тіршіліктің ұдайғы сұлу қозғалысы іспетті серпінді, ықшам, әсерлі, нәрлі, қызу, қымбат.  Ақын Ибрагим Исаев Жұматай шайырдың поэзиясына: "Сырқат жүректі сауықтыратын жырлар" деп орынды баға берген. Қазақ өнерінің көгінде аққан жұлдыздай жарқырап өте шыққан дара дарын иесі, ақын, Жұматай Жақыпбаевтың шығармашылығы ұрпаққа өнеге. Ақын  қаламының қасиетімен, сөзінің құдіретімен, нәзік, терең лирикалық өлеңдерімен,    қазақ әдебиетінде өшпес өнегелі із қалдырды.

        Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру мақсатында «Жұматайтану» 7-сыныптың қазақ әдебиеті пәні бойынша мақсатқа негізделген таңдау курсы бағдарламасын ұсынып, бүгінгі таңда мектебімізде іс-тәжірибеден өткізіп, қолданылудамыз.

Таңдау курсының мақсаты мен міндеті: 7-сынып  оқушыларына қазақ халқынын біртуар ақыны Жұматай Жақыпбаев шығармаларын оқыту,  жан – жақты талдау, поэзияға деген оң көзқарас қалыптастыру, шығармашылыққа баулу. Жасөспірімдерді ақын өлеңдері арқылы адамгершілікке жетелеу.

Сонымен қатар қазіргі өзгермелі заманда жан-жақты білім алуға талпынатын, өз көзқарастарын ашық айтатын, кез-келген мәселені шешуге ұмтылатын жастарды тәрбиелеу – қоғамымыздың басты міндеті болмақ. 

  Бүгінгі таңда  «Жұматайтану» бағдарламасы таңдау курсын оқу арқылы оқушылар қазақ сөз өнеріндегі орны мен жазушылық болмысын, қаламгерлік қарымын таныды, еңбектерімен таныса отырып, өмірі мен шығармашылығына арқау еткен қиындықпен өткен балалығы, оның шығармашылығына талдау жасады. Жас ұрпақты ақын шығармаларындағы адамгершілік, адалдық, қарапайымдылық, әділеттілік сияқты адамзат бойында болуы тиіс асыл қасиеттері қалыптасты. Сөз өнерін қастерлеп, өз туған жерінің өнер саңлақтарын қадірлей біледі деп толықтай сеніммен айта аламыз.

      Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұлттық бірегейлікті сақтау үшін ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс екендігін айрықша атап өткен болатын. Демек,  біз болашақ ұрпаққа жергілікті ақын-жазушылардың өмірі мен шығармаларын насихаттау мақсатында  талмай еңбек етуіміз керек екені анық.


Авторлар:

Асель Абдикаримова,

«Алматы облысы білім басқармасын

Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі»

 мемлекеттік мекемесінің «Жетісу орта мектебі» КММ-нің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі




Шынар Омарбекова, 

«Олег Кошевой атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын   орталығымен» КММ-нің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 


01 сәуір 2021 г. 22 864 0

Похожие новости:

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 858 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 085 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031