» » Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай онлайн байқау өтті

Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай онлайн байқау өтті

Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай онлайн байқау өтті, деп хабарлайды edunews.kz  Ақпарат Агенттігі.

Қазақ поэзиясының символына айналған Мұқағали Мақатаевтың жыл сайын туған күні қарсаңында еліміздің барлық аймағында әдеби кештер үздіксіз өткізіледі. Осы орайда Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары "Мәңгі өлмес жыр, дастаны" атты мұзбалақ ақиық ақынның 90 жылдық мерейтойына арналған мәнерлеп оқу жарысы ұйымдастырылды. Дәстүрлі онлайн байқауында 7-12 сынып оқушылары жыр падишасының туындыларын орындап, жүрекжарды шығармаларын оқыды.

Жарыстың шарты бойынша, екінші кезеңде қатысушылар мұзбалақ ақын Мұқағалиға арналған өздерінің өлеңдерін ортаға салды.

Өлеңнің реңкін келтіре отырып оқыған "Шебер тілді оқу" кезеңінде қазылар алқасының шешімі бойынша І орынды Кенжебек Жәнібек, ІІ орынды Талапқызы Динара, ІІІ орынды Асқар Марал иеленді. Ал тұлғаға арнау кезеңінде І орын жүлдегері Сейтахмет Шырын аталса, ІІ орын Жеңіснұр Айбол мен Заманғазинова Ажарға табысталды.

 «Ақын өзінің күнделігінде "Мен ХХІ ғасыр ұрпақтарының құрдасымын. Одан кейінгі ұрпақтың да туысымын" деген екен. Келешекті болжап кеткендей болған ақын көріпкелдігіне еріксіз таңданасың. Расымен де ХХІ ғасырдың ұрпақтары ақынның құрдасына һәм сырласына айналған», - деп педагог-ұйымдастырушы-куратор Сабира Ержуманова атап өтті. 

Дереккөз: edunews.kz  Ақпарат Агенттігі
03 ақпан 2021 г. 2 666 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 762 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930