» » АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ҰЛТ ҰСТАЗЫ

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ҰЛТ ҰСТАЗЫ

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150  жылдық мерейтойына орай Алматы облысы, Талғар ауданы, №17 ЖОМ базасында «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың тілі мен әдебиетін зерттеген ұлы ғалым» тақырыбында танымдық кеш ұйымдастырылды.

Кешке А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Тіл мәдениеті бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.к. Н.Әміржанова, Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры, ф.ғ.к. Б.Қапалбек, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқытушысы, ф.ғ.к., доцент Е.Молдасанов, республикалық «Media Bilim» журналының редакторы Ж.Көшкимбаев және «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты, «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор М.Бисенбаева қатысты.




Кеш барысында ақын шығармалары оқылып, сахналық көрістер көрсетілді. Мектеп директоры Э.Баймолдаева кеш қонақтарына ризашылығын білдіріп, алғыс хаттармен марапаттады.

 

Айгүл Нұрақбай,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы

бойынша кәсіби даму институты,

PR маманы

07 қазан 2022 г. 19 923 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 945 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031