» » Еуразия ұлттық университеті ТМД-ның ең үздік жоғарғы оқу орны атанды

Еуразия ұлттық университеті ТМД-ның ең үздік жоғарғы оқу орны атанды

 Елордалық университет былтырғы жылғы көрсеткішінен асып түсті, деп хабарлайды sputniknews.kz.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Quacquarelli Symonds британдық агенттігінің халықаралық рейтингінде 35-орын иеленіп, ТМД-ның ең үздік жас жоғарғы оқу орны атанды.
"QS Top 50 Under 50 рейтингі жылма-жыл жарияланып, негізі қаланғанына 50 жыл толмаған жас университеттерді таңдап алады. Рейтингке академиялық деңгейі, жұмыс берушілер арасындағы беделі, ЖОО қызметкерлері мақалаларының дәйексөз ретінде келтірілуі, шетелдік оқытушылардың саны әсер етеді", — деп жазады агенттік сайты.
ЕҰУ осы рейтингке кірген Қазақстанның жалғыз университеті. Барлығы 150 ЖОО қамтылған, олардың 50-ден астамы Азияда. Былтыр ЕҰУ 37-ші орынды иеленіп, ТМД елдері арасында көш бастаған болатын.  

21 шілде 2017 г. 2 870 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 915 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930