Профессор Irma Robles Gutierrez мектеп мұғалімдеріне арнап семинар өткізді
Профессор Irma Robles Gutierrez мектеп мұғалімдеріне арнап семинар өткізді, деп хабарлайды "Edunews.kz" ақпараттық агенттігі tarmpu.kz сайтына сілтеме жасап.
Сәуір айының 25-26 аралығында Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Тараз мемлекеттік педагогикалық университетіне Мексикадан арнайы шақырылған CIDETEQ электрохимия және технология ғылыми зерттеу орталығының профессоры, PhD Irma Robles Gutierrez «How to teach Chemistry» тақырыбында қала мектептерінің «Химия» пәні мұғалімдеріне арнап семинар жүргізді.
Семинарға барлығы 20 мұғалім қатысты. Семинардың алғашқы күні «Reactions», яғни химиялық реакциялар туралы толық ақпар берілсе, екінші күні «Химия» пәнін өтудің тиімді жолдары түсіндірілді. Семинар соңында барлық қатысушылар арнайы сертификаттарға ие болды.
Дереккөз: ТарМПУ Ғылым және коммерциализация басқармасы.