» » ҚазАТУ барлық қызметкерлерге 100 мың теңгеден тағайындады

ҚазАТУ барлық қызметкерлерге 100 мың теңгеден тағайындады

Бүгінгі орын алып отырған төтенше жағдайға байланысты және Наурыз мерекесі қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Басқармасы университет ұжымын әлеуметтік жақтан қолдау мақсатында, әрбір штаттық қызметкерге (оқытушылар, әкімшілік-басқару және қызмет көрсету персоналдары) 100 мың теңге көлемінде сыйақы тағайындау туралы шешім қабылдады.  
Ертеңгі жұмыс күнінің соңына дейін ақшалай қаражат олардың банктік карточкаларына аударылады.
Қазіргідей жағдайда біз барша отандастарымызды және әріптестерімізді қолдаймыз. Дейді университет басшылығы.
Білім ордамызда қазіргі таңда бір де бір студент жоқ. Университет осы жылдан бастап 3 семестрлік оқу бағдарламасына көшкен, сол себепті студенттер кезекті демалысқа жіберілген. Ал демалыс уақыты аяқталған күннен бастап білім ордасы түгелдей қашықтықтан оқыту жүйесінде жұмыс істеуге даяр тұр.
Ал бүгіннен бастап университет штаттық кесте бойынша кезекшілікпен және қашықтықтан жұмыс жүргізу режиміне көшті.

Бұл туралы  ҚазАТУ баспасөз қызметі хабарлап отыр.
16 наурыз 2020 г. 32 054 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 692 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930