» » ГЕРМАНИЯНЫҢ БАС КОНСУЛЫ ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ

ГЕРМАНИЯНЫҢ БАС КОНСУЛЫ ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ

Дулати университетіне Германия Федеративтік Республикасының Бас консулы Кристиана Маркерт арнайы ат басын бұрды.

Бас ғимараттың Тұңғыш Президент атындағы залында университет оқытушыларымен кездесті. Құрметті қонақ ең алдымен оқу орнының мұражайын аралап, университет тарихынан сыр шертетін жәдігерлермен танысты деп хабарлайды, edunews.kz Ақпараттық Агенттігі Дулати университетінің медиа-қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуге Шетел филологиясы және аударма ісі, Шет тілдері кафедраларының оқытушылары, DAAD бағдарламасының стипендиаттары қатысты.Германия сынды алыс шетелдік конақ қаламызға келіп, университетімізге арнайы ат басын бұруы  тарихи сәт екенін айтқан универстет ректоры Махметғали Нұрғалиұлы ең алдымен университет тарихымен таныстырды. Сондай-ақ, Дулати университетінің Германия еліндегі жоғары оқу орындарымен байланысын да атап өтті.  – Дулати Университеті бүгінде 83 шетелдік университетпен, ғылыми орындармен  байланыс орнатқан.  2014 жылы Хальброн университетінің профессоры Ежи Яворски университетімізге арнайы шақыртылған болатын. Сол уақыттан бері арадағы байланыс нығайды. Аталмыш университетте Erasmus + бағдарламасымен 18 студентіміз оқып, 6 оқытушымыз тағылымдамадан өтті. Хоф қолданбалы ғылымдар университетінде 5 оқытушымыз тәжірибе алмасып келді,- деген Махметғали Нұрғалиұлы бүгінде университетте 570 студент шет тілдерін, оның ішінде 238 студент неміс тілін оқитынын жеткізді.

Өз кезегінде Кристиана Маркерт карантиннің көп бастамаларға кедергі боп жатқанын айтып, кей мамандықтар онлайн оқуға болмайтынын да тілге тиек етті. Сол себепті, Германияда оқитын Қазақстан студенттеріне виза беріліп жатқанын жеткізді.

Гуманитарлық әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Жәмила Мамырханова университетімізде  неміс тілі екінші шет тілі ретінде оқытылатынын айтты. Сондай-ақ, студенттермен қатар, қала тұрғындары да неміс тілін үйренуге қызығушылығы барын айтып, тіл үйрету үйірмесін ашу туралы ұсынысын білдірді.

Екі ел арасындағы байланыс сөз болған кездесу соңында университет басшысы Кристиана Маркертті «Дулати» төсбелгісімен марапаттап, «Киелі Әулиеата келбеті» кітабын тарту етті.


Дереккөз: edunews.kz Ақпараттық Агенттігі
18 қыркүйек 2020 г. 45 041 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 711 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930