» » Баба тегін иеленген күн

Баба тегін иеленген күн

 Жыл сайынғы дәстүр бойынша 3 қарашада «Университет күні» атап өтіледі. Биыл атаулы күнге орай гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің белсенді студенттері М.Х. Дулати ескерткішінің алдында поэзия кешін ұйымдастырды. Поэзия кешіне университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.Бұл туралы Тараз мемлекеттік университетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Бұл күні, Қазақстан Республикасы үкіметінің 1997 жылғы 3 қарашадағы № 1485 қаулысымен Тараз мемлекеттік университетіне қазақ тарихының негізін қалаушы, ғұлама ғалым, ақын, қоғам қайраткері Мұхаммед Қайдар Дулатидің есімі берілген болатын.
Қазіргі М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің баба есімін иеленуінде, білім ордасы бас ғимаратының алдына еңселі ескерткіштің бой көтеруінде сол кездегі университет ректоры Уәлихан Қозыкеұлы Бишімбаевтың ұйымдастырушылық, қайраткерлік еңбегі үлкен.
Поэзия кеші М.Х. Дулати ескерткішіне салтанатты түрде гул шоқтарын қоюдан басталды. Университеттің бірінші проректоры, т.ғ.д., профессор Асқар Абдуалы мерекелік жиында ғалымның өмірі мен шығармашылығына тоқталып өтті. Жиын барысында гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенттері жиынның әсерлі, ғибратты өтуіне бар күштерін салғаны көрініп-ақ тұрды. ТӘЖ клубының студенттері жарыса поэзия оқыды. Сонымен қатар ф.ғ.д., профессор Сәмен Құлбарақ пен т.ғ.к., Жанна Сейтқұлова М.Х. Дулатидың өмірі мен шығармашылығына тоқталып өтті.
Шара соңы мәдениет жігіттерінің концерттік бағдарламасымен аяқталды.

08 қараша 2017 г. 1 814 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 834 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930