» » Жанға жылу, көңілге үміт!

Жанға жылу, көңілге үміт!

         Бүгінгі таңда елімізде әлеуметтік реформаларға айрықша басымдық беріліп келеді. Ал оны жүзеге асыруда әлеуметтік сала қызметкерлеріне жүктелер жауапкершілік жоғары. «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Жамбыл облыстық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі филиалының қызметкерлері - осы сенім үдесінен шығу үшін еңбек етіп жүрген жандар.

            Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылында 2014 жылдың сәуір айының 28-ші жұлдызында құрылған,  Баубекова Жанна Иманқұлқызы басқаратын шағын ұжымда     7 арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері көрсетіледі. Қазіргі таңда жартылай стационарлық үлгідегі филиал  30 балаға  өз қызметін ұсынып отыр. Яғни психоневрологиялық ауытқулары бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүмкіндігі шектеулі балалар қамқорлыққа алынған.       

  Филиалда Әдіскер Тұяқбаева Индира Дәулетбекқызы әлеуметтік - педагогикалық, әлеуметтік - психологиялық, әлеуметтік - медициналық,  әлеуметтік - мәдени  қызметтерді көрсететін персоналдың кәсіби деңгейін жоғарылату жолында жұмыс жасайды.

       Орталықта күн тәртібіне сәйкес сағат 9:00-18:00 аралығында оңалту шаралары жүргізіледі. Мамандар күнделікті жұмыс барысында әр баланың деңгейіне қарай топқа бөле отырып, әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолдану арқылы сабақ өткізеді. Мысалы, дефектолог мамандары ұсақ қол моторикасын, танымдық қабілетін дамытып, қоршаған ортаға бейімдеумен айналысады.

Тәрбиешілер балалардың шығармашылық қабілеті мен өз-өзіне қызмет  көрсету дағдысын арттырады.

Логопед маманы  тіл кемшіліктерін түзету бойынша жұмыстар атқарады.              

Әлеуметтік қызмет алатын балалармен жұмыс жасау үшін  кәсіби біліктіліктен бөлек аялы алақан мен жүрек жылуы қажет. Және осының бәрін өз бойына ұштастыра білген филиал мамандары әрдайым мақтауға тұрарлық.

 
20 қаңтар 2022 г. 14 433 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 611 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930