» » Консерватория ұстаздары «DALA DAUYSY» байқауында үздіктер қатарынан табылды

Консерватория ұстаздары «DALA DAUYSY» байқауында үздіктер қатарынан табылды

 Таяуда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Ұлттық мәдениетті сақтау және дамыту, қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайту, сондай-ақ өскелең ұрпақты адамгершілік пен патриоттыққа тәрбиелеу бағытында дәстүрлі, классикалық, эстрада және театр өнері жанрында жаңа туындыларды жарыққа шығаратын авторларды қолдау мақсатында ұйымдастырған Республикалық «DALA DAUYSY» конкурсы өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар есімдері белгілі болды, деп хабарлайды edunews.kz ақпарат агенттігі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Конкурста 5 номинация бойынша 16 сыйлық тағайындалды: «Үздік фольклорлық музыка», «Үздік классикалық музыка», «Үздік драматургиялық туынды», «Үздік музыкалық-театрлық жанр туындысы», эстрада жанрындағы «Республика әні» және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2 арнайы жүлдесі.Жобаға 200-ден астам өтінім түскен. Байқауға қазақстандық композиторлар мен жазушылардың соңғы үш жылда жазылған және бұрын көпшілік алдында орындалмаған туындылары қатысты. Байқаудың ерекшелігі – қатысқан авторлардың да, олардың жұмысын сараптаған қазылар алқасының құрамы да соңғы сәтке дейін құпия болды.Аталмыш байқауда консерваториямыздың «Музыкатану және композиция» кафедрасының профессоры Дәлденбай Бейбіт Әбілұлы жеке аспапқа арналған «Иллюзия» шығармасы үшін «Үздік классикалық музыка» номинациясына ие болса, «Домбыра» кафедрасының оқытушы, өнертану магистрі, ҚР Мәдениет саласының үздігі Кенегесов Асылбек Асылханұлы авторлық «Бес періште» күйімен «Үздік фольклорлық музыка» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.Сондай-ақ, осы конкурста Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Сапа менеджменті секторының басшысы, «Арт-менеджмент» кафедрасының доценті, қауымдастырылған профессор Оразымбетов Дамир Дүйсенұлы композитор Алмабек Мейірбековтің «Алдар көсе» балетінің либретто авторы ретінде «Ең үздік музыкалық және театрлық жанрындағы шығарма» номинациясын жеңіп алды.Бұған дейін Д. Д. Оразымбетов Алматы мен Астана сахналарында көрсетілген бірқатар спектакльдерге авторлық либретто жасаған болатын. Олардың қатарында «Алиса және оның ерекше шытырман оқиғалары» (2012), «Түймешік қыз» (2013), «Тұран дала — қыран дала» (2016), «Қорқыттың жерұйық іздеуі» (2019), «Ояну» (2021).Әріптестерімізді айтулы жеңістерімен құттықтап, шығармашылық табыстарыңыз мол болып, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер демекпіз.
27 желтоксан 2022 г. 10 887 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 18 125 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 862 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031