Астанада 1-сынып оқушысы менингит жұқтырды деген диагнозбен ауруханаға түсті

Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді, - деп хабарлайды "Edunews.kz" AA Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 2018 жылы 12 қазанда болды.
«Оқушы балалар жұқпалы ауруханасында жатыр, симптомдық ем қабылдап жатыр. Жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы бірқалыпты», - деді Байғабылов.
Оның мәліметінше, ауруханаға түскен оқушының сыныбында профилактикалық шара жүргізіліп жатыр.
«Ереже бойынша минингит вирусы болжанған. Дүрлігуге және байбалам салуға еш негіз жоқ», - деді ол қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы.