» » Зияткер Шыңғыс дәрігерлер мен полицияға қолдау білдірді

Зияткер Шыңғыс дәрігерлер мен полицияға қолдау білдірді

Елімізде орын алып отырған төтенше жағдай шәкірттерімізді де бей-жай қалдырмады. Балаң көңілмен қазіргі ахуалға алаңдаушылық білдіргендердің бірі – Шыңғыс Тоқанов. Ол Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сыныбында оқиды. Поэзияға жаны құмар жас ақын қоғам қауіпсіздігі, адам денсаулығы күзетінде жүрген тәртіп сақшылары мен ақ халатты абзал жандарды қолдау мақсатында «Біз біргеміз» атты өлең жазып шықты.

- Республикамызда, әлемде болып жатқан оқиғалардан күн сайын хабардар болып отырамын. Арты қайғымен аяқталып жатқан жайттар көңілімді құлазытады. Дегенмен короновирус дертінің өршіп кетпеуіне күш салып жатқан аға-әпкелеріміздің бар екенін ұмытпағанымыз жөн. Тәулік бойы кірпік қақпай қалтқысыз қызмет етіп жүрген еңбектері қандай құрметке болсын лайық. Жас та болсам олармен бірге екенімді білдіріп,  рух беретін өлең жазғым келді. Өлеңім солардың ерліктеріне арналады, - дейді оқушымыз.

Дегенмен жас ақын бұл шығармасын жазуға мектеп жатақханасының меңгерушісі Қалжан Омарбаеваның да түрткі болғанын жасырмайды. Өлең жазу, Абай, Мұқағали сынды біртуар ақындардың туындыларын жаттауды жақсы көретін Шыңғыстың кезекті өлеңінде отандастарымызды сабырлыққа, ауызбіршілікке шақырған шумақтар кездеседі. Бір сөзбен айтқанда, Хәкім Абайды –идеал, Мұқағалиды өзіне пір тұтқан Шыңғыс ұлылар салған жолменен жүріп келеді.

Дереккөз: Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы 

Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі, 

"EDUNEWS.KZ" ақпараттық агенттігі

03 сәуір 2020 г. 1 870 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 11 814 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 19 769 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031