» » Қызылорадада цифрлық форматта республикалық олимпиада өткізілді

Қызылорадада цифрлық форматта республикалық олимпиада өткізілді

Қызылорда облысы Қармақшы ауданында «Қазақстан тарихы» пәнінен цифрлық форматта республикалық олимпиада өткізілді. Оған Жамбыл, Атырау, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қызылорда өңірінен оқушылар қатысты. Бұл туралы «Edunews.kz» Ақпараттық Агенттігі inform.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР 2020 жылғы Олимпиада алауы қандай болады ҰОК басшысы Азия олимпиада кеңесінің вице-президенті қызметіне қайта сайланды Аталмыш олимпиада ұзақ жылдар бойы тарих пәнінен ұстаздық еткен Сәден Нұртаевтың құрметіне арналды. Игілікті шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде қолға алынды. Республикалық олимпиадаға «Өрлеу» БАҰО» АҚ Алматы облысы бойынша ПҚ БАИ директоры, Қызылорда және Шымкент қаласы бойынша ПҚ БАИ қызметкерлері, республикамыздың білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтары қазылық жасады. Білім бәйгесі 9-10-сынып оқушылары арасында өтті.Цифрлық форматта өткізілген олимпиада барысында екі кезең бойынша қорытынды ұпай қатысушыларға бірден көрсетілді. Сондай-ақ, мұндай формат оқушылардың шынайы бағасын алуына септігін тигізді. Олимпиада оқушы ғана емес, мұғалімнің де білім деңгейі таразылады. Сондықтан мұндай форматтағы олимпиаданы жиі өткізу тұру жоспарланып отыр. Білім бәсекесіне қатысушылар алғашқы кезеңде ACTIVote құрылғысы арқылы тест сұрақтарына жауап берді. Турдың қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған 9-сыныптан 8 (сегіз) және 10-сыныптан 8 (сегіз) қатысушы негізгі кезеңге жолдама алды. Екінші кезең бойынша жолдама алған қатысушылар Power Point бағдарламасында жасалған деңгейлік тапсырмаларға жауап беру арқылы ұпай жинады. Нәтижесінде 9-сынып оқушылары арасында Сырдария ауданы №42 орта мектеп оқушысы Шұғыла Тельманқызы жеңімпаз атанып, оған 120 мың теңге көлемінде сыйақы берілді. Сондай-ақ, шиелілік Дильназ Молдашова, қармақшылық Бақерке Сапарғалиқызы жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ал 10-сынып оқушылары арасында Шымкент қаласы № 90 жалпы орта мектебінің оқушысы Бекзат Ералиев бірінші орын алды. Сондай-ақ, сырдариялық Ақтоты Пірімбетова мен қармақшылық Қайсар Мырзағалиұлы үздіктер қатарында болды.

Автор: Әділжан Үмбет,


 Дереккөз: inform.kz.


10 мамыр 2019 г. 1 593 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 836 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 739 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930