» » Көкшетауда алғаш рет фиджитал спортынан турнир өткізілді

Көкшетауда алғаш рет фиджитал спортынан турнир өткізілді

14 сәуір күні алғаш рет «Bolashaq saraiy» мен Ақмола облысының инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы Марат Умербаевич Ибраевпен бірге 2009 ж.т. ұлдар арасында «Фиджитал спорт» І турнирін ұйымдастырды, деп хабарлайды edunews.kz ақпарат агенттігі.
Диджитал ойындары - бұл тәртіптердің әрқайсысы диджитал (physical + digital) тұжырымдамасын біріктіретін, яғни классикалық спорт пен киберспортты біріктіретін жарыстар. Команда физикалық және цифрлық тәртіптер бойынша қатысуы керек.

Турнирге қатысу үшін алдын-ала өтінім жіберіліп, турнирдің ережелерімен
таныстырылды. Турнир 2 матчтан тұрды:
1. Digital (цифрлы)
2.Physical (физикалық)

1 матч, яғни интерактивті матч 4*4 форматта өткізіледі. Әр командадан екі
ойыншы ойнайды.

2 матч, мини-футбол. Яғни команда спорт залында футбол ойнайды. Команда 5 ойыншыдан құралады.
Қорытынды шешім интерактивті және мини-футболда соққан голдан есептеліп, жеңімпаз анықталады.
Турнирге 3 команда катысты: «Арлан» командасы (Bolashaq saraiy),
«Елімай» командасы (Bolashaq saraiy) және «IT Stars» командасы (Әл-Фараби атындағы ІТ лицейі).
Балалар үшін бұл ойын түрі өте қызықты әсерлі өтті. Осындай жарыста балалар тек қана
физикалық түрде емес, сонымен катар интеллектуалды түрде де жарыса алды.
Турнирдың қорытындысы бойынша 1 орын «Арлан» командасы, 2 орынға
«Елімай» командасы, ал «IT Stars» командасы 3 орынға иеленді.
17 сәуір 2023 г. 13 865 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 941 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031