МҰҒАЛІМ-ЗОР ТҰЛҒА, ОЛ КҮННІҢ ҚҰДІРЕТТІ СӘУЛЕСІ СИЯҚТЫ
Анартаева Гульзира Уласбековна білім беру жүйесінде 32 жыл еңбек етіп келеді. Оның ішінде 20 жыл – Ө.А.Жолдасбеков атындағы №9 лицейде орыс тілі мен әдебиет мұғалімі болып жұмыс істейді., «педагог-шебер».
Гульзира Уласбековна өзіне тән ұстаздық өрнегін таныта білген, білімді маман, пәнін жетік білетін ұстаз, білім беру әдістемесіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын педагог ретінде танытты.
Педагогикалық жұмысын 1988 жылдан бастады. Осы уақыт ішінде Гульзира Уласбековна өзін білікті, озат тәжірибеден сусындаған, теориялық білімдерін практикамен ұштастыра білетін, оқушыға сапалы білім нәрін беретін мұғалім ретінде көрсете білді.
Гульзира Уласбековнаның сабақтары тапсырмаларының тиянақтылығымен, оқушылардың теориялық білімдерінің дұрыс қолдануымен, өз бетінше қорытынды жасап, қызығушылық іс-әрекеттерін арттырушымен ерекшеленеді.
Гульзира Уласбековна біраз жылдар бойы ғылыми – сараптама жұмыстарымен айналысып келеді.
Өз маманының шебері, Гульзира Уласбековнаның әр сабағы әрбір минутына дейін саналған, жүйеге келтірілген. Сабақтардың барлығы өте жоғары дәрежеде өтеді, оқушылар қызығушылықпен жұмыс істейді. Әр сабақ лекция түрінде, сұрақ – жауап және әр түрлі тапсырмалармен өткізіледі.
Мұғалімнің оқытып жатқан шәкірттері үнемі жоғары деңгейден көрініп отырады.
Ізденімпаз, талғампаз ұстаз бар шығармашылық әдістемесін, білімін шәкірттер жүрегінде білім нәрін себуге арнайды.
Гульзира Уласбековнаның оқушылары халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып отырды.
Осындай еңбектерінің арқасында Гульзира Уласбековна:
2010 жыл – «Жыл мұғалімі - 2010» 2 орын
2010 жыл– «Құрмет грамотасы» Қалалық білім бөлімі
2011 жыл – «Құрмет грамотасы» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне орай қалалық білім бөлімінен
2011 жыл – «Алғыс хат» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі А. Мырзахметов
2013 жыл – II дәрежелі Диплом мұғалімдер арасында қалалық пән олимпиадасы
2014 жыл – «Орыс тілі мен әдебиетінен оқушыларды ғылыми ізденіс әрекетіне баулығаны үшін» Алғыс Хат
2017 жыл – 1 орын мұғалімдер арасында қалалық олимпиадасында
2017 жыл – «Алғыс Хат» Онтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімі Н.Сауранбаевтан
2018 жыл–III дәрежелі Диплом «Онтүстік Қазақстан облысы Білім Басқармасы Пән мұғалімдерінің облыстық олимпиадасында
2018 жыл - “Алғыс хат” Түркістан облысының білім басқармасы. “Ұстаздар қауымының Кәсіби мерекесі Мұғалімдер күніне орай егемен еліміздің болашағын ойлайтын, тәуелсіздігін қорғайтын білімді ұрпақты оқытуда талмай еңбек етіп, біліммен сусындатып, Ұлттық болмысымызға тән тәлімді тәрбие беру ісіне сіңірген елеулі еңбегіңіз үшін алғыс”
2013 жыл – ҚР ОҚО «Білім беру ісінің үздігі» медалі
2017 жыл – I дәрежелі Диплом орыс тілі пәнінен Халықаралық олимпиадасында
2017 жыл - Орыс тілі пәнінен Халықаралық олимпиадаға оқушыларды дайындағаны үшін Диплом (1 орын)
2017 жыл – Республикалық олимпиадаға оқушыларды дайындағаны үшін Алғыс Хат (2 орын)
2016 жыл –“Білім беру жүйесін жетілдіруге, сапалы білім мен саналы тәрбие беруге, озық тәжірибелер мен ғылыми шығармашылық жұмысын дамытуға және насихаттауға қосқан үлесі үшін марапатталады”. “Жеті күн” Республикалық қоғамдық - саяси газеті Мадақтама. Астана қаласы.
2017 жыл – «Педагогикалық шеберлік» республикалық- ғылыми әдістемелік журналынан мадақтама
2017 жыл – «Педагогикалық шеберлік» республикалық ғылыми -әдістемелік журналында «Формирование коммуникативных универсальных учебных действий на уроках русского языка и литературы» атты мақала шығарылған
2018 жыл - «Білім Шыңы- Ғылым сыры» Республикалық журналынан Құрмет Грамотасы
2018 жыл « Мәңгілік Елдің мәртебелі мұғалімі». Білім саласына қосқан елеулі үлесі үшін Республикалық « Білім Шыңы- Ғылым сыры» журналы және қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған жобасының арнайы медалімен марапатталды.
2018 жыл – Халықаралық журналында «Материалы Международной научно – практической конференции»: «Совершенствование преподавания родного языка в условиях многоязычного образования: проблемы, новые подходы и решения» «Эффективные методы и подходы в навыках овладения и использования русского языка в условиях многоязычного образования» атты мақала шығарған (352-356 беттер)
2018 жыл –“Көптілді білім беру жағдайында ана тілін оқытуды жетілдіру: проблемалар, жаңаша көзқарастар және шешімдер” тақырыбындағы халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциясына қатысқаны үшін Сертификат берілді
2018 жыл Онтүстік Қазақстан облысы Білім Басқармасы. Құрмет грамотасы. «Білім беру саласының өркендеуі жолында адал қызмет етіп, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі ерен еңдегін жоғары бағалап және қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін марапатталады
2019 жыл Диплом «XXIғасырдағы оқытудың тиімді дағдыларын қалыптастыру: мұғалімдердің инновациялық Білім беру технологияларының тәжірибесімен алмасу» атты III Республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып I орын алғаны үшін
2019 жыл – Құрмет грамотасы және төсбелгі. «Елбасының «Рухани жаңғыру» идеясы аясында қолға алынған «Білім беру саласындағы 100 жаңа есім» энциклопедия жобасына еніп, еліміздегі ең үздік педагогтар қатарынан табылғаныңыз үшін мараппаттайды.
2019 жыл– I дәрежелі Диплом «Қазақстанның болашағы жастардың қолында» атты республикалық ғылыми - практикалық конференцияда 1 орын алғаны үшін марапатталды. Алматы қаласы
2019 жыл - II дәрежелі Диплом «Новые технологии и педагогическая практика» атты мұғалімдер арасында IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференция Ресей Федерациясы, Москва қаласы.
2019 жыл– Халықаралық ғылыми практикалық конференциясында қатысқаны үшін Сертификат, Варшава, Польша
2019 жыл– Халықаралық олимпиадаларға, конференцияларға, эссе байқауларына оқушыларды дайындағаны үшін Алғыс Хат
2019 жыл- Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі «Құрмет грамотасы» (К.Шәмшідінова)
2019 жыл – «Өрлеу» БАҰО I - Дәрежелі Диплом Республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы - 2019» бейне- сабақтар мен бейне - дәрістер байқауының өңірлік кезеңінде заманауи білім беру әдістемелерін қолдану бойынша озық тәжірибелерін таратқаны үшін марапатталады.
2019 жыл - I дәрежелі Диплом «Новые технологии и педагогическая практика» атты мұғалімдер арасында V Халықаралық ғылыми-практикалық конференция Ресей Федерациясы, Санкт - Петербург қаласы.
2020 жыл- Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі «Құрмет грамотасы» (А.Аймағамбетов)
2020 жыл- Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
«Дарын» Республикалық ғылыми практикалық орталығы «Құрмет грамотасы»
2020 жыл «Современное образование: новые требования, новые возможности, новая ответственность» Халықаралық тамыздық онлайн – конференцияға қатысқаны үшін сертификат берілді
2020 жыл Диплом II дәрежелі. Дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдары мұғалімдерінің «Үздік авторлық бағдарлама» Республикалық конкурсының жүлдегері марапатталады
2020 жыл Абай Құнанбаев 175 жылдығына арналған мерей медалі
2020 жыл Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы. Құрмет грамотасы. «Тәуелсіз Қазақстанның рухани даму жолында ұрпақ тәрбиесіне сіңірген еңбегімен және білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін» марапатталады
2020 жыл «ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2020» республикалық байқауының жеңімпазы!
Гульзира Уласбековна, қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сізге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін.
Автор:
Ж.Батырбаева,
«Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының
курстан кейінгі қолдау және инновацияларды ендіру зертхана меңгерушісі