» » Пескография баланың танымдық эмоционалды дамуының құралы ретінде

Пескография баланың танымдық эмоционалды дамуының құралы ретінде

Баланың қиялын дамытуда, өзін-өзі дамытуда қазіргі замандағы жаңа технолоияның ерекше түрі бұл - құм терапиясы. Құммен жұмыс жасау баланы ашуға тез берілуден, жылауықтықтан, агрессиядан айықтырады және алдын-ала сақтайды.

Құммен жұмыс жасау екі түрге бөлінеді.

1 Құмға сурет салу( Пескография)

2.Құммен емдеу ( Песочная терапия)

Бала үшін әр өнердің түрі ерекше болғанымен, құммен сурет салу қай жағынан да тигізер пайдасы ерекше. Құм – тек баланы өнерге баулып қана қоймай, медициналық тұрғысынан да тиер көмегі ерекше. Қазіргі таңда, көпке таныла бастаған құм терапиясы да қарқын алып келе жатқаны баршаға мәлім.

Құммен сурет салудың тарихы

Құммен сурет салу немесе San-art жанры өткен ғасырдың 70-ші жылдары АҚШ-та пайда болған. Алғашқысында бұл құмдық өнер анимациялық жаңалық ретінде енсе, кейіннен оның қолданыс аясы кеңейе түсті.

Бұл сала Қазақстанда әлі де кеңінен таралған жоқ. Әлі де білмейтін жандардың қатары жетерлік.

Құм анимациясының өзі екі түрде қолданылады. Терапия ретінде және өнер ретінде.

Терапия түрін алар болсақ, ол баланың ұсақ маторикасын, ойлау қабілетін дамытады. Баланы әсемдікке, әдемілікке үйретеді. Баланың шығармашылығын тереңдетеді. Өз ойын толыққанды жеткізе алуына кеңінен мүмкіндік береді. Және де қазіргі таңда бір орында отыра алмайтын гиперактивті балалар көп. Баланы нақты нәтижеге жұмыс жасап, тиянақтылыққа баулиды.

Оқу қызметін ұйымдастыру бойынша кеңестер (Ережелер)

Құммен жұмыс жасамас бұрын, балалармен құммен жұмыс істеу кезінде мінез-құлық ережелерін қайталау керек:

1.Құм жәшігінен құмды шашуға болмайды.

2.Құмды бір-бірінелақтыруға немесе құмды аузыға салуға болмайды.

3. Құм тұратын шыны қораптың түбіне сызат түсіретін заттар мен материалдарды пайдалануға тыйым салу керек.

4. Ойыннан кейін барлық ойыншылардың орындарын алып тастау керек. 5.Балалар өте мұқият жұмыс істесе де, құм үстелге немесе еденге шашылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда балалар еденді өз бетімен сүртіп, құмды қоқыс жинағышқа жинауы керек. Құмды мезгіл-мезгіл тазалап отыру керек. Құммен ойнағанға дейін және одан кейін қолды жуу керек.

Негізгі қарсы көрсеткіштер

Құммен жұмыс істеу кезінде қарсы көрсеткіштер бар. Мұндай әрекетке эпилепсия немесе шизофрения аурулары бар балаларды, егер демікпе немесе шаң мен ұсақ бөлшектерге аллергия болса, сондай-ақ қолдарда тері аурулары мен кесулер болса, тарту қажет емес.

· Құммен құмсалғыш жұмыс істеуге арналған жабдық

· Құм жәшігі немесе (50x70x8)

· Құм кварц немесе қарапайым, бірақ міндетті түрде електен өткізіліп, пеште кальцийленген

· Миниатюралық фигуралар жиынтығы

· Құмға арналған щетка мен қалақ

Құм терапиясының маңыздылығы:

· сөзбен айтып жеткізе алмайтын ойлаумен қобалжуларды сыртқа шығаруға көмектеседі.

· Іште туындаған қиын жағдайларды, шығармашылық потенциалдарын босатады.

Құм терапиясын 3 жастағы балалармен бастауға болады. Кейбір адамдар бұл әдісті психоанализге әкеледі деп ойлайды, бірақ менің тәжірбиемде терапияның еркін әдіс екені көрсетіледі.

Мысалы көгілдір түсті құмзар, онда бала мен ересек бірлесе ойнайды. Ойында ойыншықтар қолданылады.

Балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істеу барысында байқағаным балалардың байланыстырып сөйлеуі және сөздік қорларының кемшіліктері басым болуда. Осымен қатар оларда сөйлеу тілі өте төмен дамыған олар агрессивті, бір-біріне қайрымды болмауы және бір-біріне мейірімділік шыдамдылық танытпауы басым.

Балаларға ата-анасымен тікелей қарым-қатынасын компьютер мен теледидар алмастырады.Осындай келеңсіздіктердің нәтижесі балалардың тез және жиі шаршайтындықтары, сабаққа деген қызығушылақтарының төмендеуі, байланыстырып сөйлеуін және сөздік қорларының аздығын болдырады, коммуникативтік дағдыларының дамуын тоқтады. Тәрбиешіге түрлі мінездегі балалармен жұмыс істеуге тура келеді .Осы жұмыстарды шешудің бірден-бір жолы «Құм терапиясы».

Сурет салу мен құммен сурет салудың айырмашылығы

Сурет салу өнері мен құм өнерінің ең басты айырмашылығы ол – сезіну болып табылады. Яғни, балапандарымыз тек құмның көмегімен берілген тапсырманы орындап қана қоймай, ең бастысы ұсақ және ірі қол маторикасын дамытады. Ойлау , қиял, зейін, есті факторы жұмыс атқара отырып дами түседі. Танымдық және психикалық процестер баланы өзін жайлы сезіндіріп шығармашылық белсенділігін арттырады.

Құммен сурет салу үшін аса бір өнерді қажет етпейді. Кез-келген бала сурет сала алмаса да, құммен сурет салу үшін еш қиналмайды. Құммен сурет салу ең жеңіл, әрі бала үшін де, ересек үшін де барлық жағынан ыңғайлы.

Құммен сурет салу жас талғамайды

Құммен сурет салу жас талғамайды. Қалаған адам өзінің ойындағы ойларын және сезімін құммен сурет салу арқылы ұштап, серігіп алуына болады. Не болмаса профессионалды тұрғыда құм терапиясы дейміз, құм өнерімен айналыса алады.

Құммен сурет салуда әр адам тынығып, демалып қалады. Бұл жүз пайыз практикалы түрде дәлелденген.

Баланың құммен ойнаудағы тағы бір пайдасы – бала өзі туралы айтудың, эмоциялық күйзелісін құм арқылы көрсете біледі, ішкі дүниесін сыртқа шығара алады.

1. «Құммен сурет салуды үйренеміз». Осы сабақты балалармен бастапқы кезеңде әрқайсысымен жекелеп өткіземіз. Бір заттың бейнесін саламыз немесе көшірме қағаз арқылы бейнелейміз. Суреттің ортасына жіңішке қылқаламмен желім жағып үстіне құм себеміз, 1-2 минуттан соң артық құмды алып тастаймыз да, қайта өз ыдысына қалдық құмды саламыз.

2. «Суретті құммен саламыз». Сабаққа түрлі түсті гуашпен боялған және түрлі табиғи реңкі бар құмдарды қолданамыз. Түрлі түсті құмды біртіндеп желіммен әр түсті жеке алып отырып суретті шығарамыз.

3. «Бауырсақ және түрлі безендірілген қуыршақтар» дымқыл құмнан мүсіндеу.

Құм ойындары

Қыстың суық күндерін де сыртқа шығу мүмкін болмаған жағдайда балалармен құммен ойнайтын түрлі ойындар ұйымдастыруға болады.

Ойын түрлері:

1.«Ненің ізі».

2.«Келесіге бер»

3.«Сезімтал алақандар»

4.Еркін ойындар»

Бала тәрбиесінің басты ошағы отбасы десек,құм терапиясының маңыздылығы балабақша мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың болуына үлкен үлес қосады.Бала құммен ойынды тек балабақшада ғана ойнап қана қоймай,үйге барғанада да сол ойынды жалғастырады.Осы орайда балабақша мен ата-ананың байланысын нығайту барысында ата-аналарға үйге төмендегідей тапсырмалар беріп отырамын.

Ұсақ моториканы дамыту жаттығулары:

1.«Коктейль трубочкалары»

2.«Моншақтар»

3.«Фасольды теру»

4.«Жіпті орау»

5.Сусымалы заттарды сапыру»

Қорытынды.

Қорыта айтқанда «Құм терапиясының» негізін қалаушы Карл Густав Юнг «Қиялдау - ол барлық мүмкіндіктердің анасы, онда қарама-қарсы сыртқы және ішкі дүние бірге қосылады» деген. Демек бала қиялындағы сөзбен айтып жеткізе алмайтын дүниесін құмға түсіре алатындығына көзіміз жетті.

Бала қолымен және табиғатпен жасалған шынайы, тартымды және тартымсыз пішіндерді қолданады, ал қолдан жасалған заттар шындықты қабылдауға көмектеседі.

Құм терапиясы арқылы баланың мынадай құзіреттіліктерін дамытуға болады:

● Шығармашылық

● Танымдық

● Интеллектуалдық

● қарым–қатынас

Құмзар ойындарды, жаттығуларды пайдалану балалардың эмоциясын, шығармашылығын, зейіндерін, қабілеттерін дұрыс көзқарастарын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Педагогикалық процестің негізгі бағыты әрбір жеке тұлғаның мәдениетін тәрбиелеу, әрбір баланың жеке дара ерекшелігін ескере отырып, қойылған міндеттерді іске асыруда жеке тұлғаны жан - жақты етіп қалыптастыру шешімін табады. Заманауи инновациялық әдістерді мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында

қолдану арқылы, балаларды шаршатпай, жалықтырмай, жан - жақты дамуына «Құм терапиясының» тигізер үлесі өте зор. 


Автор:

ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы

бейнелеу өнері маманы

Еримшеева Ақмарал Ермағанбетовна

29 қаңтар 2021 г. 24 182 0

Похожие новости:

title
Күннің көзі
Рухани жаңғыру және тәрбие
title
Тас пен құм сыры
Рухани жаңғыру және білім
title
1 саны мен цифры
Рухани жаңғыру және білім
title
Ағаш - табиғат көркі
Мектепке дейінгі білім

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 206 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031