Тас пен құм сыры
Қажетті құрал жабдықтар мен материалдар: бейне материял,теңіз құмы, түрлі тұсті тастар,гуаш,мақталы таяқша түтікше,аквариум, түрлі-түсті кұм, үлестірмелі бейнеленген суреттер
Әдіс- тәсілдері: Көрсету, тусіндіру, әңгімелесу, сұрақ- жауап.
Сөздік жұмыс: Тастар, зертхана, қанқыз.
Билингвальды компонент:. құм-песок,тас-камень
ҰОҚ-нің барысы:
Тәрбиеші балалармен амандасады. Көңіл күйлерің қалай?
Балалар: тамаша
Олай болса қане барлығымыз орнымыздан тұрып
Шаттық шеңберге тұрып бір-бірімізге жылулық сыйлау
Алақанды ашайық
Күннің нұрын шашайық
Таза ауаны жұтайық
Жүрекке жылу сыйлайық
Қонақтарға шашайық
Балаларға сұрақ қою арқылы табиғат құбылыстарын, төрт мезгілді сұрай отырып, назарын аудару. Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Көктем мезгілінде ауа райында қандай өзгешеліктер болады? деген сұрақтарға балалар жауап береді.
Ғажайып сәт. Жалқаубек жылап келеді ,көзіне достары құм шашып жібергенің,қолында тас ұстап балаларға лақтыруын айта келеді.
Достарынын бұлай жасауға болмайтының тас пен құмның зиянымен падасын айтып түсіндіру
Тәрбиеші:Балалар, қараңдаршы үстелдің үстінде не жатыр?
Балалар:Тастар, ұйілген құмдар
Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар
Балалар, бүгінгі біздің ұйымдастырылған ашық оқу қызметіміздің тақырыбы «Тас пен құмның сыры»» деп аталады. Көзімізді жұмып елестетейікші, тастарды біз қайдан көреміз? - Дұрыс айтасыңдар. Барлығымыз интерактивті тақтаға назар аударайық, (слаидтар көрсету) шынымен де тастар судын астында, жерде болады екен және үлкен тастар да болады екен.
Қалай ойлайсыңдар, тастар қайдан алынады? Жаңбыр кезінде жартас арасына енген су қыстың күні қаттады және оларды кеңітеді, жыл сайын жарық үлкейіп отырады сонан соң таудан тас бөліктері сынып түседі. Тастың пайдасы қандай?(слайд көрсету )
Балалар ,біз сендермен бүгін тастарды зерттей аламыз,. Қазір біз зерттеушілер болып,тәжірибе жасаймыз.
Тасты абайлап ұстауымыз керек,жерге түсіріп алсақ аяғымызды ауыртып аламыз.
№1 тәжірибе: «Түсті және пішінін анықтау» Бізге тастар қандай түсті және қандай пішінді болатының білу керек. Тастарға мұқият қарандар, олар қандай түсті және пішіні қандай екенің айтындар. (екі түсті бет, ақ бетке домалақ тасты, қызыл түсті бетке басқа пішіндерді салу)Қорытынды: тастар пішіні әр түрлі үлкен- кішкентай болады
№2 тәжірибе: «Сыртқы жағын анықтау» Бізге тастын сыртқы жағын анықтау керек: тегіс немесе бұдырмақты? Қазір қолдарына ұнаған тасты алыңдар. Енді маған тегіс пе, бұдырма жауап беріңдер
Қорытынды: тастың сыртқы пішіні әр түрлі.
№3 тәжірибе «Тастың қатты екенін анықтау»Балалар, оң қолымызға тасты, сол қолымызға пластилинді алып алақанымызға қысамыз?Қорытынды: тас қатты.
№4 тәжірибе: «Тастын дыбыс шығаратынын анықтау»Екі қолына екі тас алып бір-біріне соғу.Қорытынды: тастар дыбыс шығарады.
№5 тәжірибе: «Тастың температурасын анықтау »Кез келген тасты алып , бетіне тигізу. Тас суық па әлде жылыма?Әрине суық. Балалар тасты жылытайық . Демалу гимнастикасын жасау.Қорытынды: тастың температурасы әр түрлі.
№6 тәжірибе «Жүзгіштігін анықтау»Енді тастың суда жүзгіштігін тексерейік. Салыстыру үшін тасты және ағаш қабығын алайық. Суға тасты және ағаш қабығы саламыз.Біз некөріп тұрмыз?Тас неге батып кетті?Су болған тастың түсі ашық болады, құрғақ тастың түсі ашық емес. Қорытынды: тастын ауырлығынан батып кетті
Тастардың бетіне сурет салуға болады екен.Интерактивті тақтаға назар аударайық. Тастардың бетіне әр–түрлі суреттер салынған. Балалар енді бізде тастың бетіне сурет салып көрейік. Тастың бетіне қанқыздың суретін саламыз. Барлығымыз қанқыздың суретіне назар аударайық қанқыздың түсі қандай болады екен? Алды мен ауада қанқыздың суретін салып көрейік. Қара қарандашты алып, тастын бейнесін саламыз. Қызыл түсті гуашь бояуы мен бояп шығамыз. Ең соңында, көзін саламыз.
Сергіту сәті.
Күн болып жанайық
Мөлдір судай ағайық
Гүл болып жайнайық
Терең-терең демалып
Жүгіріп-жүгіріп алайық
Жалқаубектен көзінің жақсы болип қалғаның сұрау
Балалар енді біз құмның қасиеттерін білейік (слаид көрсету)
Құм туралы түсінік беру
№1Тәжірибе: «Құмның жеңілділігін анықтау» Ыдыстағы құмды үрлеу арқылы жеңілдігін білу,ылғалды құмның ауырлығын салыстыру
№2Тәжірибе: «Құмның жылдамдығын анықтау»Варонкамен құмды шыны ыдысқа салу
Құм терапия ойыны: «Кім жылдам»
Ойын шарты: Тақтаға күн мен бұлттын суретін салу,тақтаға қарап ,құм бетіне суреттерін салады
Қортынды:Балалардың тасқа салған суреттеріне талдау жасау, мадақтау
Ең жақсы шыққан суреттерге көрме жасаймын .
Сұрақ–жауап арқылы ұйымдастырылған ашық оқу қызметін пысықтау.
Ал, енді қонақтармен қоштасайық
Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық
Көріскенше күн жақсы
Аман –есен болайық
Күтілетін нәтиже:
Қайталай алады:.. көру және ұстау арқылы тәжірибиені зерттеу,жасау
Түсінеді: өлі табиғат құбылыстары туралы,құм мен тастың айырмашылығын
Қолдана алады:таспен құмға сурет салуды үйренеді.
Автор:
Айғабыл Ақтоты Жақсылыққызы
«Нұрай»жеке балабақшасының әдіскері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті