Болашағым-бақытты бүлдіршінім
Ақиқат іздеп ашынған,
Алаңға шықты жалындап.
Қазағым-қаным, арым деп...
Көк бөрісі даламның
Қайрат та болды құрбаны
Шоқтығы биік қырандар,
Талқысына түсті тағдырдың,
Қасіретке толды жүрегі
Ақ жаулықты ананың.
Арайлап атты ақ таң да,
Тәуелсіздігі елімнің.
Тұғырлы болсын мәңгілік,
Болашағы жерімнің.
Арман-тілегі асқақ елдің.
Жастары қайсар, дарабоз
Ұрпағы текті – ұлы елдің.
Қауызын жарған бүлдіршін.
Рухы биік, ойы ұшқыр,
Мақтан етер бабасын.
Аламын менде саяма
Бағыт беріп, бағдарлап,
Ұлы өмір көшіне,
Сенімі мол тұлғаны,
Тәрбиелеу мақсат жаныма.
Қастерлейді Отанын бала сұңқар,
Жадына құя білсең жүрек нұрын.
Жарқырайды жұлдыздай шуақ шашқан,
Мақтанышы елімнің үміт артқан
Болашағым-бақытты бүлдіршінім.
Нурзат Кайралапова
ҚМКҚ №100 «Гауһар» бөбекжай балабақшасының
жоғарғы білікті, бірінші санатты мектепалды тобының тәрбиешісі
Аудандық мектепке дейінгі білім беру ұйым педагогтарының «Шексіз талант» ІІІ қалалық шығармашылық фестивалінде «Үздік декламатор» номинациясы бойынша Бас жүлдегер
Алматы қаласы, Әуезов ауданы