» » Мұхтар Әуезов “Көксерек” әңгімесі

Мұхтар Әуезов “Көксерек” әңгімесі

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Балалар мен үлкендер

Мектеп: №47

Күні: 

Мұғалімнің аты-жөні: Буханова Д.У

Сынып:7  Қазақ  әдебиеті

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

М.Әуезов «Көксерек»

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқубағдарламасына

сілтеме)

7.Т/Ж1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау.


Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады:

Әңгіме сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдай алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

шығарма мазмұны мен пішініне  талдау жасайды

Кейбір оқушылар орындай алады:

шығарма мазмұнындағы оқиғаны бүгінгі өмірмен салыстыра алады, шығарма желісі бойынша  тұжырым жасайды.Салыстыра біледі.

Бағалау критерийі

  • шығарманың негізгі сюжетін айқындайды;
  • шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды;
  • шығарманың мазмұнын біледі.

Тілдік мақсаттар

Оқушы орындай алады:

Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің мазмұнын меңгереді, сюжетін толық сипаттайды.Әңгіменің құрамдас бөліктерін талдай алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Көк­жал – жыртқыш, қасқырдың­ арланы

Арлан­  қасқыр­, ит тұқымдастарының еркегі.

Итмұрын- раушангүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктер туысы.

Итаяқ- итке тамақ құйып беретін ыдыс

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Дала тағылары мен адамдар іс-әрекетіндегі ұқсастық неде? (мыс. қаталдығынды» н/е «жауыздығында», «нәзіктігінде») Себебін дәлелдеңіздер.
2. Көксеректің жойқын дүлей күшке айналу себебі. («тағылығы», «қаталдық» т.б.) Себебін дәлелдеңіздер.
3. Құрмаштың қайғылы тағдырына кім кінәлі? («Көксерек», «әкесі», «өзі», т.б.) Себебін дәлелдеңіздер.
4. Жалпы табиғатқа шабуыл жасау, оның тылсым тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыңдар? («қарсымын», т.б.) Себебін дәлелдеңіздер.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының«Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» атты 5-тармағындағы идеялар М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін оқыту барысында ішінара атты тармағын басшылыққа ала отырып тілдік құндылықтарға баулу арқылы іске асырылады.

Пəнаралық байланыс

Биология, тарих

Алдыңғы білім

«Доп лақтыру» әдісі арқылы өткен сабақты пысықтауға арналған сұрақтарға жауап береді.

1.Көксеректі адамдар ауылға қайдан алып келді? Екі қасқырдың ініндегі күшіктерді адамдар қалай алды? Неге ауыл иттері оған өш болды?

2.Ауыл адамдары Көксерек туралы қандай сөздер айтты? Ол сөздерді не себепті айтты?

3.Көксерек ауылдан неше рет кетіп қалды? Соңғы кеткен уақытындағы табиғатты автор қалай суреттейді? Не себепті Көксерек ауылға тыныштық бер мей малдарын жеп кете береді?

4.Құрмашты Көксерек таныды ма? Көксеректің Құрмашты өлтіруіне қандай оқиғалар себеп болды?

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5мин

Сабақтың мақсаттары мен критерилерімен таныстыру

Сыныпты топқа бөлу

С. Топқа бөлу2 минут

Топқа бөлемін : «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды  кассадан  билеттер алып, 1,2,3 вагондарға бөлініп отрады.

 

Сабақтың ортасы

35мин

Білу және түсіну 5 минут

І. Т. Топтарға тапсырма:

 (Мәтін бөліктерін тарату)

Оқулықтағы тапсырмаларды топтарға бөлу

Сөздікпен жұмыс

Көк­жал – жыртқыш, қасқырдың­ арланы

Арлан­  қасқыр­, ит тұқымдастарының еркегі.

 Итмұрын- раушангүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктер туысы.

Итаяқ- итке тамақ құйып беретін ыдыс

ІІ. Т. «Хикая картасы» 7мин

Әр топ әңгіме сюжеті бойынша «Хикая картасын» жасайды.Қорғайды.Пікірталас сұрақтары.

1. Әңгіменің басталуы-Қараадырдың қарағанды сайы,елсіз жердегі қасқырлар мекені.

2. Әңгіменің дамуы- адамдардың табиғат заңына қарсы келуі.

3. Әңгіменің байланысы-күшікті ауылға алып келуі және Құрмаштың Көксерекке бауыр басуы.

4. Әңгіменің шиеленісуі- өзіне жақын,түсінетін тіршілік иесіне жолығуы.

5. Әңгіменің шарықтау шегі-құтырған Көксерек.

6. Әңгіменің шешімі- Құрмаштың өлімі.

7. Әңгіме қорытындысы.

Бағалау критерийлері:

1.Әңгіме сюжетінің дамуын көрсететін суреттер тізбегін көрсетеді;

2.Өз суретін үзіндіге сүйеніп бейнелейді;

3.Әңгіменің мазмұнын, сюжетін толық ашады.

ІІІ.Т І топ «Ауыл өмірі мен тағылық 

өмір» венн диаграммасы


ІІ топ Көксеректің бейнесін жасаңыздар

Көксерек

ІІІ топ.«Көксерек» әңгімесіндегі оқиға желісін дамытып жазыңдар. Адам мен қасқыр арасындағы қарым-қатынасты өз ойларыңмен толықтырып, оқиғаның шиеленісуінің себебін анықтаңдар.

Құрмаш қанша тәрбиелесе де, Көксерек ұрлық пен адал астың айырмасы не екенiн ұға алмады. Бiресе өздерi берiп тұрып: «Же», – дейдi. Бiресе сондай тамақты өзi тауып алып жеп жатса, ұрып салады. Сол себептi кей кездер алдына дайындап қойған тамақты да жемей, көзiнiң астымен жалт-жалт қарап жатушы едi. Қалай да болса үзiп-жұла жүрiп, Көксерек аш болмайтын. Күнiне екi мезгiл тамақ iшу мұның шарты болып алды. Екi рет қолдан ас құйылмаса, ол күнi Көксерек өз бетiмен барып, бiрдеменi жеп жататын

Бағалау критерийлері:

1.Адам өмірі мен тағылық өмірді салыстырады

2.Көксеректің бейнесін жазады

3. Адам мен қасқыр арасындағы қарым-қатынасты өз ойларыңмен толықтырып, оқиғаның шиеленісуінің себебін анықтайды

ІУ. Ж Шығарма мазмұны бойынша пікірлеріңді жаз

«Төрт сөйлем» тәсілі

1.Пікір

Оқыған мәтін бойынша өзіндік пікіріңізді бір сөйлеммен жазыңыз.

2.Дәлел

Өз пікіріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіз.

3.Мысал

Пікіріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіз.

 Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыз

Бағалау критерийлері:Өзіндік пікірін сөйлеммен жазады, бір сөйлеммен дәлелдейді, өмірмен байланыстырады, тақырып бойынша қорытынды шығарады.

оқулық

Сабақтың соңы

5мин

V. Жазушы шығармасын неге “Көксерек” деп атаған? Әңгімеден алған әсерімізді білдіре отырып, шығарманың негізгі идеясы туралы тұжырым жасайық.

Негізгі идеясы

Әңгімеден түйген өмірлік тұжырымым

Менің көзқарасым  

Кері байланыс: 

бағдаршам, смаилик  әдісі арқылы бағалау жүзеге асырылады.

«Бағдаршам»  әдісі

   
Қызыл-орташа

Сары –жақсы

Жасыл-өте жақсы

Қосымша мәлімет



Саралау –оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлай

сыз? Қабілетті оқушыға  тапсырманы қалай түрлендіре

сіз?

Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

денсаулық және  қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылық

тармен байланыс (тәрбие элементі)

Қарқын бойынша саралап, тапсырма бойынша саралауды жоспарлайды.

Жұбына көмектеседі, түсіндіру тапсырма

ларына бағыттап отырылады. Ынтасын арттыру үшін сабақтың барлық кезеңдерінде барынша қолдау көрсетіледі.

Қалыптастырушы бағалау «Бағдаршам», смаиликтер

Кері байланыс «Мұғалім-оқушы» «Оқушы – оқушы» арқылы бағалауды жүзеге асырамын.

Қазақстан тарихы. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының

«Зайырлы қоғам және жоғары руханият» атты тармағын басшылыққа ала отырып тілдік құндылықтарға баулу.Техникалық қауіпсіздікті сақтау, Қазақ тілінің мәртебесін көтеру маңыздылығы жайлы ой қозғау.

Сабақ бойынша рефлексия

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізеді ме? Егер оқу мақсатына қол жеткізбеген болса неліктен деп ойлайсыз?

Сабақ қалай және қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау дұрыс іске асты ма? (тапсырма сәйкес болды ма?)

 

 

 

 

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты):

1.Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

   

 











Динара БУХАНОВА

№47 жалпы орта білім беретін мектептің 

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі 

ШҚО, Семей қаласы

06 ақпан 2019 г. 27 776 0

Похожие новости:

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 227 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 613 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031