Талантты және дарынды мұғалімдер қалай анықталды?
«Мектептегі тәжірибе» кезеңінде мектепті дамыту жоспарын іске асыру бойынша көшбасшы ретінде талантты мұғалімдерден топ құруды шештім. Талантты мұғалімдердің қалай таңдалғандығы туралы тоқтала кетсем. Мектепте шығармашылықпен жұмыс жасайтын деңгейлік курстан өткен үш мұғаліммен қоса қызығушылықтары оянған мұғалімдерден тұратын ерікті топтарды алдым.
МДЖ-ні іске асыру жоспарын, басымдықты, жоспарлап отырған іс-шараларды талдап,өзгеріс керек пе әлде өзгерту қажет емес пе? деген сауалды ортаға тастадым.Мектептегі тәжірибе кезеңі 1 ай көлемінде өткізіледі,сондықтан аз ғана уақытқа үлкен міндеттердің атқарылуы мұғалімдерде кері реакция тудыруы мүмкін деген қорқыныш та болды. Жаңа идея енгізу үшін бірігіп жұмыс жасап, жоспарлы түрде орындасақ нәтижеге қол жеткіземіз деген сенімді де білдіре кеттім. Педогогикалық кеңесте МДЖ іске асыру жоспары таныстырылды. Мұғалімдер өз тәжірибелерін жақсартуда оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізеді. Жетілдіру үдерісі әртүрлі нысанда өтеді,ерекше ойлануды қажет етеді. Біз нені өзгерткіміз келеді? Бұл нәрсені өзгерту үшін біз не істеуіміз керек? Қашанға дейін? Мектептің даму жоспарында қалай қолданамыз? деген сұрақ барлық мұғалімге ой салды. Әр мұғалімнің пікірі құнды, сондықтан айтылған ойлары, ұсыныстары тыңдалды, мектеп мүмкіншілігіне қарай жоспардағы іс-шаралар топтастырылды және оны іске асыратын шығармашылық топтағы мектеп тренерлері, деңгейлік курсты бітірген мұғалімдер LS іс-әрекеттегі зерттеу жұмысын оқу үдерісі, оқу-тәрбие саласы, желілік қоғамдастықта жүргізу үшін коучинг-сессия тақырыптарын, зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру үшін қандай сыныптарды зерттеуге алатындарын анықтап алдық. Әр сабақ беруші мұғалімнің сабақ жоспарын құруға көмектесу, қолдау көрсетуді жүзеге асырдық. 6 адамнан тұратын шығармашылық топ құрдық. І топ көшбасшысы ІІІ деңгей мұғалімі, мектеп тренері, оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары тәрбие саласы бойынша зерттеу жүргізуді, ІІ топ көшбасшысы ІІІ деңгей мұғалімі, мектеп тренері сабақ процесіндегі іс-әрекеттегі зерттеуді, ІІІ топ көшбасшысы ІІ деңгей, мектеп тренері желілік қоғамдастық кезіндегі іс-әрекеттегі зерттеуді, ал жас маманмен тәлімгерлікті өзім жүргізетін болып жоспарды бекіттік.
Ұжым арасында алауыздықты тудырмау үшін жоспардың мақсаты мен табыс критерийлерілері арқылы нәтижеге жету үшін оқу мен ойлану үдерісінде қалай іске асырып жатқанымызды жүйелеу үшін күнделік бастадым.
- Тәжірибе барысында «Үш қадамдық сұхбат»-оқу-ісінің орынбасары оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары үнемі кері байланыс дағдысын дамыту арқылы әр атқарылған іс-шараны басшы ретінде бақылап, соңында рефлексифтік жазбаларын алып отырдым. Қандай кедергі ойымды өзгертті және ұжымды бақылау кезінде нені байқадым? Біріншіден, МДЖ-ні іске асыру жоспарын деңгейлік курстан өткен үш мұғаліммен жүзеге асырамын деген сенім болып еді, бірақ жоспарды талқылау кезінде мен мынаны байқадым: Деңгейлік мұғалімдерден гөрі қызығушылық танытқан мұғалімдер менің бастапқы көзқарасымды түзетуіме түрткі болды. Бұл ой менің тәлімгер мен тәлімалушыны дұрыс таңдауыма көмектесті.
- Тәлімгерлікті жүзеге асыру дәлелелдері.
- Тәлімгерліктегі басты ұстаным-тәлімалушыға кәсіби түрде дұрыс бағыт беру, мәселелерді шешуде көмек көрсету, өзінің іс-тәжірибесімен бөлісу, атқарылатын жұмыстың мақсатын дұрыс қоя білу, оған жету жолдарын жоспарлауға көмектеседі. Oxley зерттеуі бойынша: «Тәлімгерлік түзету қағидатына емес, даму қағидатына негізделген», деген баға берген. Сондықтан тәлімалушымен жұмысты бастамас бұрын коучинг-сессияны «Тәлімгер және тәлімалушы» тақырыбында өткізуді жоспарладық.
Тәлімалушы-жас маман, бастауыш сынып мұғалімі. Тәлімгерлікті өзім жүргіздім, себебі тәлімалушы өзі қалады.
Жұмыс бастамас бұрын тәлімалушымен кездесу кезінде жас маманның екі жыл демалыста болуы оқу процесінде қиындық туғызып келе жатқаны, тәжірибелі мұғалімдердің тәжірибесінен үйренуді қажет екендігін өзіне мақсат етіп отырғанын түсіндім. Қала мектебінен ауыл мектебіне келгендегі қиыншылық оқушылардың аздығы, оқу шапшаңдығының әлсіздігі, ата-ана тарапынан қиыншылық туып тұрғаны байқалды. Сондықтан осы 2-сыныпты LS іс-әрекеттегі зерттеу жұмысын жүргізу арқылы мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс дағдысын дамыту, ата-ана серіктестігін құруды жоспарладық. Сыныпта 3 оқушы, бала саны аз, зерттеу қалай жүреді? деген ой туғанымен тәлімгер ретінде күнделікті жұмысыма сыни көзбен қарай білдім.
Тәлімалушы бойынан қызығушылық, іздену байқалды. Оқыту мен оқу дағдыларын оқушы бойына дамытуда, ҚМЖ жасау кезінде түсінбеген, сұрақ тудырған мәселелерді сұрап, жүзеге асырудан жалықпады, тыңдай біледі. Оқушылардың білім деңгейлерін зерделеу үшін: жаратылыстану, математика, өзін-өзі тану пәндерін тізбектелген сабақ ретінде зерттеуге алдық. Сыныпты LS іс-әрекеттегі зерттеу әдісін жүргізілетіні туралы ата-анаға ақпарат беріліп, баласының білім сапасы жөнінде сұхбат жүргізе отырып, ата-анамен серіктестік құрдық. Оқушылардың білім сапасы неліктен төмендеді? Себебі неде? Қалай білім деңгейін көтеруге болады? Ата-ананың баласының білім деңгейін көтеруде үлесі қандай? Осы сұрақтардың жауабын табу үшін зерттеу барысында бірінші сабақ-жаратылыстану және үшінші өзін-өзі тану сабағына ата-ананы қатыстыра отырып, мұғалім, оқушы, ата-ана арасындағы кері байланыс дағдысын жетілдіру жұмыстарын жүргізуді жоспарладық. Зерттеу сабақтары бейнежазбаға түсіріліп отырылды. Бейнежазба бақылаушы ретінде талдау үшін, оқушының оқуын бағалау үшін, тәлімалушымен сабақ алдында және сабақ соңындағы кәсіби әңгімені жазу үшін тиімді болды.
Тәлімгерлік жүргізу жоспары қалай жүрді. 3 кезеңде тәлімгерлікті жүзеге асыру:
1.Сабақты бақылау. Өзім тәлімгерлік еткен мұғалімімен дайындық жұмыстарын қалай жүргіздім. Бірінші, тәлімалушының зерттеуге өз сыныбын ұсынып тұрған себебін анықтау үшін шығармашылық топпен сабағына қатысып, кедергіні анықтап алдық. Оқушылардың білім сапасы туралы дерек көзін оқу-ісінің орынбасары, сынып жетекшісі, мектеп психологынан деректерді алып, зерттеу жүргізуге, бейнежазбаға сабақты түсіруге келісімді ата-ана тарапынан алдық. Ата-ана өз баласы туралы ақпаратты біліп отыруы қажет, себебі курсалды тапсырма кезіндегі алынған сауалнама қорытындысы бойынша ата-ананың өз баласы туралы ақпарат алмайтындығы баса айтылған. Тәлімгер мен тәлімалушының атқаратын жұмыс жоспары құрылды, бекітілді. Сабаққа дейін сабақ жоспарын,оқушымен жүргізілетін жұмыстарды бірлесе отырып жоспарланды. Әңгіме барысында ашық сұрақтарды қолдандық, оқыту мен оқу сапасын жоғарлату мақсатында АКТ қолданудың тиімділігі сабақ барысында қалай жүзеге асыру жағын ойластырдық.Жануартану сабағында оқушының тыңдалымы қай деңгейде екенін анықтау үшін жануарлардың дыбысын ұялы телефон желісі бойынша тыңдатып, қай жануар екендігін сурет арқылы жауап тетігін басу көзделді. Екінші сабақ математикада есептерді оқушы АКТ-ны пайдалана отырып шығару, жауабын интерактивті тақта арқылы көрсету жоспарланса, үшінші сабақ өзін-өзі тануда баяу музыка ырғағымен тапсырманы орындату арқылы жүзеге асырды.
2. Сабақ барысында зерттеуші мұғалімдермен бірге басшы ретінде сабақ барысын бақыладым. Оқыту мен оқуда ҚМЖ жоспарындағы мақсатқа жету, мұғалім мен оқушының кері байланыс беру дағдысының қалыптасуы, тәлімгер тарапынан айтылған ұсыныстардың жүзеге асуын бақыладым. Бірінші, соңғы сабақтарда сабаққа ата-ананың қатысуы өзгерістің бар екенін көрсетті. Бірінші сабақта ойын шашыратып, баласы үшін алаңдаған ата- ана, соңғы сабақта еркіндікті сезінді. Сабаққа баласымен бірге дайындалғаны көрініп тұр. Ата-ана сабақ барысында нақты сабақтың өзіндік мақсаттарына қол жеткізу үшін АКТ-ның алуан түрлерін пайдалануға болатынына көздері жетті. Бұл тәлімалушының жетістігі, менің де қызығушылығымды оятып, тәлімалушыдан үйренерім бар екенін білдім.
3.Сабақтан кейін тәлімалушымен қайтадан бұл сабақты талдап, кері байланыс бердім. Сабақ барысында оқушыдан алған кері байланыс оқушының оқу мақсатына жетуіне тиімді ме? Ата-ананы сабаққа қатыстыруда нені ұттыңыз? Келесі сабағыңызға сізге қандай қолдау қажет? деген сұрақтарды қоя отырып тәлімалушымен жүйелі жоспарды құрдық. Ондағы мақсатымыз жаңа оқыту тәсілін қолдана отырып, бірлесе жоспарлау. Тәлімгер ретінде тәлімалушыға ой-өрбітуге мейлінше көмектесіп, кедергілерді шешу кезінде қолдау көрсетілді. Сабақ алдындағы ата-ананың баласына ізгі-тілек айтуы.Ата-ананың мұғалімге деген көзқарасын өзгертті.Ізденіс тәлімалушымен қоса ата-анада да байқалды. Ата-анамен оқушы арасындағы кері байланыс.
Мектептегі тәжірибе кезінде МДЖ іске асыруда басымдықты жүзеге асыру үшін шығармашылық топпен «Оқыту мен оқудағы кері байланыстың тиімділігі» коучинг-сессия тақырыптары таңдалды. Іс-шараларды өткізу кезінде оқыту тәжірибесіне өзгеріс енгізудің тиімділігін іске асыруды,нәтижеге жетуді жоспарладық. Алдымен шығармашылық топпен коучинг-сессияны өткізудің қажеттілігін айқындау үшін деректер жинақталды.
Коуч коучинг-сессияны жүргізу барысында топтық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы кері байланыс ала білді.
Топпен жұмыс қызу жүрді. Постер қорғауда кері байланыс берудің тиімділігін дәлелдеу сәтті болды. Қатысушылар нақты ойларын жеткізе білді.
Мұғалімдер бірлесе отырып, постер құрауда өздеріне көп мағлұмат алды. Топта талданған кері байланыс беру тәсілдері тәлімалушы тізбектелген сабақтарында тиімді қолданылды.
№2 коучинг-сессия «Lesson Study» бойынша сабақтар жүргізудің тиімділігі ІІІ деңгей мұғалімі шығармашылық топпен бірлесе отырып, LS зерттеу сабақтарын жүргізудің тиімділігін жоспарлай отырып, жүргізді. Ақпарат кең ауқымда алынған, коучинг-сессияға зерттеуге қатысатын ынталандырушы топтар қатысты. Кей мұғалімдердің зерттеу әдісіне әлі де мән бермей келе жатқандары байқалды. Топпен жұмыс бірінші өздерінің зерттеу әдісі туралы не білетіндігі туралы постер қорғаумен жүзеге асты. Коуч LS зерттеу жұмысының ережесін АКТ қолдану арқылы талдата отырып, түсіндіру жұмыстары жүрді. Оқыту үдерісінде қолданылатын кері байланыс туралы түсінікті кеңейтті. Рефлексифті іс-әрекеттің оқу мен оқытудағы тиімді тұстарын көрсету, кері байланыстың маңыздылығын ұғындыру, әріптестермен тәжірибе алмасу, тәжірибеде кері байланыс енгізуге бағыт-бағдар беру тиімділігі қалай сыныпты зерттеу барысында жүзеге асыруға болатындығы жөнінде топтар арасында кері байланыс жүргізілді. Бақылаушы ретінде нені байқай алдым. Бұл коучинг-сессияның тиімділігі сол зерттеуші топ мүшелері бақылау парақтарын тиімді пайдалана алуды жүзеге асырды. Сондай-ақ топ нысанаға алған оқушының сабақ барысындағы деңгейін анықтауда жауапкершілікті сезінді. Әр сабақ соңында бақылау парағын топ жетекшілеріне тапсырып, кері байланыс парақтарын тапсырулары өзгерістің барлығын көрсетті. Басшы ретінде қатысушы мұғалімдерден кері байланыс жазбасын алу кезінде нені байқай алдым? Коучинг-сессиясынан кейін мұғалімдер кері байланыс тиімділігін сезінгендігін, күнделікті сабақта кері байланысты пайдаланатынын, кері байланысты оқушымен жүзеге асыру қолынан келетіні, әріптестерімнің тың идеяларының көп болғаны мені таң қалдырды, болашақта өз сабағымда кері байланыстың басқа тәсілдерін тиімді пайдалануды, осыдан кейін мен енді сабағымда пайдалана аламын деген жауаптар мұғалімдердің белсенді болғанын білдірді.
Коуч АКТ-ны тиімді қолдана білді. Постер қорғау кезінде І топ LS зерттеу ««LS әдісі бойынша сабақ жүргізудің тиімділігі» тақырыбында өткен коучинг-сессияның мақсаты нысанаға алған сыныпты зерттеу барысында мұғаліммен оқушы арасындағы кері байланыс беру дағдысын оқыту мен оқуда қалай тиімді қолдануға болатынын жүзеге асыруды көрсетті. Коучинг-сессияға 18 мұғалім қызығушылықпен қатысты.Оқыту мен оқудағы LS әдісі арқылы табысты оқытуға қол жеткізе алды Зерттеу күрделі процес,сондықтан әр мұғалімнің жауапкершілігі, пән мұғалімдерінің сабақты жоспарлау кезінде нені ескеру керектігі, бірігіп жоспарлаудың жолдарын айқындады
Коучинг соңында мұғалімдерден алынған кері байланыс жазбасынан нені байқадым. Үш критерий жазылған кесте қағазы,11 мұғалім кері байланыс бере білген:
1. «Мен бәрін түсіндім,өзгеге көмек көрсете аламын»-толықтай келіседі-6 мұғалім, келіспеймін-2 мұғалім, жауапсыз-3 мұғалім.
2. «Мен тақырыпты түсіндім. LS –ді өткізуге қарсы емеспін»-келісемін-9 мұғалім, жауапсыз-2 мұғалім.
3.«Мен тақырыпты түсінген сияқтымын, бірақ маған көмек қажет» келісемін-8 мұғалім, жауап жоқ-3
Бұдан шығатын қорытынды бұл коучинг-сессияны әлі де жетілдіруді қалайтындығын білдім. Чикаго мектебін зерттеу барысында болашақта нені енгізе аламын. Зерттеуші мұғалімдердің оқу мен оқытуда неге мән беруін жоспарлайды.
• Сабақ оқыту жоспарымен қалай жанасады және сынып үшін оқып білу жүйелілігі
• Сыныптағы оқушылардың ерекшеліктері мен олардың жеке басының қажеттіліктері қалай өзгерген?
• Оқушылардың білімге деген құштарлығы
• Ұстаз оқушыны қалайша қызықтырады
• Ұстаз нұсқауды қалайша саралайды
• Ұстаз оқып білуді қалай бағалайды
• Сабақ жоспарынан ұстаз қалай ауытқиды
3 Коучинг-сессия сабағының жоспары «Тәлімгер мен тәлімалушы».
LS-зерттеу жұмысы арқылы тәлімгер мен тәлімалушының жұмысын жандандыра отырып оқушының кері байланыс беру дағдысын дамытуды жетілдіру. Бұл коучинг-сессияны өзім өткіздім, басты мақсатым: қатысушы топтарды үш топқа бөле отырып бір-біріне тәлімгерлікті жүзеге асыру. Топ үшке бөлінді. «Тәлімгер», «Тәлімалушы», «Зерттеуші». Коучингтің 1 кезеңінде «LS тәсілін іске асыру барысы» туралы қысқаша мәлімет берілді. Біріншіден, «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі болып табылды. Мұғалім оқушылардың оқу үдерісін анықтайды, зерттеуге кіріседі. Екіншіден, зерттеу кезінде дәлдік шығу үшін оқушының оқуы туралы деректер жинауды көздейді. Үшіншіден, тәжірибені жақсартудың демократиялық жолы жүзеге асты. Іс-әрекет қалай өрбіді: бірлесіп жоспарлады, топтың бір мүшесі зерттеу сабағын жүргізді, қалған мүшелері қадағалады. Сабақ алдында тәлімалушымен сұхбаттасып, сабақ жоспарын талдайды, сабақтан кейін келесі сабақтың сабақ жоспарын жасайды, тәлімгер ұсыныс айтып, қайта жоспарлайды. Топ ережесі бойынша постер қағазы арқылы түйінді ойларын қорғап, тәлімгер тәлімалушымен нені жоспарлайды, қалай жүзеге асырады, қандай нәтижеге жете алатыны туралы ойларын ортаға сала білді. Тәлімгерлік әдісін болашақта жалғастыруды жоспарладым.
Мұғалімдердің өз сыныптарында орын алған оқыту мен оқу тәжірибесіндегі өзгерістер туралы дәлелдері. Оқушының оқуындағы өзгерісі туралы пікір.
Салтанат Смаилова,
«Қызылқой жалпы орта білім беру мектебі» КММ-нің
мектеп директоры, педагог-зерттеуші
Қарағанды облысы, Шет ауданы