» » Жаңартылған білім беру жүйесі - терең де сатылы стратегиялық жаңғырту кезеңі

Жаңартылған білім беру жүйесі - терең де сатылы стратегиялық жаңғырту кезеңі

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ ұйымдастыруымен және Г.Б.Избасарованың жетекшілігімен 2019ж 11.03-05.04. аралығында Түркістан қаласындағы мектептерден келген 30 тыңдаушымен курс өтті.

 Аталған курс барысында ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана «жаңашыл педагог» қалыптастыратынына көз жеткіздік. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бізден жедел өзгеріп жатқан заманға бейімделуге мүмкіндік беретін түбегейлі өзгерістер енгізуді, өз кәсіби шығармашылығымызды шыңдауды талап етеді. Жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Сапалы білімді - тынымсыз ізденіп, үздіксіз кәсіби дамып, қоғамның сұранысына лайықты ақпараттық - коммуникативтік технологияларды меңгерген мұғалім ғана бере алады. Заман талабына сай жабдықталған әр ұстаздардың осы талапқа сай жұмыстануға бетбұрыстары осы курс барысында айқын көрініс тауып жатты.

 Курс тыңдаушылары арасында өткізілген түрлі тақырыптардағы коучингтер, ықшамсабақтар әріптестердің арасында ынтымақтастық орнатып, ұстаздардың көзқарасы өзгеріп жаңа инновациялық мүмкіндіктерді пайдалануға, түрлі тиімді оқытудың стратегиясымен танысуға мүмкіндік туды.

Білім беру бағдарламасы бойынша жүргізілген курстарда тыңдаушылардың бойында тілдік дағдылары қалыптастыруды оқытудың әдіс-тәсілдері үнемі жаңарып отыруы, инновациялық технологияларды меңгеріп оны тиімді қолдана білудің маңызы зор екендігін түсіндік. Жаңартылған білім беру бағдарламасы туралы мол түсінік алып қана қоймай, білім жүйесіне енген жаңалықтың қыр-сырымен бөлісіп, жас мамандарға ақыл-кеңес беріп, сондай-ақ күнделікті сабақтарымызда қолданып жүрміз.

Біз, яғни курстағы әріптестер тренерімізбен әлі де тығыз байланыстамыз. Оның дәлелі ретінде 2019 жылдың 27 қарашасында «Қазіргі білім беру жүйесіндегі инновациялық процестер» атты Облыстық педагогикалық оқуға қатысып, “The most effective ways to improve listening skills” атты мақаламыз үздік деп танылып, материалдар жинағына енді.

Сондай-ақ, 2019 жылдың 23 желтоқсанында өткен өрлеу тренері «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының оқытушысы Г.Б.Избасарова ағылшын тілі пәні мұғалімдерімен “Increasing learners` interest in English lessons” тақырыбында онлайн кездесу өткізді. Тренермен кездесуде мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, сұрақтарға жауаптар алып, курста оқып үйренген әдіс-тәсілдерін күнделікті сабақтарында тиімді қолданып жүргендерін де айтып өтті.

Сондықтан, біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырған «Өрлеу»БАҰО» АҚФ Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ ұжымына алғыс білдіре отырып, тренеріміз Гүлмира Болатқызына шығармашылық табыс тілейміз.

 

 

Анарбаева Назым Нурганиевна

Түркістан облысы, Түркістан қаласы

№8 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта мектеп КММ

Ағылшын тілі  пәні мұғалімі

18 наурыз 2020 г. 34 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930