» » ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ АЙДЫН ЧЕТИН КЕЛДІ!

ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ АЙДЫН ЧЕТИН КЕЛДІ!

5 қазанда Қарағанды индустриялдық  университетінің «Жасанды интеллект технологиясы» кафедрасына Түркия елінен қонаққа профессор Айдын Четин келді. Профессор Түркияның ең ірі жоғары оқу орындарының бірі – Анкара қаласында орналасқан Гази университетінің өкілі. Айдын Четин осы университетте компьютерлік инженерия кафедрасында жұмыс істейді. Профессор Айдын Четин рецензияланатын халықаралық басылымдарда 57 жарияланымның, оның ішінде «Scopus» базасына кіретін журналдарда 31 мақаланың бірлескен авторы болып табылады. Профессор жүргізген зерттеулердің өзектілігі оның жарияланымдарының дәйексөзімен және сәйкесінше Хирштің жоғары индексімен (H-Index (Scopus) = 8, H-Index (WoS) негізделген. 

Дәстүр бойынша жыл сайын халықаралық ынтымақтастықты кеңейту шеңберінде жетекші шетелдік университеттердің профессорлары Қарағанды индустриалды университетінің студенттері үшін дәрістер оқиды және практикалық сабақтар өткізеді. Биылғы жылы «Бағдарламалық инженерия» білім беру бағдарламасының студенттері үшін «АТ-жобаларды басқару» және «Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу» пәндері бойынша Түркиядан келген Гази университетінің профессоры Айдын Четин дәріс оқыды.

  Сабақты өткізу барысында профессор Айдын Четин оқытудың инновациялық әдістерін белсенді қолданды, мысалы, дәріс-мәселе, топтар бойынша жұмыс, мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету мен онлайн-сервистерді пайдалана отырып, өз жобаларын әзірлеу бойыша бірқатар ойларымен бөлісті . Түрік профессорының Қарағанды индустриялық университетіндегі сапары 3-ші қарашаға дейін жалғасады.

 Теміртауда болған уақытында Айдын Четин бакалавриат студенттері, магистрант пен докторанттарға арналған «Жасанды интеллект технологиясы» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамына және ЖОО-ның басқа да құрылымдық бөлімшелеріне арналған тренингтерді ұйымдастыруға және өткізуге қатысадын болады.  Сондай-ақ, ғылыми зерттеулерді бірлесіп жүргізу жоспарлануда, олардың нәтижелері жетекші ғылыми басылымдарда жарияланатын болады.

Дереккөз: Қарағанды индустриялық университетінің баспасөз қызметі
12 қазан 2022 г. 12 129 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 958 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031