» » Халықаралық ғылыми-жаратылыстану жасөспірімдер олимпиадасына дайындық

Халықаралық ғылыми-жаратылыстану жасөспірімдер олимпиадасына дайындық

Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің оқушылары, физика пәнінен облыстық жасөспірімдер олимпиадасының, Қ.Сәтбаев атындағы Халықаралық олимпиадасының, облыстық жалпы орта білім беру пәндер олимпиадасының, Халықаралық ғылыми-жаратылыстану жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздары атанған Драганчук Антон, Рахимжанов Динмухамед және Лим Владимир 2018 жылғы 22-31 қазан аралығында Ресейдің Долгопрудный қ. Мәскеу физика-техникалық институты негізінде өткізілетін оқу-жаттығу жиындарына қатысады. 

Бұл жиынға Қазақстан Республикасы құрама командасының 8 мүшесі қатысады. Жиын рейтингісінің қорытындысы бойынша биылғы жылы Ботсвана Республикасында өткізілетін халықаралық ғылыми-жаратылыстану жасөспірімдер олимпиадасының қатысушылары анықталады.

Халықаралық ғылыми-жаратылыстану жасөспірімдер олимпиадасы

(ағылш. International Junior Science Olympiad, IJSO) – 15 жастан аспаған оқушыларға арналған беделді халықаралық олимпиадаларының бірі, 2004 жылдан бастап өтеді. Әр мемлекет 6 оқушыдан тұратын команданы қатыстыра алады.

Үш кезеңде (теориялық, практикалық және тәжірибелік) өткізілетін олимпиада қатысушыларында биология, химия, физикадан білімдерінің болуы қажет.

Жас физиктерімізге жиында жоғары рейтинг көрсетіп, халықаралық олимпиадада жеңіске жетулерін тілейміз!

04 қазан 2018 г. 2 393 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 715 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930