» » Білім мазмұны жаңаруы керек

Білім мазмұны жаңаруы керек

 Аз күннен кейін еліміздің барлық өңірінде мектеп қоңырауы қайта соғылып, күз маусымының алғашқы күні білім теңізіне бет алған жас шәкірттерді мектеп партасы өзіне шақырады. Осыған орай, Алматы қаласын­дағы физика-математика бағы­тындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде қалалық дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Басқосуға жиналған 700-ден астам білікті ұстаз білім берудің жаңа бағыттары мен алдағы оқу жылының барысын талқылады. 17.08.2017 20 Facebook Twitter Google+ Pinterest Vkontakte Telegram Басқосу барысында қаланың көш­бас­шы мұғалімдері әр пәннің ерек­шелігіне жеке-жеке тоқталып, оларды оқытудың жаңа әдістерін қа­лып­тастыру мәселесі бойынша тәжі­рибелерімен бөлісті. Тың ұсыныс­тар ортаға тасталып, әр баланың білімді, парасатты зияткер азамат болып қа­лып­тасуы үшін оларды жан-жақты тәрбиелеудің маңызы зор екені баса айтылды.   – Қоғам және адам өмірінің барлық даму салаларында орын алып жатқан елеулі өзгерістер жағдайында баршаны мектептегі білім беру қандай болу керек деген мәселе толғандырады. Адамзат дамуының жаңа кезеңі ақпараттың, экономиканың, мәде­ниет­т­ің жаһандануымен, сондай-ақ ақпараттық қоғамға көшумен сипат­талады. Біз ескі салалардың жойылып, жаңа салалардың пайда болып жатқанын көріп отырмыз. 2025 жылға қарай әлемдік эконо­миканың 46 %-ы цифрлы ортада болады деп күтілуде. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 10 %-ды құрайды және кейбір мамандықтардың жойылуына, басқа мамандықтардың пайда болуына алып келеді. Қазір бас­тауыш мектепте білім алып жатқан балалардың 65 %-ы жұмыстың жаңа түрлерінде қызмет ететін болады. Орын алып жатқан өзгерістерді ескере отырып, білім беру саласында заманауи сарапшылар мен зерттеушілердің көзқарастары келесіге саяды: оқу­шы­ларға ХХІ ғасырда кәсіби, әлеуметтік және жеке табысқа жету үшін қажетті дағдыларды дамыту мүмкіндігін беретін жаңа білім беру бағдарламалары, тәсілдемелер мен пішімдер қажет. Жас өскіндерге білім беру мазмұнын қайта қарастыру маңыздылығы әлемнің жетекші елдерінің қатысуымен өтетін халық­аралық деңгейде танылған алаңдарда да талқыланып жүрген мәселе. Сондықтан, ұстаздарымыз білім беру тактикаларын әрқашан жетілдіріп, жандандырып отыруы қажет дейді Назарбаев зияткерлік мектебінің тәрбие жұмысы жөніндегі зерттеулер директоры Алма Мырзашқызы. Тәлімгер тілге тиек еткендей, Мәс­кеу басқару мектебі мен Ресей Феде­рациясының стратегиялық бастамалар агенттігі әзірлеген мамандықтар атласында да тіпті біздің ойымызға кірмеген жаңа мамандықтар пайда болатыны айтылады. Мұндағы талқыланған тағы бір мәселе, оқушыларды күн санап қарыштап дамып келе жатқан цифрлы технологияларды игеруге бейімдеу болды. Оларды сандық құзыреттер бойынша тәрбиелеу, жұмыс істеуге дайындық және жағымды әлеуметтік қарым-қатынас үшін практикалық дағдыларға жетелейтін азаматтық құндылықтарды және цифрлы әлемде біртектілікті қалыптастырудан бастау қажет екендігі баса айтылды.  – Оқушылар 7-сыныптан бастап «Физика», «География», «Химия», «Биология» пәндерін меңгеретінін атап өткен жөн. Бастауыш мектептен бастап жаратылыстану-ғылыми пәндердің мазмұнын осылай құрылымдау пәнаралық кіріктіруді іс жүзінде жү­зеге асыру мүмкіндігін береді. Оқу­шылардың жүктемесін азайту мақсатында мұғалімдер кіріктірілген тапсырмаларды үй тапсырмалары ретінде әзірлей алады. Аталған пәндер бойынша кіріктірілген жобалық жұмыстарды орындау оқушылардың STEAM-білім беру инженерлік, сыни және шығармашылық ойлау қабілетінің дамуына ықпал ететін болады, – дейді география пәнінің мұғалімі Мәулен Телеубаев.  Білім беру саласында әлі де ақсап жатқан мәселелер мен өзекті сауалдар да басқосуда айтылмай қалған жоқ. Оларды шешу жолдары мен білім беру сапасын арттырудың жаңа бағыттарын қалыптастыру қажеттігі сөз болды. Жиын соңында Назарбаев зияткерлік мектебінің білікті ұстаздары арнайы шеберлік сағаттарын өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті. 
Арман ОКТЯБРЬ, 
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

17 тамыз 2017 г. 3 120 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 004 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 800 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930