» » Алматыда жүк көлігі аударылып, 10 метрге ұшып түсті

Алматыда жүк көлігі аударылып, 10 метрге ұшып түсті

Екі көліктің соқтығысуы кезінде жүк көлігінің жүргізушісі ауыр жарақат алды, ол ауруханаға жатқызылды. Алматыда Момышұлы мен Жаңажол көшелерінің қиылысында шағын жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысты, деп хабарлады "Edunews.kz" AA Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, Mazda жүк көлігі Момышұлымен солтүстік бағытта келе жатқан. Бұл кезде Toyota Caldina оған қарсы бағытта жүріп бара жатады. Жеңіл көлік жүргізушісі маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбестен, Жаңажол көшесіне солға бұрылмақ болып, жүк көлігіне соқтығысқан.
Mazda қатты соққыдан аударылып кетіп, шамамен 10 метрге ұшып түскен. Салдарынан екі адам – жүк көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алды. Жүргізуші ауруханаға жатқызылды, ал жолаушыны дәрігерлер тексергеннен кейін үйіне жіберді.  
11 қазан 2018 г. 55 412 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 659 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031