» » Министр балаларға мектеп жабдықтарын берді

Министр балаларға мектеп жабдықтарын берді

 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті. Бұл туралы мимнистрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова шараны аша отырып, қызметкерлерді аталған маңызды мерекемен құттықтады. Өз құттықтау сөзінде Тамара Дүйсенова Конституция бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешек кепілі екенін атап өтті.

–Конституция күні – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында оң шешімдер қабылдау барысында мемлекет пен қоғамдық санадағы рөлін айқындайтын айтулы мереке. Сіздерге бейбіт өмір, келісім мен тұрақтылық, әрбір отбасында бақыт пен шаттықтың орнауын тілеймін. Отанымыздың өркендеуі үшін биік белестерді бағындыру – бізді жаңа табыстарға жетелейді деп сенемін!, – деді Тамара Дүйсенова.

Жиын барысында министр бірқатар ведомство қызметкерін Алғыс хатпен марапаттады.

Шара соңында Білім күні қарсаңында, министрлік қызметкерлерінің 1- сыныпқа баратын  балаларына және де кейбір аз қамтылған отбасыларға мектеп заттары табысталды.

Еркін Қалдан

31 тамыз 2017 г. 1 599 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 261 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 622 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031