» » Білім берудегі көптілділік мәселелері

Білім берудегі көптілділік мәселелері

2019 жылғы 16 қазанда институттың «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБА институты, «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының жұмыс жоспарына сәйкес білім беру ұйымдарында көптілді білім берудің басым бағыттарын іске асыруда педагогтерге әдістемелік сүйемелдеу, өзара тәжірибе алмасу және талқылау  мақсатында «Білім берудегі көптілділік мәселелері»  тақырыбында жалпы білім беретін мектептерден жаратылыстану пәнінің мұғалімдеріне арналған ашық диалогтік алаң өткізді.   

Диалог алаңға облыстық және қалалық мектептердің жаратылыстану                          пән мұғалімдері қатысты. Құттықтау сөзімен директордың инновациялық білім жөніндегі орынбасары  физика-математика ғылымдарының кандидаты

 М.Ахтаев ашып берді. Өз сөзінде Мұхтар Бексұлтанұлы көп тілділікті уақтылы енгізудің маңыздылығын атады.

Диалог алаңның жұмысы екі бағытта өткізілді:

І. бағыты.Талқылау алаңы. 

1. Ұ. Таукебаева - Шымкент қаласы, № 2 жалпы орта мектебінің биология пәні мұғалімі;

2. Ауесханова Г -  Шымкент қаласы, № 2 жалпы орта мектебінің химия пәні мұғалімі;

3.  Аманбаев С.- Шымкент қаласы, № 2 жалпы орта мектебінің физика пәні мұғалімі;

 4. Османова Л. - Түркістан қаласы, № 13 А. Навои атындағы жалпы орта мектебінің  биология пәні мұғалімі;

5. Самалдикова Б. -  Мақтарал ауданы, № 30 С.Торайғыров атындағы жалпы орта мектеп биология пәні мұғалімі,;
6. Б.Айтулова - Шымкент қаласы, № 103 жалпы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі;

7. Н.Абдрашева -  - Шымкент қаласы, № 9 Ө.Жолдасбеков атындағы жалпы орта мектебінің биология пәні мұғалімі;

8. Тастанбек Б. - Шымкент қаласы, № 2 жалпы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі;

9. Жаппарова Г. - Келес ауданы, № 10 «Игілік» жалпы орта мектебінің химия пәні мұғалімі;

10. Асамбаев Ж.- Келес ауданы, № 46 Абай атындағы жалпы орта мектебінің физика пәні мұғалімі;

11. Жамбаева А. - Келес ауданы, № 39 Абай атындағы жалпы орта мектебінің биология пәні мұғалімі;

12. Сейітжаппарова Д. - Шымкент қаласы, № 65 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің химия пәні мұғалімі;

13. Исабаева Л. -  Шымкент қаласы, № 28 жалпы орта мектебінің физика пәні мұғалімі;

ІІ. бағыты. «Ізденімпаз – ұстаз» өз жұмысына таныстырылым жасау:

Мақсаты: Ұстаз ізденімпаздылығын нақтылай отырып, мұғалімнің тапсырмаларды орындаудағы қабілетін анықтау.

Іс-шара соңында аймақтық ашық диалог алаңы жоғары әдістемелік деңгейде өткізілгені айтылды. Қатысушыларды марапаттау рәсімі жүргізілді.

Осы іс-шараға белсенді қатысқан мұғалімдер «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы институттың алғыс хаттарымен марапатталды.

Тастанбек Беклан -1 дәрежелі дипломмен марапатталды;

Исаева Лаура, Аманбаева Күлім - II дәрежелі диплом;

ІІІ дәрежелі диплом үш мұғалім марапатталды. Олар, Самалдикова Ботакөз, Ауесханова Гүлнар, Асамбаев Жақсылық - ІІІ дәрежелі диплом.

Диалогтік алаңда мұғалімдер өз пәні арқылы үштілділікті меңгертуде оқушыларға түрлі органайзерлерді  сипаттау арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастырды; оқушының пәнді түсіну үшін ойлау қабілетін де жетілдіретін, пән бойынша ақпарат алумен қатар сол тілді меңгеруге мүмкіндік беретін, жоғары деңгейде ойлануға бағыттайтын,  ұстаздардың да жұмысын  нәтижелі ететін оқытудың белсенді технологияларын көрсету арқылы өзара тәжірибе алмасып талқылады.


Дереккөз: "EDUNEWS.KZ" ақпарат агенттігі


23 желтоксан 2019 г. 41 345 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 18 008 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 827 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031