» » Астанадағы №8 мектеп жабылып қалды

Астанадағы №8 мектеп жабылып қалды

 Астана қалалық білім басқармасы №8 мектептің жабылуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
 «Елорданың №8 мектебін жабу және оқушыларды таяу орналасқан мектептерге бөлу туралы шешімді Астана қаласының білім басқармасы тамыз айының басында қабылдаған болатын. №8 мектеп қаладағы ескі білім ордаларының бірі саналады. Ол 1962 жылы салынған. 2008 жылы Қазақстан қайта жаңғырту және даму көп бейінді институты мектеп ғимаратына арнайы сараптама жүргізіп, нәтижесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген еді. 5 жыл өткеннен кейін, 2016 жылы мектеп ғимаратынан жарықшақ табылды», - деп мәлім етті басқармадан. Осыдан кейін көшпелі комиссия құрылып, оның құрамына әкімдіктің, төтенше жағдайлар департаментінің, қалалық білім басқармасының өкілдері кірген. Мектептің техникалық жай-күйін тексеру және бағалауға қажетті қаржы бөлінген. «Қазіргі уақытта №8 мектептің оқушылары таяу орналасқан 3 мектепте (№4, 16 және 56 мектеп) білім алуда. Аталған нысан бойынша түбегейлі шешім қабылдану үшін жер қыртысы мен топырағына толықтай геологиялық зерттеу жүргізілуде. Білім басқармасы сараптама қорытындысын қосымша хабарлайтын болады», - делінген таратылған мәліметте.


12 қыркүйек 2017 г. 3 369 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 584 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930