» » Хиджаб емес, кимешек: Жаңаөзенде орамал таққан алпыс оқушы сабаққа бара алмай жүр

Хиджаб емес, кимешек: Жаңаөзенде орамал таққан алпыс оқушы сабаққа бара алмай жүр

Жаңаөзенде хиджаб мәселесі күннен-күнге ушығып барады. Оқу жылы басталғанына жарты ай өтті. Алайда, алпысқа жуық оқушы бастарына орамал таққандары үшін сабаққа бара алмай жүр. Ал, жергілікті білім бөлімі болса, мектеп формасына бағынбайтын ата - аналарды сотқа бергелі жатыр деп хабарлайды 31 арна.

  Жаңаөзендік бір топ ата-ана мектеп жасындағы қыздарының орамал тағып жүргенін қалайды. Алайда, олар бұның мектеп тәртібіне қайшы екенін ескермейтін сияқты.

"Біздің қызымыз хиджаб, паранжа киіп жатқан жоқ. Ол ұлттық нақыштағы біздің әжелеріміз, аналарымыз киген кимешек, орамал былайша айтқанда", - дейді Жаңаөзен қаласының тұрғыны Әлібек Салиқов.

Ал қалалық білім бөлімі басшылығы болса, оқушылардың мектепке орамалмен келуіне рұқсат жоқ деп отыр. Өйткені бәріне ортақ мектеп формасы бар. Сол сақталуы керек. Талап та солай.

"Менің қолымда Қазақстанның Білім және ғылым министрінің приказы бар 2016 жылдың 16 қарашада шыққан. 26-шы бұйрық бар. Мен сол бұйрықты орындауым керек. Мен директорларға тапсырма бердім. Біздер түсіндіріп айттық қой. Айттық. Алдарынан өттік. Біздің талабымыз осылай", - деп кесіп айтты Жаңаөзен қаласы білім бөлімінің басшысы Тәттімбет Жұмалиев.

Ұстаздар мен ата-ана арасындағы орамалға қатысты дау тек бұл жағдай ғана емес. Күні кеше Ақтөбе облысында да дәл осы проблема қайталанған болатын.
Дереккөз:NUR.KZ
14 қыркүйек 2017 г. 15 686 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 13 499 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031