» » «... Бір оқушы өлеңімді жатқа айтса, мен үшін бұл нағыз бақыт дер едім»

«... Бір оқушы өлеңімді жатқа айтса, мен үшін бұл нағыз бақыт дер едім»

 Ертіс өңірі таланттарға бай өлке. Сол  таланттардың ішінде есімі ерекше,  жазушы, ақын – драматург, халықаралық Джавахарлал Неру атындағы сыйлықтың иегері ретінде бүкіл республикамыз бен көптеген әлем мемлекеттеріне кеңінен танымал-Аманжол Шәмкенов.

 Ақын – халық перзенті. Ақынды, оның жан-жүрегінен жарып шыққан шабытты да жарқын жырларын оқушы қауым үнемі рухани азық етеді.

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, Жалпыұлттық патриотизм ұғымын кеңейтуге бағытталған «Туған жер» бағдарламасы негізіне жерлес ақын, жазушы, драматург А.Шәмкеновтің 90 жылдық мерейтойы республика көлемінде атап өтілуде.

Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықты махаббатына бөлеген Аманжол Шәмкеновтің шығармашылығына арналған  «Өмірім менің - өлеңім» атты I аудандық  Аманжол оқулары Қарақұдық  жалпы орта білім беру мектебінде өткізілді. Өзеннің басталуы, өнердің басталуы – екеуі  де қасиетті. Өзеннің  көзі бұрқ еткен қайнардан ашылса, өнердің көзі бір шумақ өлеңнен, иә, жалғыз қарасөзден басталмақ.  А.Шәмкеновтің туған жер тақырыбындағы өлеңдерін Ертіс өзені, кең дала, шалғындар, белдер, белестер, тоғайлар өзі жырлағандай ән салып тұрады.

 Ең бастысы, ақын өз өлеңдерінде туған жердің әсемдігін, адамдардың ерен еңбегін, ақ көңіл ауылға тән мінезін паш етеді.

«... бір оқушы өлеңімді жатқа айтса 

     Мен үшін бұл нағыз бақыт дер едім», - деген екен Аманжол Шәмкенов.

Бүгінгі күні ақын арманы орындалғандай. Оны бір оқушы емес, өзінің туған жеріндегі, ауданындағы мектеп оқушылары оқып, танып, біліп жатыр.

 Аманжол оқулары бірнеше жыл қатарынан туған жерінде ғана өткізіліп тұрды. Биылғы жылдан бастап аудандық деңгейде өтуде.

Аманжол оқуларының мақсаты : Мектеп оқушылары арасында Аманжол Шәмкеновтің  шығармашылығын насихаттау, өскелең ұрпақты  ақынның мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту болып табылады.

 І аудандық Аманжол оқулары бекітілген ережеге сай үш бөлім бойынша өткізілді:

         «Өмірім менің - өлеңім»: ақын шығармаларын жатқа айту конкурсы.

         «Ән толқынында» - А.Шәмкеновтің өлеңіне жазылған әндерін орындаушылар конкурсы.  

         «Талаптыға нұр жауар...»  -  жас дарындар  шығармашылық конкурсы (өз өлең, әндерін орындау).

Айтулы шараға облыстық «Өрлеу» институтының бас маманы

 

А.Қ. Даирова, аға оқытушысы С.Қ. Шабажанова, «Ертіс дарыны» орталығы  шығармашылық даму және қосымша білім беру бөлімінің меңгерушісі Д.Қ.Саламбекова қатысып,  Ертіс ауданында болашақ ақындар, ұрпақ жалғастығы бар екенін тілге тиек етті.

Жергілікті ақын Самат Маненұлы  ақын жайлы ой-пікірімен бөлісіп, Аманжол ағаның өшпес із қалдырған, Қазақстан мұғалімдерінің әнұранына айналған «Ұстазым әні» ол кісінің бізбен мәңгілік бірге жүргенінің белгісі десе, ақын апамыз Жамалова Нұрән Бопалайқызы ақынның туған жерге деген сүйіспеншілігінен туындаған өлеңдері жөнінде пікірін ортаға салып, тағылымды тәрбиелік мәні зор өлеңдерін  ұрпаққа жеткізу міндет деді.

Аудандық мәдениет үйінен келген Азамат Сатханов пен Салтанат Шәмей А.Шәмкеновтің сөзіне жазылған ән шашуын шашты. Аудандық  білім беру бөлімінің меңгерушісі А.Т.Садыкова келген қонақтарға алғыс айтып, ізгі ниетін білдірді.

Шараға ауданның 18 мектебінің 41 оқушысы қатысты.

І аудандық Аманжол оқуларының қорытындысы шығарылды.

«Өмірім менің - өлеңім» бөлімінде 1 орынға Северный орта мектебінің оқушысы Маженова Зияда ие болған, 2 орын – Кенесова Зарина,

Сілеті орта мектебінің 7 сынып оқушысы, Нурланов Расул, Қараағаш орта

мектебінің 6 сынып оқушысы, 3 орын – Майқоныр орта мектебінің

7 сынып оқушысы Тұтқабай Бекзат, №2 Ертіс орта мектебінің 7 сынып

оқушысы Иманкулова Айдана, Қарақұдық орта мектебінің 5 сынып оқушысы

Нургалиева Газиза.

«Ән толқынында» бөлімінде 1 орын - №2 Ертіс орта мектебінің оқушысы Асылханова Жанель, 2 орын – Еркін Айсана, Ынтымақ негізгі мектебінің 5 сынып оқушысы, 3 орын - Сакенов Адай, М.Горький орта мектебінің 9 сынып оқушысы.

«Талаптыға нұр жауар...» бөлімінде Қызылжар орта мектебінің оқушысы Серік Иса, 2 орын – Құрымсын Мөлдір, И.Байзаков ОМ 9 сынып оқушысы,  Әбілмасимова Жанерке – Бірлік негізгі мектебінің 6 сынып оқушысы, 3 орын – Амантай Эльнара – Амангелді ОМ 6 сынып оқушысы,Тоқсамбай Нұржан – Қызылжар ОМ 6 сынып оқушысы, Беспаева Аружан – Қоскөл ОМ 5 сынып оқушысы.

Ақын айтқан ұлағатты, өнегелі сөзді халық әр уақытта жадында ұстайды, сыйлайды, құрметтейді. Осындай халықтың ілтипаты, сыйына бөленген ақындардың бірі – Аманжол  Шәмкеновтің өмірі мен шығармашылығынан келешек ұрпақтың алары мол.

  
19 қазан 2017 г. 3 090 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 618 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 723 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031