» » Солтүстік Қазақстанда 18 жастағы студент менингиттен қайтыс болды

Солтүстік Қазақстанда 18 жастағы студент менингиттен қайтыс болды

 Алдын ала болжам бойынша ол менингококк инфекциясын жұқтырған, деп хабарлайды Baq.kz Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Мұндай мәліметті облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары хабарлаған.
Қайғылы оқиға қыркүйектің 26-ы күні Айыртау ауданында болған. Өзін жайсыз сезінген Көкшетау қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінің I курс студенті таңертен дәрігерге қаралып, күндіз комаға түскен.
Ақ халаттылар оның өмірін арашалап қалу үшін қанша күрескенімен кешкі сағат 22.00 кезінде науқас ауруханада көз жұмды
Естеріңізде болса, өңірде тамыз айында өңірдегі менингиттен бір адам қайтыс болған еді.
Алдын ала диагноз – менингит. Бес тәуліктен кейін нақты сараптама қорытындысы белгілі болады. Қазір бұл фактіге байланысты марқұммен араласқан 26 адам арнайы медициналық тексерістен өтті" - дейді облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының міндетін атқарушы Арман Күшбасов.


28 қыркүйек 2018 г. 1 723 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 240 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 617 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031