» » Алматылық педагог оқушыны не себепті ұрғанын айтты

Алматылық педагог оқушыны не себепті ұрғанын айтты

 Алматыдағы № 10 мектеп-интернатының тәрбиешісі Динаркүл Құрманбаева оқушыны ұрғаны үшін жұмысынан кетті. Тәрбиеші не себепті оқушыны өз бетінше жазалағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Айтуынша, сабақ алдында оқушылар көшеде тас лақтырған. Тастың бірі жаяу жүргіншіге тиіп, ол директорға шағым айтпақ болады. Алайда педагог істі өзі шешетінін айтып, шағымданбауын сұрайды.

Айта кетейік, бұған дейін тәрбиешінің оқушыны ұрғаны жасырын камераға түсіп қалғанын хабарлаған болатынбыз. 

“Ер адам арыз жазамын деді. Мұны өзім шешем деп, райынан қайтардым. Балаларды сыныпқа жинап ұрыстым. Қалай қол көтергенімді білмеймін”, – дейді тәрбиеші.

Мұғалімдер әріптесінің оқушыны осылай жазалағанына таңғалуда.

“Жиналыс өткізіп, тәрбиешіні бірінші күннен-ақ жұмысынан алдық. Бұл педагогтік этикаға жатпайды. Ата-аналар да екі топқа бөлінді. Бірі мұғалімді жақтап, біріп қарсы шықты”, – дейді мектеп директорының орынбасары Рысгүл Үшемова.

Оқушының анасы полицияға арыз жазды. Ол әділеттілікке қол жеткізем деп отыр.

“Ата-аналар бұған дейін осындай жағдай болғанын айтып жатыр. Былтыр да ол мұғалім балаларды ұрып, аузына түкірген. Ата-аналары балаларын мектептен шығарып жібере ме деп үндемей келіпті. Бәрі аз қамтылған отбасының балалары”, – дейді зардап шеккен баланың анасы Қаламқас Жұмабекқызы.

Аты шыққан мектеп-интернат қалалық білім беру басқармасының бақылауына алынды. Тәрбиешінің бұрын балаларды ұрған-ұрмағаны жөнінде тергеу жүреді.

“Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттемесі дұрыс орындалмаған жағдайда кінәлі адам әділ сотқа тартылатын болады. Мектеп тексеруге кірісті. Сараптамалар тағайындалды”, – дейді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

04 қазан 2018 г. 2 330 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 13 777 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 356 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930