» » ДОСТЫҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ КІРПІШТЕРІ ҚАЛАНДЫ

ДОСТЫҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ КІРПІШТЕРІ ҚАЛАНДЫ

Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде алғаш рет облыстық лицейлер мен мектептердің ата-аналары арасындағы Достық спартакиадасы өтті.

Жарыста облыстық үш тілде оқытатын мектеп, «Білім-инновация» ер балалар лицей-интернаты, «Білім-инновация» қыз балалар лицей-интернаты, «Дарын» мектеп-интернаты, ІТ лицей және Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектептің ата-аналар командасы бақ сынады.  

– Ата-ана ретінде мұндай спорттық шараларға қатысуға әрдайым дайынбыз. Дарынды балаларды тәрбиелейтін мектептердің ата-аналарымен жақын араласып, достық қарым-қатынаста болғымыз келеді. Бүгінгі шарада сол достықтың алғашқы кірпіштері қаланды, – деді ІТ лицейден келген ата-ана Назгүл Жұмағұлова.

Спорттық дода волейбол, үстел теннисі, шахмат және арқан тартыстан өтті. Ұйымдастырушылардың алдағы жоспарында достық спартакиадасын дәстүрлі негізде өткізу және басқа да спорт түрлерін қамту бар.

Жарыс нәтижесінде жалпы командалық есеппен бірінші орынды Зияткерлік мектеп ата-аналары иеленсе, екінші орын «Білім-инновация» ер балалар лицей-интернатына бұйырды. 

Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мектеп ата-аналары үшінші орынды місе тұтты. 

Спартакиада соңында қатысушылар Зияткерлік мектеп ұсынған достық дастархан басына жиналып, астан дәм татты.

 










Дереккөз: "EDUNEWS.KZ" ақпарат агенттігі
 
21 қазан 2019 г. 1 692 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 250 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 620 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031