NIS кіші жобалық кеңсесі Түркияда таныстырылды
Қазақстандық делегация Хажы Байрам атындағы университетте «Түркі тілдес халықтарының тілдері» факультетіндегі студенттер, оқытушылармен кездесті. Әсіресе түрік тарапты мектептегі «Рухани жаңғыру» кіші жобалық кеңсесінің жұмысы қызықтырды.
Қазақстаннан әкелінген кәде сыйлар арасында Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Сандуғаш Мырзағалидің тоқыған кілемі түрік жұртын тамсандырды.
– Алғаш рет бұл университетте Қазақстанның мәдени мұрасына арналған бұрыштың пайда болатыны бізді қуантып отыр, – деді аймақтық «Рухани жангыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Орынтай Биманова.
Іс сапар соңында түрік өкілдері Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін Түркияда таратуға қызығушылық білдіргенін жеткізді.
Дереккөз: edunews.kz Ақпарат Агенттігі