» » Сарыағаш ауданында студенттерге арналған 100 орындық жатақхана ашылды

Сарыағаш ауданында студенттерге арналған 100 орындық жатақхана ашылды

 Түркістан облысының Сарыағаш ауданында жаңадан студенттер жатақханасы ашылды. Аудандағы «Арыстанбаб» жоғары колледжінде пайдалануға берілген жатақхана заманауи үлгіде салынып, барлық жабдықпен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды edunews.kz Ақпарат Агенттігі ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

Бір жыл ішінде салынып біткен ғимараттың салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Мұхит Отаршиев арнайы қатысып, жатақхананы аралап көрді. 100 орынға лайықталған екі қабатты нысанның әрбір бөлмесі төрт адамға арналған. Бөлмелердің іші жиһазбен жабдықталып, жуынатын бөлме салынған. Шарада аудан әкімі жаңа жатақхананың салынуы студенттер үшін маңызды екенін атап өтті. «Ауданда жастарға сапалы білім беріп, оларға жағдай жасау барысында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл колледжде білім алып жатқан студенттер үшін қуанышты оқиға болып отыр. Жаңа ғимарат студенттердің оқуына жəне өз уақыттарын жайлы жағдайда өткізуге мүмкіндік береді. Осындай жағдай жасалған оқу ордасының студенттері білімді және білікті маман болатынына сенімдімін», - деді Мұхит Отаршиев.
 











Дереккөз: ҚазАқпарат тілшісі


08 қыркүйек 2020 г. 996 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 13 134 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031