» » Halyk Bank «ХАТУ» АҚ университетімен бірлесіп, Halyk Academy жобасы шеңберінде мамандандырылған ІТ-мамандарды даярлау бойынша оқу зертханалары мен оқу бағдарламаларын іске қосты

Halyk Bank «ХАТУ» АҚ университетімен бірлесіп, Halyk Academy жобасы шеңберінде мамандандырылған ІТ-мамандарды даярлау бойынша оқу зертханалары мен оқу бағдарламаларын іске қосты

Halyk Bank «ХАТУ» АҚ университетімен бірлесіп, Halyk Academy жобасы шеңберінде мамандандырылған ІТ-мамандарды даярлау бойынша оқу зертханалары мен оқу бағдарламаларын іске қосты, - деп хабарлайды edunews.kz Ақпарат Агенттігі.

2021 жылғы 26 ақпан, Алматы қаласы - Halyk Bank үшін жоғары технологиялық цифрлық қызметтерді дамыту басымдықты міндет болып табылады және оны жүзеге асыру үшін білікті кадрлардың болуы маңызды. Сондықтан Банк үшін де, бүкіл елдің мықты кадрлық резервін дайындау Банк үшін стратегиялық мәселе болып табылады. Halyk Bank Орталық Азиядағы жетекші мамандандырылған жоғары оқу орны - Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университетімен («ХАТУ» АҚ) бірлесіп, елдегі ең ірі Банктің біліктілігіне сәйкес келетін бос жұмыс орындарына үміткерлерді, сонымен қатар қажетті стэк технологияларға мамандарды дайындауды көздейтін жобаның бастамашысы болды.

Бүгін ХАТУ Университетінде алғашқы Halyk Academy зертханасының ресми ашылуы өтті.

 «Бұл осы масштабтағы алғашқы және өте маңызды қоғамдық жоба, сондықтан біз оның болашағы мен тиімділігіне белгілі үміт артамыз. Бұл болашақ мамандарды даярлау деңгейін көтеруге бағытталған, материалдық-техникалық базаның дамуына белгілі бір үлес қосады және студенттерге алдыңғы қатарлы банктік технологиялармен жұмыс жасау барысында тәжірибе алуға мүмкіндік береді. Менің ойымша, бірлескен күш-жігердің нәтижесінде бұл жоба ұзақмерзімді жемісті ынтымақтастыққа айналып, Банкке де, университетке де өз жоспарлары мен міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мен Halyk Academy қабырғасында студенттердің стартаптары болашақта ауқымды жобаларға ұласады деп сенгім келеді және біздің оқу бағдарламасы студенттерді өз кәсібін банктік индустрия үшін ІТ-дамытушы мамандандырумен байланыстырады. Оқу бағдарламалары шеңберінде студенттер тек теорияны ғана емес, сонымен қатар біздің Банк қызметкерлерінен қызықты жұмыстарымен таныса алады, сонымен қатар олар сұрақ қойып, өз жобаларын талқылай алады», - деді Halyk Bank төрағасының бірінші орынбасары Антон Мусин. 

Жобаны жүзеге асыру үшін серіктестер қысқа мерзімде көлемді жұмыс жүргізді. ХАТУ университетінің аумағында Halyk Academy зертханасы ұйымдастырылды. Зертхана базасында Банк технологияларының негізгі стэкі орналастырылды, даму құралдарына, бағдарламалау тілдеріне, банктің негізгі платформалары - Homebank, Onlinebank, Camunda BPM үшін құрылымдарға қолжетімділік қамтамасыз етілді. Зертхана мен коворкинг аймағының жастарға ыңғайлы болатын заманауи дизайны жасалды.

Бұл жобадағы технологиялық серіктес - Microsoft корпорациясы ХАТУ Университетіне соңғы буынның заманауи озық технологияларын қолдана отырып, IT пәндерін практикалық оқыту үшін өзінің «Azure Lab Services» бұлтты зертханасын дамытуға көмектесуде.

Бұлт зертханасы жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне АТ пәндері бойынша кез-келген практикалық сабақтар мен зертханалық жұмыстарды дамытуға, АТ-жобаларын әзірлеуге, курстарды немесе кәсіби дайындықты өткізуге, сондай-ақ «Azure» жоғары технологиялық бұлтты платформаның қауіпсіз жағдайында кез-келген көлемдегі ІТ-хакатондарын жасауға мүмкіндік береді.

Университеттің цифрландыру стратегиясын жүзеге асыруда осы жобаны әзірлеу және ХАТУ Университетімен серіктестік шеңберінде университет Microsoft корпорациясымен бірлесіп, профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігі мен құзыреттілігін арттыруға бағытталған корпорацияның бірегей білім беру бастамасы мен оқытушылар мен университет студенттеріне арналған бұлтты технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы Microsoft-тан халықаралық техникалық сертификаттауға дайындық бағдарламасы іс-жүзіне асты.

 

«Біз үшін Қазақстанның жоғары білім беру жүйесімен өзара іс-қимылдың басым бағыты - бұл нарықтың талабына сәйкес барлық мүдделі серіктестер арасында табысты синергияны құру. Жобаға әр қатысушысының өндірістік құзыреттілігін ескере отырып, бұл өзара әрекеттесу моделі экономиканың цифрлық трансформациясының қиындықтарына дайын Банктің және нарықтың сұранысына ие, бәсекеге қабілетті және сертификатталған IT мамандарын ұсынады. Halyk Bank-тің, ХАТУ Университетінің және Microsoft-тың бірлескен күш-жігерінің арқасында біз Банкке және университеттің әр студентіне көп нәрсеге қол жеткізуге көмектесетін осындай ерекше және болашағы зор жобаны іске қостық», -  Microsoft корпорациясы, ТМД және Қазақстандағы білім беру секторының жетекшісі Нұрлан Жаныбек.

Сонымен қатар, келесі оқу жылының басталуымен Банк ХАТУ оқу бағдарламасының бір немесе бірнеше тректерін бірлесіп жасауды жоспарлап отыр. Банк университетпен бірге қолданыстағы пәндерге GAP-талдау жүргізіп, оқу жоспарын банктік индустриядағы жаңа тенденциялар мен технологияларды, сонымен қатар Білім министрлігінің талаптарын ескере отырып бейімдеді. Қазірдің өзінде оқыту бағдарламасы нарықта сұранысқа ие ең жаңа технологиялар мен бағдарламалау тілдерін қамтиды. Банкте қолданылатын технологиялық стекке қолжетімділік Microsoft бұлтты қызметтері - Azure Lab Services-ке қол жеткізу арқылы қамтамасыз етіледі. Студенттер сондай-ақ банктік бизнесті дамытудың негізгі жобалары мен бағыттарына сәйкес тезистерін жазу үшін Research & Development үшін банктік кейстерді алады, бұл студенттердің нақты бизнес ортаға енуіне ықпал етеді.

Бұл бірегей бірлескен жобасы көпшілікке келесі мүмкіндіктерді береді:

• Банктің біліктілік талаптарына сәйкес келетін тұрақты үміткерлер легін ұйымдастырады;

• тағылымдамадан өту бағдарламаларын үнемі жетілдіріп отырады (онлайн бағалау, үміткерлерді бағалау үшін тестілеу);

• Банктің басымдықтарына сәйкес іскерлік жағдайларды зерттеу үшін университеттер базасында ғылыми-зерттеу орталықтарын ашуға негіз құруға;

• Банктің технологиялық стегін университеттің оқу жоспарына енгізу, университеттің оқу бағдарламасын банктің басым бағыттарына бейімдеуге;

• білім беру мен банк саласы арасындағы қашықтықты едәуір азайтуға.

Бұл маңызды қоғамдық жобасы қазақстандық қоғам үшін жоғары білікті кадрларды дайындауға, сондай-ақ болашақта да талантты жастарды Орталық Азиядағы ең ірі қаржы институты - Halyk Bank-те тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді. Бұл үшін Halyk Bank бірнеше жылдан бері HalykStart тағылымдама бағдарламасын сәтті жүзеге асырып келе жатқанын ескеріңіз.

 ХАТУ мен Halyk Bank тиімді тандемі мамандандырылған технологиялардың даму перспективаларын ескере отырып, оңай жаңартылатын теңдестірілген икемді және мобильді оқыту бағдарламасын құруға мүмкіндік береді.

Дереккөз: edunews.kz Ақпарат Агенттігі
03 наурыз 2021 г. 3 494 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 230 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 614 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031