» » «Горец» хореографиялық ансамблі

«Горец» хореографиялық ансамблі

«Горец» хореографиялық ансамблі Шымкент қаласында өткен байқауда I орын, Гран-при және Супер-Гран-приді жеңіп алды, деп хабарлайды edunews.kz Ақпарат Агенттігі.
Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары хореограф Аслан Мұртазалиевтің жетекшілігімен «Горец» би ансамблі құрамында «Танцуй Всей Душой» халықаралық хореографиялық өнер байқауында Super гран-при, Гран-при және 1-ші орынды жеңіп алды.
Байқау еліміздің барлық халықтарының мәдениетін дамытуға, топтардың репертуарлары мен қатысушылардың орындаушылық шеберліктерінің көркемдік деңгейін көтеруге, өнердің үздік үлгілері бойынша орындаушылар мен көрермендердің эстетикалық талғамын қалыптастыруға бағытталған.
Талдықорған командасы қазылар алқасы мен көрермендерге «Заманауи стильдендірілген би» «Кавказ ырғақтары», «Горец» атты үш биін ұсынды.
Жас бишілердің шеберлікпен орындаған би өнері көрермендерді қуанышқа бөледі.
«Байқаудан бөлек, қатысушыларға ауқымды мәдени бағдарлама да ұйымдастырылды», - дейді Аслан Мұртазалиев. – Түркістанда болдық, тарихи, киелі жерлерді, жергілікті хайуанаттар бағын, дендросаябақты араладық. Байқау ұйымдастырушыларына және, әрине, балаларымызға және олардың ата-аналарына алғысымызды білдіреміз.
 Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Горец» би ансамблі бірнеше рет халықаралық, республикалық, аймақтық хореографиялық байқаулардың жеңімпазы атанды, соның ішінде Халықаралық «Dance Extravaganza» турнирлерінде «Гран-при», Талдықорған қаласында өткен Республикалық «Дала сазы» байқауында «Гран-при», Алматы қаласында өткен Республикалық «Көркем би» байқауында І орын иегері атанды. 

Дереккөз: edunews.kz Ақпарат Агенттігі
20 қараша 2021 г. 7 977 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 699 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930