» » ОҚЫТУДА ТАБЫСҚА ЖЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ОНЛАЙН-СЕМИНАР

ОҚЫТУДА ТАБЫСҚА ЖЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ОНЛАЙН-СЕМИНАР

2020 жылдың 13 мамырында  «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚ институты  «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының   ұйымдастыруымен педагог қызметінің жалпы және кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда әдіс-тәсілдерді қолдану  және тәжірибе жетілдіру мақсатымен  «Жаратылыстану- математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда табысқа жетуге  жағдай туғызу тәсілдері»  тақырыбында ZOOM online mobile онлайн режимінде семинар өткізілді.

Оn-line режимінде ұйымдастырылған іс-шараға  Шымкент қаласы мен облысымыздағы  жалпы орта білім беретін мектептердің жаратылыстану-математикалық бағыттағы (математика, информатика, биология, география және химия) пәндерінің 32 мұғалімі қатысып, мазмұны жаңартылған білім беру жағдайында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда табысқа жетуге жағдай туғызатын тәсілдердің тиімділігі  туралы талқыланды және  мазмұны жаңартылған бағдарламаны жүзеге асыруда білім сапасын арттыру үшін мұғалімдерге ақпараттық және әдістемелік сүйемелдеу көрсетілді.

          Семинар барысында қатысушылар жаратылыстану- математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда табысқа жетуге  жағдай туғызатын  тәсілдерді айқындау үшін төмендегідей тақырыптарда баяндамалар оқып, ой қозғады:

  • «Табысты оқыту –ол мұғалімнің шеберлігі мен жаңашылдығы» (Түркістан облысы, Төлеби ауданы, № 1 мектеп гимназияның математика пән мұғалімі Онгарбаева Жазира Оралбаевна. Тренер: Айдосова А.Е)
  • «ХХІ ғасырда табысты болу үшін қажетті білім мен дағдылар» (Түркістан облысы, Ордабасы ауданы Қ. Сәтбаев атындағы  жалпы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Жандарбекова Рахила Айтбекқызы. Тренер: Сугирова Б.А)
  • «Табысты  оқытудағы  мұғалімнің  рөлі» ( Түркістан облысы ,Сайрам ауданы, №83 А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің география пәні мұғалімі Молдабекова Нуржамал Ержигитовна. Тренер: Таскараева К.А.)
  • «Биология пәнін оқытуда мақсатқа жетуге  әсер ететін факторлар» (Шымкент қаласы,№7 Қ.Спатаев атындағы мектеп-лицейі биология пәні мұғалімі Сақұлқызы  Жұлдыз. Тренер: Есентуреева Г.Д.)
  • «Көру қабілеті бұзылған балаларды оқытудың қиындықтары мен артықшылықтары» (Шымкент қаласы,  Көру қабілеті бұзылған "Үміт" мектеп- интернатының химия пәні мұғалімі Сундетбаева Анар. Тренер: Жуманова Р.М)
  • «Оқытуда табысты нәтижеге жету жағдайында тиімді әдістерді пайдалану» (Түркістан облысы, Созақ ауданы, Ш.Уәлиханов  атындағы жалпы орта мектептің  математика пән мұғалімі  Нұртаева Айшагүл. Тренер: Айдосова А.Е.)

Пікір алмасу нәтижесінде қатысушылар тарапынан  «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген негізгі сауалдарға пікірталас туындап,  қазіргі таңдағы оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар, мектеп оқушыларының табысқа қол жеткізуін арттыруды, сондай-ақ инновациялық технология мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді нақтылады.  

Сонымен қатар, жаңартылған білім беру бағдарламасының принциптері мен оқу бағдарламасы, оқу жоспарының түрлері (қысқа, орта, ұзақ) туралы жан-жақты ақпарат беріліп, оқытуда табысқа жетудегі мұғалімнің рөлі мен оның кәсіби құзыреттілігі туралы кеңінен айтылды, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытудың әдістемелік  мәселелері  талқыланып, оқыту үдерісінде  SMART технологиясы бойынша білім берудің ерекшеліктері, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың негізгі сипаттамалары және  оқытуды саралау   мүмкіндіктері қарастырылды.

 Іс-шараны қорытындылай келе, қатысушылар әдістемелік іс-шара мазмұнды  әрі тәжірибелік деңгейде өткенін атап көрсетіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. 
 
 






















ТАСКАРАЕВА КАЛБИБИ АХМЕТОВНА

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ  Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ  «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы

22 мамыр 2020 г. 21 908 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 13 725 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 341 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930