» » Тарихы тағылымды білім ордасы

Тарихы тағылымды білім ордасы

      Күн санап ақпарат кеңістігі өркендей түскен заманда жас ұрпаққа сапалы білім беру мұғалімнің, ұжымның бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыс істеуін талап етеді.   Мектеп-білім айдынындағы үлкен кеме. Осы орайда ауыл мектебінің бүгінгі бет–бейнесін жаңа қырынан көрсетіп келе жатқан «№51 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарихы 2006 жылдан басталады. Қордай ауданында мектеп жасында оқитын балалар санының көбеюіне байланысты, аудан орталығында жаңа мектеп салу жөнінде мәселе көтерілген болатын. 2006 жылы шілде айының соңында аудан орталығында мемлекеттің қолдауымен бұрынғы кірпіш зауытының орнына бюджеттік құны 277 млн 911 мың 810 теңге құрайтын, 3 қабатты 844 оқушыға арналған жаңа мектептің құрылысы басталды. Салтанатты жиынды ашқан аудан әкімі Қ.Уәли және облыс әкімінің орынбасары  Қ.І.Ақсақалов оқушыларды білім күнімен құттықтады. Соңғы он бес жылдың ішінде ауданымызда алғаш рет 844 орындық 28 мыңға тарта халық тұратын аудан орталығында жетінші, ал жалпы аудан көлеміндегі 51-ші мектептің есігі айқара ашылды. Ресми түрде «№51 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі атауы берілді.

15 жылдық тарихы бар білім ордасының қазіргі уақытқа дейін жеткен жетістіктері жетерлік.

Мектеп марапаттары: 

       2008 жылы Аудандық «Ең үздік мектеп» ІІІ дәрежелі диплом.

       2016 жылы Аудандық «Үздік әдістемелік мектеп» дипломымен марапатталды.

      2017 жылы Облыстық “Ең үздік АКТ-ны пайдаланушы ауыл мектебі” атты байқауының ІІ дәрежелі жеңімпазы.

      2020 жылы Аудандық «Орта білім беретін үздік ұйым» байқауында №51 орта мектеп  ІІ орын иеленген.

Жамбыл облысының білім беру ұйымдарында жүргізілетін рейтинг нәтижесінде: 

    2019-2020 оқу жылы – даму режиміндегі мектеп.                      

    2020-2021 оқу жылы – инновация режиміндегі мектеп.

2018-2023 жылдарға арналған стратегиялық жоспарға сәйкес 6 жоба іске асырылуда:

  • Clill технологиясы: Биология және физика пәндерін  ағылшын тілімен кіріктіре оқыту.
  • НЗМ іс-тәжірибесін тарату  мақсатында оқушылар қауымдастығы «Шаңырақ» жобасы негізінде ұйымдастырылды.
  • Инклюзивті білім беру ресурстық орталығының ашылуы және жұмыс барысы.
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында  «Жас сарбаз» кадет сыныбының ашылуы.
  • Алдағы уақытта  мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаевтың жолдауына сәйкес «Оқуға құштар мектеп» жобасы  іске асырылады.
  • Дарынды оқушыларды қолдау мақсатында «Пікірсайыс саңлағы» атты дебаттық клуб жұмысын бастады.

   Ұлағатты, майталман ұстаздардың қатары: 

  Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Беккулова Айтолқын Жанетовна - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  «Құрмет Грамотасы» 2018 ж; Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталды;

   Биология пәнінің мұғалімі Қалдарбекова Ақмарал Қасымқызы - Қордай ауданының биология пәні мұғалімдерінің шығармашылық тобының мүшесі, аудандық, обылыстық, республикалық  маңызы бар мадақтамалардың иегері. №51 орта мектебінде ағылшын тілін кіріктіре оқытуды енгізген ұстаз.

   Бастауыш сынып мұғалімі Сатылганова Жанаркуль Куатовна - ІІІ «Үздік педагог-2020» Республикалық кәсіби сайысына ұсынылған жұмысы негізінде ІІ дәрежелі диплом; 

  Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шапорева Татьяна Витальевна - 9 сынып оқушыларына арналған «Простые истины» тақырыбындағы  таңдау курсының «Авторлық бағдарлама» байқауының жеңімпазы. «Абай әлеміне саяхат» атты Республикалық байқауының «Үздік ғылыми мақала» номинациясының жеңімпазы.

  Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Турысбаева Назым Турганбековна - «Республикалық  авторлық бағдарлама» байқауының аудандық кезеңінің жеңімпазы I орын.

  Тарих пәнінің мұғалімі Тынысбай Бақытгүл Арипбековна -  Тарих пәні мұғалімдері арасында өткізілген облыстық «Үздік тарих пәні мұғалімі» атты байқауында ІІ орын иегері;

  Физика пәнінің мұғалімі Писаренко Евгения Александровна – «Жаңашыл ұстаз» байқауы Алғыс хат;

  Бастауыш сынып мұғалімі Вовнейко Наталья Алексеевна - Мектепте жүзеге асқан тиімді жобалардың бірі  «Жас сарбаз» кадет сыныбының негізін қалаушысы.

  Химия пәнінің мұғалімі Рыскулова Майра Риспековна - «Химия. Методические рекомендации к оцениванию для 9 класса» тақырыбындағы  оқу - әдістемелік кітабының авторы, Авторлық бағдарлама байқауының жеңімпазы.

      Жас маман мектебінің жетістіктері:

      V республикалық «Үздік жас маман» олимпиадасының нәтижесінде «Үздік ұйым» плакеткасы және үш жас маман «Үздік жас маман» төсбелгісінің иегерлері биология пәні мұғалімі Сәрсен Жания Жоламанқызы, қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Әбдіраш Алина Сәрсенқызы, физика пәнінің мұғалімі Тлепбаева Мөлдір Маратқызы атанды.

   Осындай нәтижемен жұмыс атқарған ұлағатты ұстаздарымыз да осы күнге дейін аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі байқаулардың жеңімпаздары атанып, мектеп мәртебесін көтеруде аянбай еңбектеніп келеді.

   Биология пәнінің мұғалімі Сәрсен Жәния Жоламанқызы - «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» байқауының жеңімпазы;

   Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Әбдіраш Алина Сәрсеналықызы – «Ғасыр ақыны – Жамбыл» атты шығармашылық байқаудың жеңімпазы;

   Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Керімқұл Асланбек Асқарбекұлы – «Жаңғыру жолындағы жарқын белесім» атты жас мамандар байқауының жеңімпазы;

   Тарих пәнінің мұғалімі Аяпберген Айдар Әбдіхалықұлы – «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты педагогикалық олимпиада жеңімпазы.

Жалпы, мектеп басшысы болу үнемі ізденісті, тынымсыз еңбекқорлықты қажет етеді, оның үстіне шәкірт жүрегіне жол табумен қатар, ұжыммен тіл табысып кету үшін де адамның бойында ерекше қасиет болу керегі анық. Осы ретте ұжымды ынтымақтыққа бастай білген білікті директор Нусипбаева Кулсимхан Уркимбаевна  №51 орта мектеп басшысы болып  3 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді. Нусипбаева Кулсинхан Уркимбаевна білімі жоғары, педагогикалық еңбек өтілі – 36 жылды құрайды. Мектеп басшысы ретінде 17 жылдық тәжірибесі бар. Атқарған жұмысының  жетістіктерінің көптігін төмендегі марапаттарынан аңғарсақ болады.


2018 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтынан «Педагогикалық кеңесті тиімді ұйымдастыру және өткізу стратегиялары» тақырыбындағы педагогикалық кеңестің үздік сценарийлер облыстық байқауының «Мәртебелі Көшбасшы» номинациясының жеңімпазы, Диплом.

  2019 жылы Білім саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбегі, өзінің лауазымдық міндеттерін адал атқарғаны, ауданның қоғамдық өміріне белсене араласқаны үшін Қордай аудандық маслихаттың құрмет грамотасымен марапатталды.

  2019 жылы «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтынан Білім берудің ұлттық моделін жаңғырту жағдайында педагогикалық кадрлардың біліктілігін және кәсіби деңгейін көтеру, білім сапасын қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастыққа зор үлес қосаны үшін алғыс білдірді, алғыс хат.

   В 2019 году Благодарственное письмо за активное сотрудничество и содействие в организации ІІІ Международного форума.

  2019 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің білім саласындағы жетістігі үшін «Алғыс хат».

  2020 жылы Республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік журналында Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша "Кәдесый" атты сабақ жоспары жарияланып, «Үлгілі сабақ» мадақтамасымен марапатталды.

  2020 жылы Алматы қаласы Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық мерзімді Баспасөз басылымы, "Білім әлемі", Диплом.

  2021 ж. Диплом «Бас жүлде» Аудандық  «Табысты менеджер-2021» байқауы;

  2021ж. Диплом ІІ орын Облыстық «Табысты менеджер 2021» байқауы:

 

     Мектеп ұжымы оқытудың жаңа технологиялық әдіс – тәсілдерін пайдалану арқылы дарынды оқушыларды дер кезінде анықтап, шәкірттерді шығармашылыққа баулуды басты парыз  деп  санайды. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда мектеп ұжымының қосатын үлесі зор.

 Солтанбекова Куралай Токтарбайевна – Директордың  әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары. Еңбек өтілі – 20 жыл, аталған лауазымда 3 жыл қатарынан қызмет атқарып келеді.

   2020 жылы ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz сайты педагогтардың біліктілігін арттырып, еліміздің ең үздік білім саласы қызметкерлерін анықтау мақсатында ұйымдастырған ІІІ Республикалық «Үздік педагог» олимпиадасының ең жоғары ұпай жинағаны үшін Құрмет грамотасы және Қазақстан ұстазы төсбелгісі.

 Рыскулова Майра Риспековна- Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары.  Еңбек өтілі-15 жыл, аталған лауазымда 2 жыл қатарынан қызмет жасауда.

2020г. Диплом І степени «Лучшая вариативная учебная программа»

2020г. Диплом І место Республиканского профессионального конкурса «Лучший педагог-2020» Международный образовательный проект – PLANET SKILLS

 Байжигитова Дамира Бейсехановна- Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары. Еңбек өтілі-15 жыл, аталған лауазымда 8 жыл қатарынан қызмет атқарып келеді.

2020 жыл - «Дарын» республикалық қашықтық олимпиадасында информатика пәнінен жүлдегерлер дайындағаны үшін «Алғыс хат», (І, ІІ, ІІІ орын иегерлері);    

2020 жыл - «Мамандықтар әлемін ашамыз»   атты облыстық форумды жоғары деңгейде өткізгені үшін «Алғыс хат».

 Құсайынова Айнұр Тұрысбекқызы - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Еңбек өтілі – 20 жыл,  аталған лауазымда - 7 жыл қатарынан қызмет атқарып келеді.

2021 жылы «Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында өткен аудандық семинар-практикумда өзінің іс-тәжірибесімен бөліскені үшін мадақтама.

2021 жылы «Үш тілде білім берудің болашағы бекем, мәртебесі зор» тақырыбындағы аудандық форумға белсене қатысып, өз іс-тәжірибесімен бөліскені үшін мадақтама.

 Абдрасилова Махаббат Талғатқызы - Директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Еңбек өтілі – 13 жыл,  атқарып отырған лауазымда 9 жыл қатарынан қызмет атқарып келеді.

2019-2020 оқу жылындағы ерекше жетістігі, ел ертеңі жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында аянбай еңбек етіп, жаңартылған білім мазмұны бойынша мақаласын жоғары деңгейде дайындағаны үшін Алматы қаласы Республикалық Ғылыми-Әдістемелік Педагогикалық мерзімді баспасөз басылымы «Білім әлемі», «Диплом»;

 Абуева  Меруерт  Серікбайқызы - №51 ОМ психолог маманы. Психолог мамандығы бойынша еңбек өтілі: 20 жылды құрайды.

  Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай    Жамбыл облысының әкімі Б.Сапарбаев   «Алғыс хат»  марапаты.    Тараз қаласы -2021ж  Желтоқсан.

   Мектеп – білім тірегі, ұстаз – оның жүрегі демекші  шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру,  олардың бойына жақсы қасиеттерді дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар нұсқауда ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым ерекше тұлға ретінде дараланады. Білім нәрімен сусындатудағы,  жас буынға дұрыс бағыт-бағдар берудегі ұстаздардың еңбегі зор екенің ұмытпағанымыз жөн.



 

Байтурсынова Айдана Жалиловна, 

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы,

Қордай ауданы білім бөлімінің

«№51 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

директордың тәрбие ісі  жөніндегі орынбасары

Жамбыл облысы, Қордай ауданы

 

15 ақпан 2022 г. 9 575 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 063 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 821 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930